Меню

Страницы

Статья

2025 жылға мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін Ақтөбе облысының жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 107-бабының  1-тармағының 1) тармақшасына, «Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 7 маусымдағы № 207 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде  № 32737 тіркелген) бұйрығына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулыға қосымшаға   сәйкес 2025 жылға ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін Ақтөбе облысының жұмыс орындарына квота белгіленсін.
  2. «Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны мемлекеттік және орыс тілінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялауға жолдауды қамтамасыз етсін.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  4. Осы қаулы 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

 

 

Ақтөбе облысының әкімі                                                           А. Шахаров

Дата публикации
30 сентября 2024
Дата обновления
30 сентября 2024
Тип
Тұрғындарға арналған ақпарат

Сейчас читают

05 октября 2026
2026 жылғы қыркүйектегі нақтыланған бюджет
01 октября 2026
2026 жылғы 01 қазандағы жағдайы бойынша "Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" ММ бойынша шығыстардың орындалуы
Баспасөз релиздері
16 сентября 2026
2027-2029 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалар паспорттарының жобасын ашық бюджетке орналастырылғаны туралы баспасөз релизі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы