
«Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша
|
№ п/п |
Ұсыныстар |
Іс-шара |
Аяқтау нысаны |
Орындаушылар |
Іс-шараны орындау мерзімдері |
|
1. |
Басқармаға Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 12-бабының талаптарын және анықтамада көрсетілген ұсынымдарды ескере отырып, ведомстволық бағынысты мекемелер директорларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерін жаңарту тапсырылсын |
Ведомстволық бағынысты мекемелер директорларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерін өзектендіру |
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер |
Абубакирова Г.Е. |
01.12.2026 жылға дейін |
|
2. |
Басқармаға сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қорытындысы бойынша: |
Талдау объектісі қызметкерлерінің қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар жасауы тұрғысынан құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының деректер базасына мониторинг жүргізу |
Мониторинг қорытындыларын шығару |
Абубакирова Г.Е. |
01.12.2026 жылға дейін |
|
3. |
Мүгедектігі бар адамдармен және ардагерлермен жұмыс жөніндегі бөлімге бюджет қаражаты есебінен сатып алынатын барлық техникалық оңалту құралдарын Әлеуметтік қызметтер порталына міндетті түрде орналастыруды белгілеу немесе оларды Порталдан тыс сатып алуға жол берілетін ерекше жағдайлардың толық тізбесін айқындау бөлігінде нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізу туралы ұсынысты уәкілетті органға жолдау, бұл ретте тиісті шешімдерді қабылдауды міндетті түрде құжаттамалық негіздеу және бақылауды күшейту тапсырылсын |
Жазбаша ұсыныстар |
Уәкілетті органға хат жолдау |
Жубандыкова Л.Т. |
01.12.2026 жылға дейін |
|
4. |
Жұмыспен қамту, әлеуметтік көмек көрсету және көші-қон бөліміне осы функцияны Денсаулық сақтау басқармасына беру қажеттілігі туралы ұсынысты уәкілетті органдарға жолдау |
Жазбаша ұсыныстар |
Уәкілетті органға хат жолдау |
Жубаназарова А.Б. |
01.12.2026 жылға дейін |
|
5. |
Арнайы әлеуметтік мекемелермен жұмыс және жиынтық-талдамалық ақпарат бөліміне Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 230 «Арнайы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдардың қызметі қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсынысты уәкілетті органға жолдау |
Жазбаша ұсыныстар |
Уәкілетті органға хат жолдау |
Құрманбаева Ш.Ж. |
01.12.2026 жылға дейін |