2025 жылы облыста 31 769 мүгедектігі бар адамдар, оның 5834-сі 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар тұрады. Оның ішінде: 1 топ – 3605 адам; 2 топ – 10527 адам;- 3 топ – 11 803 адам.
2020 жылдан бастап әлеуметтік қызметтер порталында мүгедектігі бар адамдар қызметтің 55 түрін алуда, 2025 жылы 28 133 адамды қамту талап етіліп, оның 27 517 адамы (98%) техникалық оңалту құралдарымен және санаторлы-курорттық сауықтырумен қамтамасыз етілді.
Жергілікті бюджет есебінен 2 082 мүгедектігі бар адамдарға «Инватакси» қызметтері көрсетілді;
12 әлеуметтік көмек бөлімдері арқылы 310 мүгедек балаларға және 1 784 жалғызілікті және мүгедектерге үйде күтім жасау жағдайында арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетілуде.
Мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік инфрақұрылымдар нысандарына кедергісіз кіруі үшін 2025 жылы 896 нысан бейімдеуден өтті.
Облыс аймағында стационар жағдайында арнайы әлеуметтік қызметтер көрсететін 4 медициналық-әлеуметтік мекемелер жұмыс жасайды:
№1 әлеуметтік қызметтер көрсету Орталығында (қарттар мен мүгедектерге арналған интернат - үйі), тұрғындар саны 230 адамды құрайды.
№ 2 әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында (жүйке аурулар интернат-үйі), тұрғындар саны 430 адамды құрайды.
- «№ 3 әлеуметтік қызметтер көрсету Орталығы» КММ (18 жасқа дейінгі жүйке аурулары бар балаларға арналған интернат–үйі), тұрғындар саны – 59 адам.
Менталды бұзушылықтары бар балаларға арналған «Қамқорлық» орталығында 100 бала қызмет алды.
1. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету үшін қайда жүгінуге болады?
Мүгедектігі бар адамдарға арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсету жеке оңалту және абилитациялау бағдарламасы (бұдан әрі – ЖОАБ) негізінде жүзеге асырылады.
Өз бетінше қызмет көрсете алмайтын, жасы ұлғайған адам арнайы әлеуметтік қызметтерді өтініш беру арқылы алады. Арнайы әлеуметтік қызметтер 1 және 2 топ мүгедектеріне, 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға, сондай-ақ жалғызбасты және қарт адамдарға көрсетіледі.
Мүгедектігі бар адам ЖОАБ негізінде Халыққа қызмет көрсету орталықтарына (ХҚКО) өтініш береді. Өтініш ХҚКО-да тіркелгеннен кейін, мүгедектігі бар адам әлеуметтік қызметтер порталында өзінің электрондық цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) арқылы арнайы әлеуметтік қызметтер жеткізушісін таңдайды. Егер қызмет алушыда интернет-ресурстарға қолжетімділік болмаса, ол жұмыспен қамту бөлімі жанындағы өзіне-өзі қызмет көрсету секторына жүгінеді.
Оңалту қызметтері:
Физиотерапия курстары, массаж, емдік дене шынықтыру, психологиялық қолдау.
Оңалтудың техникалық құралдары (ОТҚ):
Протездер, ортездер, есту аппараттары, арбалар және басқа да дербестікті арттыруға арналған құралдармен қамтамасыз ету.
Психологиялық көмек:
Мүгедектігі бар адамдар мен олардың отбасыларына арналған психологтар мен психотерапевтерден кеңес беру.
Әлеуметтік қолдау мен қызметтер:
Үйде әлеуметтік қызмет көрсету: күнделікті тұрмыстық істерді орындауға көмек, ауыр мүгедектік формалары бар адамдарға күтім жасау.
Әлеуметтік сүйемелдеу: мемлекеттік мекемелерге барғанда еріп жүру, құжаттарды ресімдеуге көмек көрсету.
Әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары: кеңес беру, уақытша тұру және қолдау көрсету.
Білім беру қызметтері:
Инклюзивті білім беру: мүгедектігі бар адамдардың жалпы білім беретін мектептерде және арнайы мекемелерде оқуына жағдай жасау.
Кәсіптік даярлау және қайта даярлау: денсаулық жағдайын ескере отырып, жаңа мамандықтарға оқыту.
Еңбек қызметтері:Жұмысқа орналастыру үшін жағдай жасау: мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс берушілерге квота қарастыру.
Кәсіптік оңалту және жұмыс орнында бейімделу бағдарламалары.
Тұрғын үй қызметтері:Қолжетімді орта қалыптастыру: тұрғын үйді мүгедектігі бар адамдардың қажеттіліктеріне бейімдеу.
Тұрғын үй беру немесе оны сатып алуға/жалға алуға арналған субсидиялар.
Қаржылық қолдау:
Ай сайынғы әлеуметтік төлемдер (жәрдемақылар): мүгедектік тобына және еңбекке қабілеттілік деңгейінің жоғалуына байланысты.
Біржолғы төлемдер: мүгедектік тағайындалған кезде немесе арнайы іс-шаралар қажет болған жағдайда.
Құқықтық қорғау және кеңес беру:
Мүгедектігі бар адамдардың құқықтары бойынша кеңес беру.
Сот органдарында және мемлекеттік мекемелерде құқықтарын қорғау.
Арнайы бағдарламалар мен жобалар:
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік интеграциялау, инфрақұрылымды дамыту (пандустар, лифтілер) бойынша бағдарламаларды іске асыру.
Мүгедектігі бар адамдардың құқықтары мен мүмкіндіктері туралы қоғамның хабардарлығын арттыруға бағытталған іс-шараларды өткізу.
Қосымша маңызды ақпарат:
Қазақстанда «Мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы» Заң және әлеуметтік қызметтерді көрсетуді реттейтін үкіметтің нормативтік құқықтық актілері қолданыста.
Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру шеңберінде арнайы мемлекеттік органдар (мысалы, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі), сондай-ақ өңірлік бөлімшелер құрылған.
Қызметтерді алу немесе құжаттарды ресімдеу үшін тұрғылықты жердегі халықты әлеуметтік қорғау орталықтарына немесе электрондық үкімет порталына (eGov.kz) жүгіну ұсынылады, мұнда кеңес алып, қажетті өтініштерді жолдауға болады.
2. Мүгедектігі бар адамдарға техникалық оңалту құралдарын, протездік-ортопедиялық көмекті, арнайы жүріп-тұру құралдарын қалай алуға болады?
Оңалтудың техникалық құралдарын (мысалы, арбалар, жүріп-тұруға арналған құралдар), протездік-ортопедиялық көмекті және арнайы қозғалыс құралдарын алу мүгедектігі бар адам үшін жеке оңалту және абилитациялау бағдарламасы (бұдан әрі – ЖОАБ) негізінде жүзеге асырылады.
Мүгедектігі бар адам ЖОАБ негізінде Халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО) арқылы өтініш береді. Өтініш ХҚКО-да тіркелгеннен кейін, мүгедектігі бар адам Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы өзінің электрондық цифрлық қолтаңбасын (ЭЦҚ) пайдалана отырып, техникалық құралдарды жеткізушіні таңдайды.
Егер қызмет алушыда интернет-ресурстарға қолжетімділік болмаса, ол жұмыспен қамту бөлімі жанындағы өзіне-өзі қызмет көрсету секторына жүгінеді.
Әлеуметтік қызметтер порталында жеткізушіні таңдағаннан кейін, мүгедектігі бар адам техникалық құралдармен қамтамасыз ету туралы шартқа қол қояды.
Техникалық құралдар Қазпошта арқылы жеткізіліп, тікелей мүгедектігі бар адамға тапсырылады. Егер техникалық құрал сәйкес келмесе немесе ақауы болса, мүгедектігі бар адам оны 14 күн ішінде жеткізушіге қайтаруға құқылы.
Еңбек жарақатын немесе жұмыс берушінің кінәсінен кәсіби ауру алған мүгедектігі бар адамдар ЖОАБ негізінде протездік-ортопедиялық көмекпен, оңалтудың техникалық құралдарымен және кресло-арбалармен қамтамасыз етіледі. Бұл қызметтер Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 937-бабына сәйкес жұмыс берушінің есебінен көрсетіледі.
Егер жұмыс беруші – жеке кәсіпкердің қызметі тоқтатылса немесе заңды тұлға таратылса, сондай-ақ ол банкрот деп танылып, сот шешімі заңды күшіне енсе, онда еңбек жарақатын немесе кәсіби ауруды жұмыс барысында алған мүгедектігі бар адамдарға протездік-ортопедиялық көмек, оңалтудың техникалық құралдары және кресло-арбалар мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен беріледі (Кодекстің 162-бабы, 5-тармағына сәйкес).
Мүгедектігі бар адамдарға берілетін оңалтудың техникалық құралдары мен кресло-арбалар:
жаңа болуы тиіс, бұрын қолданылмаған, сатуға немесе басқа адамдарға беруге жатпайды.
3. Мүгедектігі бар адамдарға санаторлық-курорттық емдеу қалай көрсетіледі?
Мүгедектігі бар адамдарға санаторлық-курорттық емдеу жеке оңалту және абилитациялау бағдарламасы (ЖОАБ) негізінде көрсетіледі. Бұл бағдарлама медициналық қорытынды мен нақты адамның қажеттіліктерін ескере отырып, пәнаралық комиссиямен әзірленеді.
Қызметті алу тәртібі:
Мүгедектігі бар адам Халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚКО) өтініш береді, келесі құжаттарды ұсына отырып:
Жеке куәлік (немесе паспорт),
Мүгедектік туралы анықтама,
Жеке оңалту және абилитациялау бағдарламасы (ЖОАБ).
Өтініш тіркелгеннен кейін, Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) көмегімен қызмет жеткізуші — лицензиясы бар санаторлық-курорттық мекеме таңдалады. Егер қызмет алушының интернетке қолжетімділігі болмаса, жұмыспен қамту бөлімі жанындағы өзіне-өзі қызмет көрсету секторына немесе әлеуметтік қызметкерлер мен қамқоршылардың көмегімен жүгінуге болады. Жеткізуші таңдалғаннан кейін, көрсетілетін қызметтердің шарттары мен көлемін реттейтін келісімшарт жасалады.
Емдеу ұзақтығы: Санаторлық-курорттық емнің стандартты ұзақтығы – 14 күн.
Қажеттілікке байланысты бұл мерзім ұзартылуы мүмкін. Қаржыландыру көзі:
Емдеуді қаржыландыру мемлекеттік бюджет есебінен жүзеге асырылады.
Алайда, еңбек жарақаты немесе кәсіби ауру нәтижесінде мүгедек болған адамдар үшін емдеу шығындарын Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексіне сәйкес жұмыс беруші өтейді.
Егер жұмыс беруші таратылған немесе банкрот деп танылған жағдайда, бұл шығындар мемлекеттік бюджет есебінен жабылады.
Мақсаты: Бұл тәртіптің мақсаты – мүгедектігі бар адамдардың денсаулығын кешенді қалпына келтіру, өмір сүру сапасын арттыру және қоғамға бейімделуін қамтамасыз ету.
4. Жеке көмекші қызметтерін қалай алуға болады?
Жеке көмекшінің қызметтерін алу мүгедектігі бар адамға жеке оңалту және абилитациялау бағдарламасы (ЖОАБ) негізінде жүзеге асырылады.
Мүгедектігі бар адам ЖОАБ негізінде Халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚКО) өтініш береді. Өтініш ХҚКО-да тіркелгеннен кейін, мүгедектігі бар адам Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы өзінің электрондық цифрлық қолтаңбасын (ЭЦҚ) пайдалана отырып, жеке көмекші қызметтерін ұсынатын ұйымды таңдайды.
Егер мүгедектігі бар адамның компьютер немесе басқа техникалық құралдары болмаса, ол жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне жүгініп, консультанттардан көмек ала алады.
Әлеуметтік қызметтер порталында қызмет жеткізушіні таңдағаннан кейін, мүгедектігі бар адам жеке көмекшінің қызметтерін ұсыну туралы келісімшартқа қол қояды.