Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 107-бабының 2-тармағына, «Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 7 маусымдағы № 207 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32737 тіркелген) бұйрығына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2023 жылға Ақтөбе облысында мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
- «Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны мемлекеттік және орыс тілінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялауға жолдауды қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе облысының әкімі А. Шахаров