Меню

Страницы

Статья

Қытай Халық Республикасында берілген ресми құжаттарға апостиль қою туралы ақпарат

2023 жылғы 8 наурызда Қытай Халық Республикасы 1961 жылғы 5 қазанда Гаагада жасалған Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талабын жоятын Конвенцияға (бұдан әрі – Конвенция) қосылды. Конвенция ҚХР-ға қатысты 2023 жылғы 7 қарашадан бастап күшіне енеді.

Конвенция күшіне енген сәттен бастап Қытайдың Қазақстанда пайдалану үшін беретін ресми құжаттары бұдан былай консулдық заңдастыру рәсімінен өтпейді, оның орнына қосымша сертификаттар (апостиль) берілетін болады. Сертификаттар (апостиль) оған елтаңбалы күміс түсті мөр бекітілген жапсырма түрінде ресімделеді (жапсырма және мөр форматы қоса берілген).

 Қытай СІМ-і мемлекет ішінде сертификаттар (апостиль) беру бойынша уәкілетті орган болып табылады. Қытайдың Сыртқы істер министрлігінің тапсырмасына сәйкес Қытайдың орталық үкіметіне тікелей бағынатын тиісті провинциялардан, автономиялық аудандардан және муниципалитеттерден тыс, Сыртқы Істер Министрлігі және муниципалды халық үкіметінің кейбір сыртқы істер кеңселері өздерінің әкімшілік аудандарында берілген ресми құжаттарға сертификаттар (апостиль) бере алады.

Конвенция бұрынғыдай ҚХР Гонконг Арнайы Әкімшілік Ауданы мен Макао Арнайы Әкімшілік Ауданына қолданыла береді.

Сонымен қатар, Қытай үкіметі сертификаттарды тексерудің қосымша тетігін жасады. ҚХР СІМ және жергілікті Сыртқы істер кеңселері берген қосымша сертификаттар (апостиль) арнайы сайт арқылы тексерілуі мүмкін: https://consular.mfa.gov.cn/VERIFY/.

Дата публикации
02 ноября 2023
Дата обновления
02 ноября 2023
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

05 октября 2026
2026 жылғы қыркүйектегі нақтыланған бюджет
01 октября 2026
2026 жылғы 01 қазандағы жағдайы бойынша "Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" ММ бойынша шығыстардың орындалуы
Баспасөз релиздері
16 сентября 2026
2027-2029 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалар паспорттарының жобасын ашық бюджетке орналастырылғаны туралы баспасөз релизі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы