«Актөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ-нің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері туралы АНАЛИТИКАЛЫҚ АНЫҚТАМА

Ақтөбе қ.                                                                                                                                  « 2  » маусым 2025 жыл

         Актөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мемлекеттік мекемесінің қызметі бойынша Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау  ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізілді.
          Негіздеме: Актөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының 2025 жылғы 16 сәуірдегі №139 бұйрығы.
          Талдау кезеңі: 2025 жылғы қаңтар - мамыр

          Мерзімі: 2025 жылғы 1 мамырдан 1 маусымға дейін

          Талдау нысаны туралы мәліметтер:

          Басқарма халықты жұмыспен қамту, халықтың әлеуметтік қорғалуы, мүгедектерді әлеуметтік қорғау, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету, арнаулы әлеуметтік қызметтер мен жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтер саласындағы мемлекеттік саясатты қамтамасыз ету және іске асыру жөніндегі уәкілетті атқарушы орган болып табылады.
Басқарма мемлекеттік мекеме ұйымдастырушылық-құқықтық нысанында заңды тұлға болып табылады.

          Басқарманың құрылтайшылық құжаты — Актөбе облысы әкімдігінің 2016 жылғы 30 желтоқсандағы №552 қаулысымен бекітілген Ереже.
Басқарманың қызметі облыстық бюджет есебінен қаржыландырылады.

          Ережеге сәйкес басқарманың негізгі міндеттері: халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты қамтамасыз ету және іске асыру; халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік кепілдіктерді қамтамасыз ету; мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы саласындағы мемлекеттік саясатты қамтамасыз ету және іске асыру; арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру; өңірлік деңгейде әлеуметтік әріптестікті ұйымдастыру және нығайтуға жәрдемдесу; халыққа атаулы әлеуметтік көмек көрсету бойынша мемлекеттік саясатты қамтамасыз ету; сотталғандарды әлеуметтік бейімдеу және оңалту жұмыстарын ұйымдастыру; көші-қон саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.

Бірінші бағыт бойынша – салалық заңнамаға талдау жүргізілді:

Басқарма жоғарыда аталған салаларда уәкілетті атқарушы орган болып табылады және мемлекеттік мекеме нысанында заңды тұлға болып табылады.
Құрылтай құжаты — Актөбе облысы әкімдігінің 2016 жылғы 30 желтоқсандағы №552 қаулысымен бекітілген Ереже.

          Салалық заңнамаға жүргізілген талдау көрсеткендей, құқық қолдану нормалары сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтар жасауға жағдай туғызбайды.
          Басқарушылық шешімдерді әзірлеу және қабылдау процестері азаматтардың құқықтары мен занды мүдделеріне әсер етпейді.

Осылайша, басқарманың негізгі қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасауға мүмкіндік беретін нормалар мен дискрециялық өкілеттіктер, әкімшілік кедергілер немесе құқықтық олқылықтар анықталған жоқ.

          Екінші бағыт бойынша – келесі қызмет түрлеріне талдау жүргізілді:

  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
  • Мемлекеттік сатып алулар
  • Мүгедектігі бар адамдарды техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз ету
  • Мемлекеттік қызметтер көрсету
  • Жұмыспен қамту мәселелері

          Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі:

         Басқарманың жеке парақшасы бар https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-social?lang=ru). «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат» бөлімінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар туралы ақпарат орналастырылған: ішкі талдау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг, стандарт, медиа-жоспар және бейнероликтер.
         Басқарма басшысы мен оның орынбасарлары азаматтар мен заңды тұлғаларды қабылдау жүргізеді. Қабылдау кестесі жыл сайын бекітіледі және ресми сайтта орналастырылады.

         Әлеуметтік желілердегі ресми парақшалар арқылы тұрақты түрде халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау шаралары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

         Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу аясында жыл сайын «Құқықтық жалпы оқыту» жоспары әзірленеді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелі:

          Анықталған мәселе – басқарма қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша түсіндіру және оқыту іс-шараларының жеткіліксіздігі.
           Ұсыныс №1: «Құқықтық жалпы оқыту» жоспарына сәйкес түсіндіру жұмыстарын уақтылы жүргізу.   

Мемлекеттік сатып алулар:

Мемлекеттік сатып алулар туралы жоспарлар https://goszakup.gov.kz веб-порталында орналастырылады. Сатып алулар осы порталда бекітілген жоспарға сәйкес жүргізіледі. Келісімшарттар электрондық цифрлық қолтаңбамен рәсімделеді.
          Анализ жүргізілген кезеңде ҚР «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңының 6-бабында көзделген шектеулер сақталған.

          Мемлекеттік органның қызметіндегі сыбайлас жемқорлық себептері мен жағдайларын сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштер:
2025 жылғы 18 мамырдағы мемлекеттік сатып алулардың жылдық жоспарына сәйкес жалпы сомасы 39 754,9 мың теңге болатын 94 тармақ енгізілген, оның ішінде:

Сатып алу тәсілі

001

007

Барлығы

Бір көзден тікелей шарт жасасу тәсілімен

6

-

6

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен

73

7

80

Ашық конкурс

1

-

1

Электрондық дүкен

1

1

2

Алдын ала біліктілік іріктеуімен конкурс

5

-

5

Барлығы

86

8

94

2025 жылғы 18 мамырдағы жағдай бойынша 94 мемлекеттік сатып алу жүргізілді.

Бір көзден тікелей шарт жасасу арқылы жалпы сомасы 8 529,3 мың теңгеге сатып алу жүзеге асырылды, оның ішінде: 6 594,6 мың теңгеге 3 сатып алу (табиғи монополия субъектілерімен жасалған шарттар), 1 934,7 мың теңгеге 3 сатып алу – Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының  16-бабының 3-тармағының 28) тармақшасына сәйкес, біртекті тауарларды, егер осындай біртекті тауарлардың жылдық көлемі құндық мәнінде жүз еселенген айлық есептік көрсеткіштен, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді – егер олардың жылдық көлемі тиісінше бес жүз еселенген, ал аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары үшін төрт мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын болса, сатып алу негізінде жүзеге асырылды. 1 339,3 мың теңгеге ашық конкурс өткізілді. 3 562,5 мың теңгеге электрондық дүкен арқылы сатып алу жүзеге асырылды.

Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу электрондық мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізу шеңберінде жүзеге асырылады.

          Ішкі талдау жүргізу барысында Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің нормаларына сәйкес азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар (мердігерлік шарттар, ақылы қызмет көрсету шарттары және т.б.) арқылы тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді тікелей сатып алу фактілері анықталған жоқ.

          Мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру барысында тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуға қатысты аффилиирленген тұлғалардың қатысуы және бағаларды негізсіз көтеру фактілері тіркелген жоқ.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелі: Контрагентті таңдаудың ашық еместігі.

Ұсыныс №2:  Бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау және қаржыландыру бөліміне шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден сатып алуларды азайту жөніндегі шараларды күшейту тапсырылсын.

Бюджеттік өтінімге, қаржыландыру жоспарларына сәйкес, сондай-ақ мемлекеттік сатып алулар жоспарына сәйкес мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің жүргізілуін бақылау және қарамағындағы мекемелердің бюджет қаражатын игеруі бойынша тұрақты мониторинг жүргізіледі.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелі: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 тамыздағы №1210 қаулысы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары үшін жанар-жағармай материалдары мен автокөлік құралдарын ұстауға жұмсалатын шығыстардың нормаларын бекіту туралы» 2009 жылғы 9 желтоқсаннан кейін жаңартылған жоқ. Осыған байланысты автокөліктердің жаңа маркалары бойынша жанар-жағармай материалдарын тұтыну көлемін есептеуде қиындықтар туындауда. Бұл өз кезегінде дұрыс шешім қабылдауға кері әсерін тигізіп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін туындатуы мүмкін.

Аталған мәселені шешу үшін көрсетілген қаулыға автокөліктің жаңа маркаларын енгізу қажет.

Ұсыныс №3: Бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау және қаржыландыру бөліміне Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары үшін жанар-жағармай материалдары мен көлік құралдарын ұстауға жұмсалатын шығыстардың нормаларын айқындайтын нормативтік құқықтық актіні жетілдіру бойынша ұсынысты уәкілетті органға жолдау тапсырылсын.

                      Мүгедектігі бар адамдарды техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз ету.                            ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2021 жылғы қаңтар айынан бастап мүгедектігі бар адамдар мен жеткізушілер және оңалту қызметтері арасындағы өзара іс-қимылға арналған бірыңғай цифрлық алаң болып табылатын Әлеуметтік қызметтер порталын енгізді.         

          Aleumet.egov.kz порталдарының басты ерекшелігі – техникалық оңалту құралдары мен қызметтерді жеткізушілердің профильдері, рейтингі және басқа пайдаланушылардың пікірлері негізінде өзін-өзі таңдау мүмкіндігі болып табылады.            

            Әлеуметтік қызметтер порталы іске қосылған:

-әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жаңғырту және қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру;

- мүгедектігі бар тұлғалардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оңалту құралдарын өз бетінше таңдауы;

- мүгедектігі бар тұлғалардың жеткізушілерді олардың рейтингі, пікірлері, бағасы және тауарлардың сапасын ескере отырып өз бетінше таңдауы;

- мүгедектігі бар тұлғалар сатып алған тауарлар мен қызметтердің кепілдендірілген құнын жеткізушіге өтеу;

- мүгедектігі бар тұлғаларға кепілдендірілген сомадан қымбат тауарларды сатып алу мүмкіндігі.            

             Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы №14 бұйрығына сәйкес, «Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүгедектерге көрсетілетін тауарлар мен қызметтердің құнын мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен өтеу ережелерін бекіту» бойынша протездік-ортопедиялық көмек көрсету құны жеткізушіге кепілдендірілген сома шегінде өтеледі.

             Сыбайлас жемқорлық тәуекелі: Алайда қазіргі таңда кепілдендірілген сома кейбір протездік-ортопедиялық көмек түрлері бойынша кепілдендірілген соманы есептеу комиссиясы тарапынан бекітілмеген. Осыған байланысты, аталған протездік-ортопедиялық көмек түрлерін қамтамасыз ету мемлекеттік сатып алулар арқылы жүзеге асырылады.

             Сонымен қатар, кохлеарлы импланттары бар мүгедек балалар мен ересек тұлғаларға сөйлеу процессорларын сатып алу, ауыстыру және баптау қызметін қамтамасыз ету мемлекеттік сатып алулар арқылы жүзеге асырылады, себебі қазіргі уақытта Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы осы қызметті көрсетуге тіркелген жеткізушілер жоқ.

           Аталған құралдарды мемлекеттік сатып алулар арқылы сатып алу сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне әкелуі мүмкін.

           Ұсыныс №4: Мүгедектер мен ардагерлермен жұмыс бөлімшесіне кейбір протездік-ортопедиялық және техникалық құралдардың кепілдендірілген сомаларын бекіту туралы ұсынысты уәкілетті органға жолдау тапсырылсын.

           Мемлекеттік қызметтер көрсету

           Мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін Басқарманың жауапты құрылымдық бөлімшесі:

- «Шетелдік жұмыс күшін тарту үшін жұмыс берушілерге рұқсат беру және (немесе) оны ұзарту, сондай-ақ ішкі корпоративтік ауыстыруды жүзеге асыру»;          

- Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту;

           «Шетелдік немесе азаматтығы жоқ тұлғаға өзіндік еңбек етуге жарамдылығын растайтын анықтамаларды беру немесе ұзарту», сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың өзіндік еңбек етуі үшін басым салалар (қызмет түрлері) мен онда сұранысқа ие мамандықтар тізімін бекіту жұмыстары Мемлекеттік қызметтер көрсету және әлеуметтік серіктестік бөліміне жүктелген.          

           Сыбайлас жемқорлық тәуекелі: «Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) оны ұзарту» мемлекеттік қызметін көрсету процесіне жүргізілген талдау көрсеткендей, шетелдік жұмыс күшін (ШЖК) тартуға квота бөлуге өтінім беру кезінде мемлекеттік қызметшілер мен жұмыс берушілер арасында тікелей байланыс бар, бұл өз кезегінде сыбайлас жемқорлық тәуекелінің бар екенін көрсетеді.         

            Ұсыныс №5: Мемлекеттік қызметтер көрсету және әлеуметтік серіктестік бөліміне Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы №274 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу және оны облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана арасында бөлу қағидаларын» регламенттейтін шетелдік жұмыс күшін тартуға өтінім беру процесін мемлекеттік қызметтер тізіліміне енгізу туралы ұсынысты уәкілетті органға жолдау тапсырылсын.

          Жұмыспен қамту мәселелері бойынша

          Бөлімнің міндеті – Актөбе қаласы мен аудандардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері мен Еңбек ұтқырлығы орталығының жұмысын үйлестіру, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын Әлеуметтік кодекс пен одан туындайтын нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ облыста іске асырылатын мемлекеттік және салалық бағдарламаларға сәйкес жүзеге асыру. Сонымен қатар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды, жұмыссыздарды және нысаналы топтарға кіретін тұлғаларды Жұмыспен қамту бағдарламасының белсенді шараларына тарту.

          Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы №275 бұйрығымен бекітілген Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру қағидасында және субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан адамдардың жалақысын субсидиялау тәртібінде көзделген шарттың 4), 5) тармақшаларына сәйкес, тапсырыс беруші мынадай міндеттемелерді өзіне алады: субсидияланатын жұмыс орындарын қаржыландыруға бөлінген бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуына мониторинг жүргізу, әлеуметтік жұмыс орындарына және «Күміс жас» жобасы аясында жұмысқа орналасқан адамдар үшін орындаушының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салықтар мен әлеуметтік төлемдерді уақытылы төлеуіне ай сайын мониторинг жүргізу.

          Сыбайлас жемқорлық тәуекелі: Сонымен қатар, субсидияланатын жұмыс орындарын қаржыландыруға бөлінген бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуын бақылау тәртібі, мониторинг жүргізу механизмі, Актөбе облысы бойынша Еңбек ұтқырлығы орталығы бөлімдері мен Мансап орталықтарының өзара іс-қимыл тәртібі, сондай-ақ: бұзушылықтар анықталған жағдайда іс-қимыл алгоритмі, құжаттарды бөлімдер тарапынан қарау мерзімдері, мониторинг жүргізу бойынша құжаттардың үлгілері белгіленбеген. Осыған байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауы мүмкін.

          Ұсыныс №6: Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік көмек көрсету бөліміне Актөбе облысы бойынша Еңбек ұтқырлығы орталығы бөлімдері мен Мансап орталықтарының субсидияланатын жұмыс орындарын қаржыландыруға бөлінген бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуын мониторингтеу кезінде өзара іс-қимыл тәртібіне қатысты әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу жөнінде ұсынысты уәкілетті органға жолдау тапсырылсын.

Жалпы ұсынымдар:

- Басқармаға сыртқы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау барысында анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі – Жоспар) 10 жұмыс күнінен кешіктірмей әзірлеу және бекіту тапсырылсын;

  - Басқармаға ішкі талдау нәтижелері бойынша анықтаманың қол қойылған күнінен бастап 6 ай ішінде Жоспарға сәйкес ұсынымдардың орындалуын мониторинг жасау тапсырылсын.

Дата публикации
18 декабря 2025