"Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "№1 әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі»
МСУ салынған жылы: 1972 жыл.
Жалпы ауданы: 6194,2 ш. м.
Жоспарлы қуаттылығы: 250 орын.
Қызметкерлердің штаттық саны: 174,75 адам.
Директоры: Мұханбетқали Асылбек Жүсіпқалиұлы
Мекенжайы: Ақтөбе қаласы, Алматы ауданы, Мұнайшылар көшесі, 25
Қаржыландыру: 836, 3 млн. теңге.
Қызмет түрі: "Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" ММ "№1 әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" КММ өз қызметінде ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 26.03.2015 ж. №165 "Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы" бұйрығымен, "ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 379" арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларын бекіту туралы "бұйрығымен басшылыққа алынады.
Стационарлық үлгідегі орталық Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты негізінде әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-тұрмыстық және басқа да қызметтерге мұқтаж жалғыз басты қарттар мен 18 жастан асқан бірінші және екінші топтағы мүгедектердің тұрақты немесе уақытша (үш айға дейінгі мерзімге) тұруына арналған.
Орталық қамқорлықтағыларға стандартқа сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтердің 7 түрін ұсынады.