Меню

Страницы

Статья

Ақтөбе облысының азаматтарын жұмысқа орналастыру үшін 2023 жылға квота белгілеу туралы жоба

2023 жылға ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін Ақтөбе облысының жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

  

Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 107-бабының 1 тармағы 2, 3, 4-тармақшаларына, «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 17 қазандағы  № 446 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33564 тіркелген) бұйрығына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес 2023 жылға ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін Ақтөбе облысының жұмыс орындарына квота белгіленсін.
  2. Осы қаулыға 2-қосымшаға  сәйкес 2023 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін Ақтөбе облысының жұмыс орындарына квота белгіленсін.
  3. Осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес 2023 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін Ақтөбе облысының жұмыс орындарына квота белгіленсін.
  4. «Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны мемлекеттік және орыс тілінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялауға жолдауды қамтамасыз етсін.
  5. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін қолданысқа енгізіледі.

 

 

Ақтөбе облысының әкімі                                                                                                                   А. Шахаров

Дата публикации
02 ноября 2023
Дата обновления
02 ноября 2023
Тип
Тұрғындарға арналған ақпарат

Сейчас читают

05 октября 2026
2026 жылғы қыркүйектегі нақтыланған бюджет
01 октября 2026
2026 жылғы 01 қазандағы жағдайы бойынша "Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" ММ бойынша шығыстардың орындалуы
Баспасөз релиздері
16 сентября 2026
2027-2029 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалар паспорттарының жобасын ашық бюджетке орналастырылғаны туралы баспасөз релизі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы