Жұмыссыздық деңгейін өсірмеу мақсатында жаңа жұмыс орындарын құру бойынша кешенді іс-шаралар жүргізіліп, 2023 жылы 35 373 жаңа жұмыс орындары құрылды, о.і тұрақты жұмыс орны 20 987 бірлік.
Облыста «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық жобасы» аясында өткен жылы 55 863 жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтушыларды жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды.
Құрамында 22 553 адамы бар 4 339 кедейлік шегінен төмен тұратын аз қамтылған отбасына Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және осы көмек алушы отбасылардың 1 жастан 6 жасқа дейінгі 7 294 баласына топтама орнына қосымша ақшалай төлем аударылды.
Жергiлiктi өкiлді органдарының шешiмдерiне сәйкес мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы қосымша әлеуметтік көмекті 41 063 адамға 2 ,8 млрд.теңгеге көрсетілді.
Мүгедектердің жеке оңалту бағдарламаларына сәйкес 2023 жылы 22 406 мүгедекке 2,6 млрд.теңгеге гигиеналық және техникалық жабдықтармен, протезді-ортопедиялық көмекпен және санаторлы-курорттық сауықтырумен қамтамасыз етілді.
Өңірде халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау шаралары жалғасуда.
2024 жылға міндеттер:
- облыста 53 мыңнан астам адамды қамту;
- 21 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын ашу;
- жұмыссыздықты 4,7% деңгейінен асырмау;
- атаулы әлеуметтік көмекті 28,1 мың адамға көрсету;
- 20,2 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға жеке оңалту бағдарламаларына сәйкес техникалық жабдықтар мен қызмет көрсетуді қамтамасыз ету.