Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту

Басқарма  этникалық қазақтарға қандас мәртебесін беру немесе ұзарту  бойынша жүйелі түрде жұмыс жасайды.

«Халықтың көшi-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі ҚР Заңының   15-бабының 6-3) тармақшасына сәйкес, этникалық қазақтарға «Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту» мемлекеттік қызметі көрсетіледі.

Қандас мәртебесін беруге өтінішті қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруді

 - шет елдердегі мекемелері (ҚР тыс жерлерде тұратын этникалық қазақтар үшін);

- «Құтты мекен» АЖ-дағы мобильді қосымша;

 - Мемлекеттік корпорация;

- «migration.enbek.kz» порталы;

- «www.egov.kz (бұдан әрі-портал) электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жүзеге асырады.

Қандас мәртебесін ұзартуға өтінішті қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруді халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган және Мемлекеттік корпорация жүзеге асырады. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.

Өтініш беруші келесі құжаттарды ұсынады:

  1. өмірбаян (еркін түрде);
  2. өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың (бар болса) қазақ немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасымен туу туралы куәліктердің, шетелдік паспорттың, азаматтығы жоқ адамның куәліктің көшірмелері, үміткерлердің ұлтын растайтын этникалық қазақтар шыққан елдің арнаулы органдарының басқа да ресми құжаттары);

* тұрғын үй мәселелерін өз бетінше шешумен және егер өтініш беруші тұрғын үйдің меншік иесі болып табылмаса, өтініш берушінің тұруына нотариалды куәландырылған келісім беру мүмкіндігімен ҚР азаматтары (ҚР жеке куәлігі) болып табылатын  «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР  Кодексінің 1-бабы 1-тармағының 29) және 36) тармақшаларына сәйкес отбасы мүшелерімен немесе туыстарымен туыстығын растай отырып, өтініш беру өңірінің аумағында тұрақты тұратын өтініш берушінің отбасымен және/немесе туыстарымен бірігу үшін;

* алдын ала еңбек шартын қоса бере отырып, тұрғын үй мәселелерін өз бетінше шешумен жұмыс берушілердің шақыруы бойынша бос жұмыс орнына жұмысқа орналасу үшін не этникалық қазақтар қатарындағы жеке кәсіпкерлер;

* ҚР жоғары оқу орындарында оқитын этникалық қазақтар оқу орнынан анықтаманы қоса береді.

Салыстырып тексеру үшін құжаттар түпнұсқада және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары (өмірбаянын қоспағанда) өтініш берушіге қайтарылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

  1. Қандас мәртебесін беру бойынша Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі - 30 жұмыс күні ішінде.
  2. Қандас мәртебесін ұзарту бойынша Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі- 5 жұмыс күні ішінде.
Дата публикации
16 января 2025