Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің есебі

       ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығы ауданның жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - ЖАО) жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтердің 3 түрін көрсетеді.

       2024 жылы Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы 726  мемлекеттік қызмет көрсетті, оның ішінде:

- қағаз түрінде-0;

- "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен– 0;

- АЖ арқылы-726.

       "Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" ММ келесі мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша уәкілетті орган болып табылады:

      -" Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру";

      - "Кандас мәртебесін беру немесе ұзарту";

      -"Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін басым салалардың (экономикалық қызмет түрлерінің) және олардағы сұранысқа ие кәсіптердің тізбесі".

Дата публикации
16 января 2025