Меню

Страницы

Статья

Тұрмыстық зорлық — қоғам дерті

«Әйелді ұрма, сағы сынады, баланы ұрма, бағы сынады» деген ата-бабамыз әйелді де, баланы да ұрмай-соқпай-ақ ақылмен басқара білген. Сондықтан отбасы берекесін кетірмей, татулықта ұстау — есті азаматтар ескеріп жүретін жайт.
Өмір болған соң ыдыс-аяқ сылдырламайтын отбасы жоқтың қасы. Мұндайды қазақы менталитет жұртқа дабыра қылмай, отбасы-ошақ қасындағыны сыртқа шығармайтын.
Қазір отбасындағы кикілжіңнің құқық қорғау қызметкерлерінің көмегінсіз шешілетіні кемде-кем.
Тұрмыстағы зорлық-зомбылықты болдырмау мақсатында 2009 жылы «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Заң қолданысқа енді. Әрине, әйелдерге қатысты зорлықтың орын алуына ер-азаматтардың алкагольге тәуелді болуы — ең негізгі фактор. Соның салдарынан отбасылардың шаңырағы бұзылып, балалар зардап шегеді, тіпті кей жағдайларда ауыр қылмыстардың орын алуына әкеледі.
Бұл бағытта өңірде тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зәбір көргендерге арналған қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне қарасты сыйымдылығы 50 орындық «Ақтөбе қаласының тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған орталығы» КММ жұмыс істейді. Сондай-ақ 20 орындық «Мәлика» қоғамдық бірлестігі әлеуметтік-тұрмыстық, медициналық және психологиялық қызметтер көрсетеді.
Орталықтардың мәліметтеріне сәйкес мұнда жыл басынан бері тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен 33 әйел 76 баласымен жүгінген. Оның ішінде 5 адамның құжаттары рәсімделді. 11 адам жұмысқа орналастырылды, 53 адамға медициналық көмек көрсетілді, 16 бала тегін балабақшаға орналастырылды және 21 адам отбасымен қайта табысты.
Тұрмыстық қиын жағдайға тап болғандар «Ақтөбе қаласының тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған орталығы» КММ (8(771)119-51-79) мен «Мәлика» қоғамдық бірлестігінің (8(707)986-34-60) сенім телефондарына хабарласуға болады.
Қазақ халқында әйелдің орны ерекше. Ана деп құрметтеп, қарындас деп еркелетіп отырған. Ер-азаматтың тірегі, қамқоршысы болған әйелдер қамыққанда — сүйеу, тарыққанда — тіреу, қам көңілге жұбаныш бола білген. Сондықтан әр отбасында отбасының берекесі, әйел затының қамқоршысы болуға тиіс ерлердің «жұдырыққа емес», Абай атамыз айтқандай, «ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүректің» пәрменімен әрекет қылғаны абзал деп санаймыз.

Дата публикации
29 мая 2023
Дата обновления
29 мая 2023
Тип
Газет

Сейчас читают

05 октября 2026
2026 жылғы қыркүйектегі нақтыланған бюджет
01 октября 2026
2026 жылғы 01 қазандағы жағдайы бойынша "Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" ММ бойынша шығыстардың орындалуы
Баспасөз релиздері
16 сентября 2026
2027-2029 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалар паспорттарының жобасын ашық бюджетке орналастырылғаны туралы баспасөз релизі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы