Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты "электрондық үкімет" бірыңғай байланыс орталығының ақпараттық-анықтамалық қызметінің 1414, 8-800-080-7777 (қоңырау шалу тегін) телефоны арқылы алуға болады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген не дөрекі қызмет көрсетілген жағдайларда шағым көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша: көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына немесе тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің атына немесе порталға беріледі egov.kz
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
Шағым құзыретіне шағымда қойылған мәселелерді шешу кіретін лауазымды тұлғаға жолданады.
Шағымда көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса), пошталық мекенжайы, Байланыс телефондары (бар болса), шағым берілген күн және көрсетілетін қызметті алушының қолы көрсетіледі.
Шағым берген кезде әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне шағым жасалып отырған лауазымды тұлғалардың лауазымы, тегі және аты-жөні, жүгіну себептері мен талаптары көрсетіледі.
Шағымды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне тапсырған кезде шағымды берген мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға күні мен уақыты, шағымды қабылдаған лауазымды адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беру шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Шағымды қарау барысы туралы ақпаратты тиісті көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің лауазымды адамдарынан алуға болады.
Шағымды портал арқылы жіберген кезде шағымды қарау барысы туралы ақпарат (жеткізілгені, тіркелгені, орындалуы, қарау нәтижесі туралы белгі) көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" қолжетімді болады.
Шағымдарды қарау "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабында белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, "Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде"көзделген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады.