БЕКІТІЛДІ
«Ақтөбе облысының жұмыспен
қамтуды үйлестіру және әлеуметтік
бағдарламалар басқармасы» ММ басшысының
бұйрығымен 2022 жылғы 25 тамыздағы № 17
Халықты жұмыспен қамту мәселелері бөлiмiнiң
Е Р Е Ж Е С I
Халықты жұмыспен қамту мәселелері бөлімі (одан әрі - Бөлім) «Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ-нің құрылымдық бөлiмшесi болып саналады.
II.Бөлімнің негізгі міндеттері, қызметтері, құқықтары
Бөлімнің міндеті Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына және 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба, басқа да мемлекеттік және салалық бағдарламаларды жүзеге асыру мәселелері бойынша Ақтөбе қалалық және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері мен халықты жұмыспен қамту орталықтарының жұмыстарын үйлестіру болып табылады.
Жұмыспен қамту бағдарламасының белсенді нысандарына өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздарды және мақсатты топқа жататын тұлғаларды жұмылдыру.
2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба және облыста іске асырылып жатқан басқа салалық және мемлекеттік бағдарламалар аясында облыста халықты жұмыспен қамту саласында бiрыңғай мемлекеттiк саясатты жүргiзу.
Көрсетілген мiндеттердi орындау үшiн Бөлімге келесідей қызметтер жүктеледі:
1)Ақтөбе қалалық және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері мен халықты жұмыспен қамту орталықтарының жұмыстарына өнiмдi жұмыспен қамту, азаматтардың өзiн-өзi қамту және өзiн-өзi жұмыспен қамту бастамаларын қолдау, тіркелген жұмыссыздықты азайту мәселелері бойынша әдістемелік басшылық жасау;
7) Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссияның жұмысын ұйымдастыру;
17) Бөлім құзырына кіретін арыздар мен шағымдарды қарау;
18) Бөлім қызметіне қатысты мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен, басқа да салалық
министрліктермен, облыстық басқармалармен, департаменттермен,
комитеттермен, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен,
Басқармаға қарасты мекемелермен, үкіметтік емес ұйымдармен және басқа
да заңды тұлғалармен өзара iс-қимыл жасау;
19) «Құжаттардың бірыңғай электрондық архиві» ақпараттық базасында жұмысты жүзеге асыру;
20) Бөлім құзырына жататын барлық мәселелер бойынша әртүрлі ақпараттық-талдамалық және есептік құжаттарды жоғары тұрған жергілікті және республикалық
органдарға әзірлеу және ұсыну.
1) Басқарманың құрылымдық бөлімшелерінен, мемлекеттік органдардың және лауазымды тұлғалардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және басқа да материалдарды сұрату;
2) Бөлiм құзырына кiретiн мәселелер бойынша семинарлар мен мәжiлiстерге қатысу;
3) Жұмыс топтарының, комиссияның, консультативті-кеңесші органның жұмыстарына қатысу;
4) Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 22 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» № 793 Жарлығына сәйкес, белгілі болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жәйттері жөнінде Басқарма басшыларының назарына немесе құқық қорғау органдарына жеткізу.
ІІІ. Бөлім қызметін ұйымдастыру
Бөлім заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, басқа да нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес, өзінің негізгі міндеттер мен қызметтерін жүзеге асыру үшін қажетті уәкілеттілікке ие.
1) Бөлім қызметіне жалпы басшылық етеді және Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және өз қызметтерін жүзеге асырылуына дербес жауап береді;
2) Бөлім қызметінің мақсатын, міндетін және бағытын айқындайды, бөлім қызметкерлері арасында олардың біліктілік әлеуеттерін және іскерлік қасиеттерін ескеріп, міндеттерді бөледі;
3) Бөлімде іс-қағаздарының ұйымдастыру және енгізу ережесін сақтай отырып, тиісті орындалу тәртібін қамтамасыз етеді;
4) Басқарма басшыларына ұсыныстар енгізеді:
- Бөлімнің құрылымы және штаттық кестесі бойынша;
- Бөлім қызметкерлерін мадақтау және жазалау жөнінде;
Халықты жұмыспен қамту мәселелері
бөлiмiнiң басшысы Д.Урумбаев