Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес атаулы әлеуметтік көмекке (бұдан әрі – АӘК) жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын азаматтар құқылы.
Отбасының әрбір мүшесіне АӘК мөлшері нақты облыс үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің көрсеткішіне байланысты айқындалады. АӘК тағайындау критерийі кедейлік шегі болып табылады, оның мөлшері медианалық табыстың 35 % - на немесе ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 % - на тең.
АӘК тәсілін енгізудің негізгі мақсаты аз қамтылған азаматтарға немесе отбасыларға мемлекеттік қолдаудың мынадай түрлерін қамтитын кешенді әлеуметтік көмек көрсету болып табылады:
2.жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары – оқытуға, жастар практикасына, әлеуметтік жұмыс орындарына жіберу. Сондай-ақ, өз ісін ашуға немесе бар бизнесті кеңейтуге микрокредит алу мүмкіндігі беріледі;
3.АӘК алатын отбасылар қатарынан 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға ай сайын әр балаға 1,5 АЕК мөлшерінде қосымша төлем.
АӘК тағайындау тоқсан сайын жүзеге асырылады.
АӘК тағайындалған сомасының мөлшері әрбір нақты адам (отбасы) үшін жеке, яғни жиынтық табыс пен кедейлік шегінің мөлшеріне байланысты анықталады.
АӘК 2 түрге жіктеледі : шартсыз және шартты ақшалай көмек.
Шартсыз ақшалай көмек алу үшін жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына міндетті қатысу талап етілмейді. Шартсыз ақшалай көмек өтініш берген айдан бастап ағымдағы тоқсанға тағайындалады және ай сайын төленеді.
Шартты ақшалай көмек өтініш берген айдан бастап тағайындалады және ай сайын немесе әлеуметтік келісім-шарттың қолданылу кезеңіне бірыңғай түрде төленеді.
АӘК тағайындау үшін табысы аз отбасылар (азаматтар) тұрғылықты жері бойынша Халықты жұмыспен қамту орталығына, ауылдық жерлерде – ауыл, кент, ауылдық округ әкіміне сәйкестендіру үшін өтініш пен жеке куәлік ұсынумен жүгінуге тиіс.

1. Атаулы әлеуметтік көмекті қалай алуға болады?
Ақтөбе облысында "Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау" қызметін 3 тәсілдермен алуға болады :
1) тұрғылықты жері бойынша мансап орталығына, ал ауылдық жерде – кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне өтінішпен және жеке басын куәландыратын құжатпен (Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі , Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктің тұруға ыхтиярхаты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, босқын куәлігі, қандастар куәлігі) жүгінеді.
2)"eGov.kz" порталына ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) көмегімен өтініш береді. Аталған қызмет порталда "Әлеуметтік қамтамасыз ету - Отбасыларға көмек - Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау" бөлігінде орналастырылған;
3) проактивті көрсетілетін қызмет арқылы (өтінішсіз, 1414 СМС -хабарлама түскен жағдайда, учаскелік комиссияның адамның материалдық жағдайына тексеру жүргізуге келісім бергеннен кейін) . Атаулы әлеуметтік көмек (әрі қарай- АӘК) жан басына шаққандағы орташа кірісі облыс бойынша белгіленген кедейлік шегі мөлшерінен аспайтын отбасына беріледі.
Атаулы әлеуметтік көмектің мөлшері отбасының жан басына шаққандағы орташа кіріс пен облыста белгіленген кедейлік шегі арасындағы айырма түрінде тоқсан сайын есептелінеді. Ақтөбе облысы бойынша кедейлік шегінің мөлшері Ұлттық статистика Бюросының мәліметі бойынша айқындалады.
АӘК алу үшін міндетті шарты болып табылады: - Отбасының еңбекке қабілетті азаматтары міндетті түрде жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысу (әлеуметтік жұмыс орындары, жастар тәжірибесі, қоғамдық жұмыстар, қысқа мерзімді кәсіптік оқыту, кәсіпкерлік бастамалар) қажет. АӘК алу үшін жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысу: бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдарға; күндізгі оқу нысанында оқитын оқушыларға, студенттерге; екі айдан астам ауруы бар адамдарға; үш жасқа дейінгі балаға күтім жасайтын ата-ананың біреуіне, мүгедектігі бар балаға, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға, басқа адамның көмегіне мұқтаж, сексен жастан асқан қарттарға күтімді жүзеге асыратын адамдарға; тұрақты жұмысы бар адамдарға міндетті емес.
Атаулы әлеуметтік көмек көрсету үшін бірге тұратын отбасы мүшелерінің барлығы есептеледі. АӘК тағайындау кезінде өткен тоқсандағы кірістің барлық түрі ескеріледі. АӘК тағайындаудан келесі жағдайларда бас тартылады: отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен асады немесе оған тең болса; учаскелік комиссияның материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартса; учаскелік комиссияның мұқтаждықтың жоқтығы туралы қорытындысы бойынша (отбасының материалдық жағдайын тексеру актісі бойынша); жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысудан бас тартса; алушының кінәсінан жасалған әлеуметтік келісімшартты бұзу немесе әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындамаса; көрінеу жалған мәліметтер және анық емес құжаттарды ұсынылса.