Жеке және заңды тұлғалардың
2022 жылға келіп түскен өтініштері туралы
ақпарат
2022 жылдың жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен барлық өтініштер саны - 320 (215 - жеке, 105 - заңды тұлғалардан). Өтініштердің жалпы санынан сапалық құрамы: өтініштер – 209, шағымдар –17, ұсыныстар – 23, басқалар (хабарламалар, сұрау, жауап) - 71.
Басқармамен - 269 келіп түскен өтініштер келесідей түрде қаралды:
әкімшілік акт қабылданды – 169 (оның ішінде қолайлы әкімшілік акт - 100, ауыр әкімшілік акт - 69);
өтініш берушіге жауап берілді - 61;
тоқтатылды - 10;
назарға алынды - 17;
басқа - 12;
онің ішінен, ведомстволық бағыныстылық бойынша басқа органдарға қарау үшін жолданды – 47 өтініш.
Өтініштерін қарау мерзімі ұзартылмаған. Сонымен қатар, заңмен бекітілген негізінде мерзімдері бұза отырып қаралған және қайта бағыттау мерзімдерінде бұзушылықтар анықталған өтініштер жоқ.
Өтініш берушілер мен жоғары тұрған органдар тарапынан азаматтардың өтініштеріне жауаптарды сапасыз дайындау туралы шағымдар түскен жоқ.
Жеке және заңды тұлғалардың келіп түскен өтініштерінің талдау сипаты бойынша өтініштердің едәуір бөлігін әлеуметтік мәселелер бойынша хаттар мен шағымдар алатынын көрсетілді. Атап айтқанда, еңбек және халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік қамсыздандыру, мүгедектерді оңалту, материалдық көмек көрсету мәселелері. Осы саладағы ең көп таралған мәселелердің қатарына халықты жұмыспен қамтуға, жұмысқа орналасуға жәрдемдесуге байланысты проблемалар жатады.
Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі арқылы 2022 жылғы 174 (78 - жеке, 96 - заңды тұлғалардан) өтініш келіп түсті.
Барлық өтініштерге заңнамада белгіленген мерзімде жауаптар берілді.
Жеке/заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау, тіркеу, есепке алу және қарау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету және есепке алу мәліметтерін «Түлғалардың өтініштерін бірыңғай есепке алу» автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне (ЕУОЛ ААЖ) толық енгізу мақсатында тұрақты негізде Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Ақтөбе облысы бойынша басқармасымен деректерді салыстырып тексеру жүргізілді.
Басқарма мекемесінде 1-ші қабатта азаматтардың хаттары мен өтініштерін қабылдауға арналған арнайы жәшік орнатылған. 2022 жылы өтініштер тіркелген жоқ.
Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарын орындау және «е-Өтініш» АЖ және «ЕУОЛ» ААЖ түскен өтініштерді қарау кезінде заңдылықты сақтауы үнемі басқарма басшылығының тұрақты бақылауында.