Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдарының 2021 жылда атқарған жұмыстары туралы
Халықтың әл-ауқатын көтеру және жұмыссыздықты азайту – өңірдің дамуының басым бағыттарының бірі болып табылады. Жұмыспен қамту деңгейін арттырып, халықтың тұрмыс жағдайын жақсартып, жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында облыста «Еңбек» бағдарламасының іске асырылуы оң әсерін тигізуде.
Бағдарламаның негізгі мақсаты – халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту. Жұмыссыздық деңгейін өсірмеу мақсатында жаңа жұмыс орындарын құру бойынша кешенді іс-шаралар жүргізіліп, 2021 жылы 51 684 жаңа жұмыс орындары құрылды, оның 66,1% тұрақты жұмыс орны (34 139 бірлік).
«Еңбек» бағдарламасы аясында жыл басынан 56 049 жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтушыларды жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды.
Оның ішінде:
- техникалық және кәсіптік оқытуға 1 085 адам;
-қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 993 адам жіберіліп, оқуды аяқтаған 906 адамның 829 адамы жұмысқа орналасты.
- «Бастау Бизнес» жобасымен кәсіпкерлік негіздеріне 1500 адам оқытылды;
- Бизнес идеяларын іске асыруға 1 455 адамға 840,6 млн.тенгеге қайтарымсыз грант берілді, о.і жастар - 461 адам;
- Шағын несиелеу бойынша 689 жоба 4 209,3 млн.теңгеге несиелендірілді;
- жұмыс берушілердегі бос жұмыс орындарына 34 248 адам орналасты ;
- әлеуметтік жұмыс орнына 2 071 адам;
- жастар тәжірибесіне 2 515 адам;
Әлеуметтік көмек
Жыл басынан 6 131 отбасына 30 607 аз қамтылған азаматқа мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, бұл отбасының 1-6 жастағы 8 809 балаларына кепілдендірілген әлеуметтік пакет топтамасы берілді. Облыстың 705 отбасына тұрғын үй көмегі тағайындалды.
Жергілікті атқарушы органдардың ұсынысы бойынша мұқтаж азаматтардың жекеленген санаттарына, оның ішінде аз қамтылған отбасыларына өмірлік қиын жағдайда біржолғы ақшалай төлем 36 967 адамға 2 074,4 млн.теңге көлеміндегі көмек көрсетілді.
Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды әлеуметтік қолдау
Жыл басынан жеке оңалту бағдарламаларына сәйкес мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға тиесілі қызметтің 55 түрі Әлеуметтік қызметтер көрсету Порталында көрсетіліп, бүгінгі таңға 15 863 мүмкіншілігі шектеулі тұлғалар 1,8 млрд.теңгеге қызметін алды.
Мүгедектіктері бар азаматтарға арнайы әлеуметтік қызметтерді стационар жағдайында келесі мекемелермен көрсетуде:
- «№1 әлеуметтік қызметтер көрсету Орталығы» КММ (қарттар мен мүгедектерге арналған интернат – үйі), нақты қамқорлықтағы азаматтардың саны 193 адам;
- «№ 2 әлеуметтік қызметтер көрсету Орталығы» КММ (жүйке аурулар интернат - үйі), нақты қамқорлықтағы азаматтардың саны 430 ада.
2021 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында облыста алғаш рет балаларға және ересектерге оңалту орталықтары іске қосылды.
Сонымен қатар, мүмкіндіктері шектеулі азаматтарға арналған "Ten Qogam" әлеуметтік қолдау орталығы іске қосылды.
Тірек-қимыл жүйесі, есту және көру қабілеттері нашар мүгедектер үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында 1105 адамға «Инватакси» қызметі көрсетілді.
Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қолжетімді орта құру аясында әлеуметтік және көлік инфрақұрылым объектілеріне қол жеткізуде 258 нысан бейімдеуден өткізілді.
Өңірде халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау шаралары жалғасуда.