Меню

Страницы

Статья

Арнайы комиссия туралы ережесінің жобасы

Ақтөбе облысы әкімдігінің

 2023 жылғы  «__» ________

  № ____ қаулысымен бікітілді

 

Арнайы комиссия туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

  1. Осы Арнайы комиссия туралы ереже(бұдан әрі - Ереже) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау жөніндегі арнайы комиссияның мәртебесі мен өкілеттігін айқындайды.
  2. Осы Ережеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

1) арнайы комиссия (бұдан әрі - Комиссия) - мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасылардың) өтінішін қарау бойынша аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

2) уәкілетті мемлекеттік орган - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қызметін реттеуді, бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

  1. Комиссия аудан (облыстық маңызы бар қала), қаладағы аудан аумағында тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган болып табылады. Комиссия өз жұмысын ашықтық, жариялылық, алқалылық және әділдік қағидаттарында ұйымдастырады.
  2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Комиссияның қызметін бақылауды аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің әлеуметтік қорғау мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары жүзеге асырады.

2-тарау. Комиссияның міндеттері мен функциялары

  1. Комиссияның негізгі міндеті «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-3-тармағыныңнегізінде жергілікті өкілді органдар бекітетін азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелер тізбесіне сәйкес азаматтардың әлеуметтік көмекке мұқтаждығын және әлеуметтік төлемдердің мөлшерін айқындау болып табылады.
  2. Комиссияның негізгі функциясы әрбір жекелеген жағдайда әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсете отырып, осы ережеге қосымшағасәйкес нысан бойынша әлеуметтік көмек көрсету қажеттігі туралы қорытынды шығару болып табылады.

3-тарау. Комиссияның қызметін ұйымдастыру

  1. Комиссия өз қызметін өтеусіз негізде жүзеге асырады.
  2. Комиссияның құрамына жергілікті атқарушы органдардың мүдделі құрылымдық бөлімшелерінің, оның ішінде ұйымдардың және білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау уәкілетті органдарының өкілдері, құқық қорғау органдарының, қоғамдық бірлестіктердің қызметкерлері кіреді.

Комиссия төрағадан, хатшыдан және комиссия мүшелерінен тұрады.

Комиссияның жалпы құрамы жеті адамнан кем болмауға тиіс.

  1. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі орынбасары Төраға болып табылады.

Төраға Комиссияның жұмысын ұйымдастырады және Комиссияға осы Ережеде жүктелген міндеттер мен функциялардың уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді.

  1. Жергілікті уәкілетті орган - ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), қаладағы ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері Комиссияның жұмыс органы болып табылады.

Комиссия хатшысының міндеті осы бөлімнің маманына жүктеледі.

  1. Комиссия жергілікті уәкілетті органнан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды қарайды және ашық дауыс беру арқылы әлеуметтік көмек көрсетудің қажеттігі туралы шешім шығарады.
  2. Комиссияның шешімдері оның құрамы жалпы санының үштен екісі болған кезде заңды болады.
  3. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және комиссия мүшелерінің жалпы санының басым көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасының даусы шешуші болып саналады.
  4. Комиссия қабылдаған шешім қорытынды нысанында ресімделеді және осы Ереженің 12-тармағындакөрсетілген мерзімде жергілікті уәкілетті органға беріледі.

Оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшері көрсетіледі.

  1. Комиссия әлеуметтік көмек мөлшерін айқындау кезінде жергілікті өкілді органдар «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
    6-бабы 2-3-тармағынасәйкес бекітетін әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын басшылыққа алады.

 

 

Арнайы комиссия туралы

Ережеге қосымша нысан

 

Арнайы комиссияның қорытындысы

20____ ж. «____» ________ № ____

     

Арнайы комиссия өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек алуға өтініш берген адамның (отбасының) ___________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты) өтінішін және оған қоса берілген құжаттарды қарап, адамға (отбасыға) мұқтаж болуына байланысты төмендегідей себептер бойынша:

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

(қажеттілігі, қажеттілік жоқтығы) әлеуметтік көмек ұсыну туралы қорытынды шығарады.

Әлеуметтік көмек мөлшері _______ ________________ теңге.

(сомасы жазбаша)

 

Комиссия төрағасы: _____________________________________________

Комиссия мүшелері: ____________________________________________ ___________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________________________ (қолдары) (Т.А.Ә. (бар болса)

Қорытынды қоса берілген құжаттармен ____ данада 20____ ж. «____» ________ қабылданды ___________________________________________________________________

Құжаттарды қабылдаған жергілікті уәкілетті орган қызметкерінің Т.А.Ә. (бар болса), лауазымы, қолы.

 

Дата публикации
12 сентября 2023
Дата обновления
12 сентября 2023
Тип
Тұрғындарға арналған ақпарат

Сейчас читают

05 октября 2026
2026 жылғы қыркүйектегі нақтыланған бюджет
01 октября 2026
2026 жылғы 01 қазандағы жағдайы бойынша "Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" ММ бойынша шығыстардың орындалуы
Баспасөз релиздері
16 сентября 2026
2027-2029 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалар паспорттарының жобасын ашық бюджетке орналастырылғаны туралы баспасөз релизі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы