Меню

Страницы

Статья

Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдарының 2024 жылы атқарған жұмыстары туралы

ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР ОРГАНДАРЫНЫҢ

 2024 ЖЫЛЫ  АТҚАРҒАН  ЖҰМЫСТАРЫ

 Жұмыспен қамту

     Жұмыспен қамту яғни, халықтың  тұрмыс жағдайын жақсарту мен жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында облыста «ҚР еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» бағдарламасының іске асырылуы оң әсерін тигізуде.                  

   2024 жылы  халықты жұмыспен қамту мақсатында 56 555 жұмыссыз азаматтар жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылды. 

Атап айтқанда:

   -іске асырылып жатқан ұлттық жобалар шеңберінде  5 218 адам орналастырылды ;

  - жұмыс берушілер ұсынған бос жұмыс орындарына 25 458 адам;

  -"10 мың тұрғынға 100 жұмыс орны" бастамасымен 13 060 жұмысқа орналасты;

  - субсидияланатын жұмыс орындарына  11 087 адам жолданды;

  - грант және шағын несие 1 732 адамға берілді.

Әлеуметтік көмек

Құрамында  16 011  адамы бар  3 055 кедейлік шегінен төмен тұратын аз қамтылған отбасына 1 581,6  млн.теңге көлемінде  Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төленді.

Атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасыларының 1 жастан 6 жасқа дейінгі 5091 баласына                    240,3 млн.теңгеге ақшалай төлем төленді.

Тұрғын үй көмегі 228 отбасына  3,8 млн.теңгеге тағайындалды.

Жергiлiктi өкiлді органдарының шешiмдерiне сәйкес мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы қосымша әлеуметтік көмек 2024 жылы  44 022 адамға  4,9  млрд.теңгеге көрсетілді.

Мүгедектігі бар адамдармен жұмыс

       Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау - басты міндеттердің бірі. Бүгінгі таңда өңірде         30 509  мүгедектігі бар азаматтар тұрады, оның ішінде  5 376 балалар.  Анықтама: (1 топ – 3350,  2 топ –10381,  3 топ – 11402).   Әлеуметтік қызметтер порталында мүгедектігі бар адамдар қызметтің 55 түрін алуда, өткен  жылы  25 721  адамды қамту талап етіліп, оның  24 654 адамы (96%) техникалық оңалту құралдарымен және санаторлы-курорттық сауықтырумен қамтамасыз етілді.

2025 жылға  міндеттер:

- облыста 58 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтудың шараларына тарту;

- 30 мыңнан астам  жаңа  жұмыс  орындарын  ашу;

-  жұмыссыздықты 4,7% деңгейінен асырмау;

-  атаулы әлеуметтік көмекті 27,0 мың адамға көрсету;

- 20 мыңнан астам мүгедектігі бар адамдарға жеке оңалту бағдарламаларына сәйкес, оңалтудың техникалық жабдықтарымен қамтамасыз ету;

Дата публикации
15 января 2025
Дата обновления
15 января 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

05 октября 2026
2026 жылғы қыркүйектегі нақтыланған бюджет
01 октября 2026
2026 жылғы 01 қазандағы жағдайы бойынша "Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" ММ бойынша шығыстардың орындалуы
Баспасөз релиздері
16 сентября 2026
2027-2029 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалар паспорттарының жобасын ашық бюджетке орналастырылғаны туралы баспасөз релизі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы