Меню

Страницы

Статья

2024 жылы жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмысы туралы ақпарат

2025 жылғы 1 қаңтарына - 490 өтініш түсті (286 - жеке және 204 - заңды тұлғалардан). Өтініштердің жалпы санының сапалық құрамы: өтініштер - 311, шағымдар - 26, ұсыныстар - 81, өзгелері (хабарлама, сұрау салу, үн қосу) - 72.

   Басқармамен - 363 келіп түскен өтініштер келесідей түрде қаралды:

әкімшілік акт қабылданды – 190 (оның ішінде қолайлы әкімшілік акт - 34, ауыр әкімшілік акт - 156); өтініш берушіге жауап берілді - 110; тоқтатылды - 24; назарға алынды - 17; басқалар - 22; оның ішінде мәні бойынша қарау және заңды тәртіппен шешім қабылдау үшін құзыреті бойынша басқа мемлекеттік органдарға қарау үшін жолданды – 126; жұмыс сатысында - 19 өтініштер.

   Өтініштерін қарау мерзімі ұзартылмаған. Сонымен қатар, заңмен бекітілген негізінде мерзімдері бұза отырып қаралған және қайта бағыттау мерзімдерінде бұзушылықтар анықталған өтініштер жоқ.

    Өтініш берушілер мен жоғары тұрған органдар тарапынан азаматтардың өтініштеріне жауаптарды сапасыз дайындау туралы шағымдар түскен жоқ.

    Жеке және заңды тұлғалардың келіп түскен өтініштерінің талдау сипаты бойынша өтініштердің едәуір бөлігін әлеуметтік мәселелер бойынша хаттар мен шағымдар алатынын көрсетілді.

    Осы саладағы ең көп таралған проблемалардың қатарына мүгедектігі бар адамдардың мәселелері, оларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, сондай - ақ халықты жұмыспен қамту (гранттар алу), жұмысқа орналасуға жәрдемдесу, әлеуметтік көмек көрсету мәселелері жатады.

«Documetolog» ААЖ арқылы 2024 жылғы 1 қаңдарға - 2 (2 - жеке, 0 - заңды тұлғалардан) өтініш келіп түсті. Барлық өтініштерге заңнамада белгіленген мерзімде жауаптар берілді.

Жеке/заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау, тіркеу, есепке алу және   қарау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету және есепке алу мәліметтерін «Тұлғалардың өтініштерін бірыңғай есепке алу» автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне (ЕУОЛ ААЖ) толық енгізу мақсатында тұрақты негізде Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Ақтөбе облысы бойынша басқармасымен деректерді салыстырып тексеру жүргізіледі.

Басқарма мекемесінде 1-ші қабатта азаматтардың хаттары мен өтініштерін қабылдауға арналған арнайы жәшік орнатылған. 01.01.2025 жылы өтініштер тіркелген жоқ.

Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарын орындау және «е-Өтініш» АЖ және «ЕУОЛ» ААЖ түскен өтініштерді қарау кезінде заңдылықты сақтауы үнемі басқарма басшылығының тұрақты бақылауында.

Дата публикации
20 января 2025
Дата обновления
20 января 2025
Тип

Сейчас читают

05 октября 2026
2026 жылғы қыркүйектегі нақтыланған бюджет
01 октября 2026
2026 жылғы 01 қазандағы жағдайы бойынша "Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" ММ бойынша шығыстардың орындалуы
Баспасөз релиздері
16 сентября 2026
2027-2029 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалар паспорттарының жобасын ашық бюджетке орналастырылғаны туралы баспасөз релизі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы