2026 жылдың 1 қаңтарына (өсу бойынша) жалпы - 1006 өтініш түсті (Басқармаға-620, ЕМО-290, ӘҚКО1-14, ӘҚКО2-60, ӘҚКО3-9, ӘҚКО.Қамқорлық-13). Өтініштердің жалпы санының сапалық құрамы: өтініштер – 752 (Басқарма-454, ЕМО-252, ӘҚКО1-6, ӘҚКО2-36, ӘҚКО3-4, ӘҚКО.Қамқорлық-6), шағымдар – 53 (Басқарма-30, ЕМО-15, ӘҚКО1-0, ӘҚКО2-8 ӘҚКО3-0, ӘҚКО.Қамқорлық-3), ұсыныстар – 79 (Басқарма-60, ЕМО-7, ӘҚКО1-5, ӘҚКО2-3, ӘҚКО3-4, ӘҚКО.Қамқорлық-2), өзгелері (хабарлама, сұрау салу, үн қосу) – 109 (Басқарма-76, ЕМО-16, ӘҚКО1-3, ӘҚКО2-13, ӘҚКО3-1, ӘҚКО.Қамқорлық-2).
Басқармаға тікелей келіп түскен - 315 өтініштер келесідей түрде қаралды:
әкімшілік акт қабылданды - 158 (оның ішінде қолайлы әкімшілік акт - 21, ауыр әкімшілік акт - 137); өтініш берушіге жауап берілді - 83; тоқтатылды – 22; назарға алынды - 6; басқалар - 46;
оның ішінде мәні бойынша қарау және заңды тәртіппен шешім қабылдау үшін құзыреті бойынша басқа мемлекеттік органдарға қарау үшін жолданды – 312; жұмыс сатысында - 5 өтініш.
Өтініштерін қарау мерзімі ұзартылмаған. Сонымен қатар, заңмен бекітілген негізінде мерзімдері бұза отырып қаралған және қайта бағыттау мерзімдерінде бұзушылықтар анықталған өтініштер жоқ.
Өтініш берушінің тарапынан өтініштерге жауаптарды сапасыз дайындағаны үшін «орташа» (ЖТ-2025-02033764, ЖТ-2025-01872688 Б.Т.Китаров) бағасын берген шағым анықталды.
Жеке және заңды тұлғалардың келіп түскен өтініштерінің талдау сипаты бойынша өтініштердің едәуір бөлігін әлеуметтік мәселелер бойынша хаттар мен шағымдар алатынын көрсетілді.
Осы саладағы ең көп таралған проблемалардың қатарына мүгедектігі бар адамдардың мәселелері, оларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, сондай - ақ халықты жұмыспен қамту (гранттар алу), жұмысқа орналасуға жәрдемдесу, әлеуметтік көмек көрсету мәселелері жатады.
Барлық өтініштерге заңнамада белгіленген мерзімде жауаптар берілді.
Жеке/заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау, тіркеу, есепке алу және қарау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету және есепке алу мәліметтерін «Түлғалардың өтініштерін бірыңғай есепке алу» автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне (ЕУОЛ ААЖ) толық енгізу мақсатында тұрақты негізде Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Ақтөбе облысы бойынша басқармасымен деректерді салыстырып тексеру жүргізіледі.
Басқарма ғимарат мекемесінде 1-ші қабатта азаматтардың хаттары мен өтініштерін қабылдауға арналған арнайы жәшік орнатылған.
01.01.2026 жылы өтініштер тіркелген жоқ.
Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарын орындау және «е-Өтініш» АЖ және «ЕУОЛ» ААЖ түскен өтініштерді қарау кезінде заңдылықты сақтауы үнемі басқарма басшылығының тұрақты бақылауында.