2024 жылдың 9 айындағы ақпараты

«Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ-сі,  келесі мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша уәкілетті орган болып табылады:

- «Кандас мәртебесін беру немесе ұзарту»;

- «Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту»;

- «Өз бетінше жұмысқа орналасу үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін басым салалардың (экономикалық қызмет түрлерінің) және оларда сұранысқа ие кәсіптердің тізбесі туралы анықтамалар беру немесе ұзарту».

2024 жылдың 9 айында Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы 556 Мемлекеттік қызмет көрсетті, оның ішінде:

- «Құтты мекен» АЖ мобильді қосымшасы арқылы -67;

- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы – 10;

- «электрондық үкімет» шлюзі арқылы - 479.

 

Дата публикации
16 октября 2024