"Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" ММ
Ақтөбе облыстық мәслихатының 2022 жылғы 14 желтоқсандағы № 158
"2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы" шешіміне сәйкес
| ББӘ | Бағдарлама | Бюджеттік бағдарламаларының атауы | 2023 жылға арналған сома, мың теңге |
| 256 | 001 | "Жергілікті деңгейде жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және халық үшін әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер" | 218 282,0 |
| 256 | 002 | "Жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда), арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында, әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында қарттар мен мүгедектерге арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету" | 984 825,0 |
| 256 | 013 | "Психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда), арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында, әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында психоневрологиялық аурулармен ауыратын мүгедектер үшін арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету" | 1 071 222,0 |
| 256 | 014 | "Оңалту орталықтарында қарттарға, мүгедектерге, оның ішінде мүгедек балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету" | 81 277,0 |
| 256 | 044 | "Жергілікті деңгейде көші-қон іс-шараларын іске асыру" | 5 594,0 |
| 256 | 067 | "Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары" | 316 629,0 |
| 256 | 113 | "Төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер" | 12 219 164,0 |
| 256 | 063 | "Жастардың кәсіпкерлік бастамасына жәрдемдесу үшін бюджеттік кредиттер беру" | 935 000,0 |
256-002 "Жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда), арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында, әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында қарттар мен мүгедектерге арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету" бағдарламасының мақсаты персоналдың арнаулы әлеуметтік қызметтерді сапалы көрсетуі арқылы стационарлық үлгідегі ұйымдарда қарттардың, мүгедектердің, сондай-ақ психоневрологиялық аурулары бар балалардың өмір сүру сапасын жақсарту, сондай-ақ медициналық және материалдық-тұрмыстық қызмет көрсету деңгейін тұрақты арттыру болып табылады.
256-013 "Психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда), арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында, әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында психоневрологиялық аурулармен ауыратын мүгедектер үшін арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету" бағдарламасының мақсаты психоневрологиялық аурулары бар мүгедектерге, психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемелерде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету үшін облыс халқын әлеуметтік қорғаудың тиімді жүйесін қалыптастыру болып табылады
256-014 "Оңалту орталықтарында қарттарға, мүгедектерге, оның ішінде мүгедек балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету" бағдарламасының мақсаты Ақтөбе облысының мүгедектігі бар адамдарға білікті медициналық оңалту көмегін көрсету (қалпына келтіру лечение және медициналық оңалту) болып табылады
256-044 "Жергілікті деңгейде көші-қон іс-шараларын іске асыру" бағдарламасының мақсаты өз құзыреті шегінде жеңілдетілген тәртіппен Қазақстан Республикасының азаматтығын одан әрі оңайлатылған тәртіппен алу үшін консультациялық-заңдық және құқықтық қызметтер көрсету арқылы халықтың көші-қоны саласындағы өз құзыреті шегінде мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады
256-067 "Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары" бағдарламасының мақсаты ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың материалдық техникалық базасын қамтамасыз ету болып табылады
256-113 "Төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер" бағдарламасының мақсаты табыстарды ұлғайту және атаулы әлеуметтік көмек алушыларды жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту арқылы аз қамтылған халыққа қызмет көрсетудің тиімділігін арттыру және аз қамтылған отбасыларды кедейлік шегінен шығару, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын көрсету, облыс мүгедектерінің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту болып табылады
256-063 "Жастардың кәсіпкерлік бастамасына жәрдемдесу үшін бюджеттік кредиттер беру" бағдарламасының мақсаты жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейінің төмендеуі болып табылады