Меню

Страницы

Статья

2023 жылға жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс туралы ақпарат

2023 жылы - 424 өтініш тіркелді (309 - жеке және 115 - заңды тұлғалардан). Өтініштердің жалпы санының сапалық құрамы: өтініштер - 255, шағымдар - 31, ұсыныстар - 71, өзгелері (хабарлама, сұрау салу, үн қосу) - 67.

Басқармамен - 287 келіп түскен өтініштер келесідей түрде қаралды:

әкімшілік акт қабылданды – 149 (оның ішінде қолайлы әкімшілік акт - 33, ауыр әкімшілік акт - 116); өтініш берушіге жауап берілді - 96; тоқтатылды - 5; назарға алынды - 19; басқалар - 18;

- оның ішінде мәні бойынша қарау және заңды тәртіппен шешім қабылдау үшін құзыреті бойынша басқа мемлекеттік органдарға қарау үшін жолданды – 132; жұмыс сатысында - 10 өтініштер.

Өтініштерін қарау мерзімі ұзартылмаған. Сонымен қатар, мерзімдері бұза отырып қаралған өтініштер жоқ, қайта бағыттау мерзімдерінде бұзушылықтар (3 жұмыс күн кешіктірмей) - 1 өтініш бойынша (ЖТ - 2023-00963236/1 Белик М.Д.) анықталды.

Өтініш берушіден оның өтінішіне «орташа» бағамен жауап дайындағаны үшін 1-өтініш бойынша (ЖТ-2023-02535907/1 Китаров Б.Т.) түсті.

Жеке және заңды тұлғалардың келіп түскен өтініштерін талдау сипаты бойынша өтініштердің едәуір бөлігі халықты жұмыспен қамтуға байланысты өтініштерді (гранттар алу), жұмысқа орналасуға жәрдемдесуді, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі мәселелерді және заңды тұлғалардың коммерциялық ұсыныстарын (51) (ақылы негізде оқыту туралы ұсыныс, әлеуметтік салада мүгедектерге арналған тауарларды таратуға жәрдем көрсету) құрайды.  

Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі арқылы 2023 жылда - 50 (13 - жеке, 37 - заңды тұлғалардан) өтініш келіп түсті.

Барлық өтініштерге заңнамада белгіленген мерзімде жауаптар берілді.

Жеке/заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау, тіркеу, есепке алу және қарау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету және есепке алу мәліметтерін «Түлғалардың өтініштерін бірыңғай есепке алу» автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне (ЕУОЛ ААЖ) толық енгізу мақсатында тұрақты негізде Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Ақтөбе облысы бойынша басқармасымен деректерді салыстырып тексеру актісі жүргізіледі.

Басқарма мекемесінде 1-ші қабатта азаматтардың хаттары мен өтініштерін қабылдауға арналған арнайы жәшік орнатылған. 2023 жылда өтініштер тіркелген жоқ.

Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарын орындау және «е-Өтініш» АЖ және «ЕУОЛ» ААЖ түскен өтініштерді қарау кезінде заңдылықты сақтауы үнемі басқарма басшылығының тұрақты бақылауында.

Дата публикации
26 января 2024
Дата обновления
26 января 2024
Тип

Сейчас читают

05 октября 2026
2026 жылғы қыркүйектегі нақтыланған бюджет
01 октября 2026
2026 жылғы 01 қазандағы жағдайы бойынша "Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" ММ бойынша шығыстардың орындалуы
Баспасөз релиздері
16 сентября 2026
2027-2029 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалар паспорттарының жобасын ашық бюджетке орналастырылғаны туралы баспасөз релизі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы