Назар аударыңыз! Ашық НҚА
Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 107-бабының 1 тармағы 2, 3, 4-тармақшаларына, «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 17 қазандағы № 446 бұйрығына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігінің «2023 жылға ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін Ақтөбе облысының жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысының жобасы әзірленіп, Ашық НҚА және Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының сайтында талқылау үшін жарияланды.
Аталған қаулысының жобасына https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14778368
сілтемесі арқылы өтіп, ұсыныстарды және пікірлеріңізді қалдыруға болатындығы туралы хабарлаймыз.