Объектінің атауы: «№2 әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ.
МӘҚ салынған күн: 1987 жыл.
Жалпы алаңы: 10600,2 кв.м.
Жоспарланған қуат: 430 орындық.
Қызметкерлердің штаттық саны: 246,5 адам.
Директор: Байгазин Кенжеғазы Жанабайұлы.
Мекен жайы: Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Астана ауданы, Жаңақоныс тұрғын алабы 383.
Қаржыландыру: 1 304,0 млн.тенге.
Қызмет түрі: «Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ-нің «№2 әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ өз қызметінде ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 26.03.2015 ж. №165 «Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен, «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 379 «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен басшылыққа алынады.
Стационарлық үлгідегі орталық созылмалы психикалық аурулардан зардап шегетін, денсаулық жағдайы бойынша басқа адамның тұрақты күтімі мен көмегіне, стационар жағдайында халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты шеңберінде медициналық, әлеуметтік және кәсіптік оңалтуға мұқтаж бірінші және екінші топтағы 18 жастан асқан мүгедектердің тұрақты тұруына арналған.
Орталық тұрғындарға стандартқа сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтердің 8 түрін ұсынады.