ЖОБА
Учаскелік комиссиялар туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
Осы Учаскелік комиссиялар туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) учаскелік комиссиялардың мәртебесі мен өкілеттігін айқындайды.
мансап орталығы – еңбек мобильділігі орталығының функцияларын аудандарда және облыстық маңызы бар қалада орындауды жүзеге асыратын филиалы;
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі уәкілетті орган – атаулы әлеуметтік көмек тағайындауды жүзеге асыратын ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, аудандық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы;
учаскелік комиссия (бұдан әрі – Комиссия) – атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш жасаған адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына зерттеп-қарау жүргізу үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің шешімімен құрылатын арнаулы комиссия.
Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі уәкілетті орган жергілікті өкілетті орган бекіткен Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына сәйкес әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асырады.
Комиссия әлеуметтік көмекке жүгінген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына зерттеп-қарау жүргізеді.
Комиссиялар өз жұмысын ашықтық, жариялылық, алқалылық және бейтараптық қағидаттарында ұйымдастырады.
2-тарау. Комиссиялардың міндеттері мен функциялары
1) Қағидаларға сәйкес ұсынылатын атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға немесе әлеуметтік көмек көрсетуге жүгінген адамның (отбасының) материалдық жағдайын зерттеп-қарау (бұдан әрі – зерттеп-қарау);
2) атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға жүгінген адамның (отбасының) материалдық жағдайын зерттеп-қарауға қажетті жетіспейтін мәліметтерді алу үшін тиісті органдарға сұрау жіберу;
3) атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға немесе Қағидаларға сәйкес көрсетілетін әлеуметтік көмек алуға жүгінген адамның (бұдан әрі – өтініш беруші) материалдық жағдайын тексеру актісін жасау;
4) ұсынылған құжаттардың және/немесе тексеру нәтижелерінің негізінде уәкілетті орган бекіткен өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеру нәтижелері бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждығын айқындау өлшемшарттарын ескере отырып, Қағидаларға сәйкес ұсынылатын әлеуметтік көмек немесе атаулы әлеуметтік көмек берудің қажеттілігі немесе қажеттіліктің болмауы туралы қорытынды дайындау жатады.
3-тарау. Комиссияның қызметін ұйымдастыру
Комиссия төрағадан, хатшыдан және Комиссия мүшелерінен тұрады. Комиссияның жалпы құрамы бес адамнан кем болмауы тиіс.
мансап орталығынан немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттарды алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттар және (немесе) атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер өтініш берушінің материалдық жағдайын зерттеп-қарау нәтижелері негізінде қорытынды дайындап, оны мансап орталығына немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне береді;
құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш білдірген адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акт жасайды, Қағидаларға сәйкес адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы немесе мұқтаждығының болмауы туралы қорытынды әзірлейді және оларды уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округтың әкіміне жібереді.