GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Құжаттар
Әкім аппараты
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Қызметі
Онлайн қабылдау
Құжаттар
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Онлайн қабылдау
Все материалы
ТКШ және абаттандыру
22 октября 2026
«Таза Қазақстан» феномені: қазақстандықтардың үштен бірі ел тазалығы үшін бірікті

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы бүкіл ел бойынша 6,9 млн-нан астамадамды біріктірді. Бірлескен күш-жігермен 1,1 млн гектар аумақ тазартылды, 844 мың тонна қалдық жиналып, шығарылды, 1,3 млн астам ағаш отырғызылды, деп хабарлайды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі.

Жыл басынан бері 753 экологиялық іс-шара өткізілді, оған азаматтар, еріктілер, жастар, мемлекеттік органдар, бизнес және қоғамдық ұйымдар өкілдері қатысты.

Бастаманың маңызды бөлігі – ерте жастан экологиялық мәдениетті қалыптастыру. «Жасыл балабақша» жобасы аясында экологиялық бағыттағы 295 мектепке дейінгі ұйым құрылды, ал мектептерде экологиялық тәрбие бойынша 158 мыңнан астам сынып сағаты өткізілді.

Қоғамдық экологиялық бақылау белсенді дамып келеді. TazaQazBot Telegram-чат-боты арқылы санитарлық жағдай және аумақтарды абаттандыру мәселелері бойынша 59,6 мың өтінім келіп түсті.

«Таза Қазақстан» – бұл жай ғана экологиялық акциялар емес, тазалыққа, табиғатқа жауапкершілікпен қарауға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға деген ортақ ұмтылыс.

Әртүрлі
21 октября 2026
Ақтөбе өңірінде Республика күніне орай республикалық Republic Day және Bereke Fest акциялары өтіп жатыр

Республика күні қарсаңында Ақтөбе өңірінде 2026 жылғы 17 қазаннан 27 қазанға дейін қоса алғанда «Republic Day» және «Bereke Fest» республикалық акциялары өтуде. Бұл күндері тұтынушыларға түрлі тауарлардың кең таңдауы төмендетілген бағамен ұсынылады.

Мерекелік ұсыныстардың ең қызу кезеңі 21–27 қазан аралығына жоспарланған. Дәл осы күндері акциялардың негізгі бөлігі, арнайы бағалық ұсыныстар мен мерекелік жеңілдіктер болады. Сатып алушылар азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды тиімді шарттармен сатып ала алады.

Жалпыреспубликалық науқанның бастамашылары - Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі мен жергілікті атқарушы органдар.

Акцияларды өткізу ұлттық мерекеге орайластырылған және халық үшін қажетті тауарлардың қолжетімділігін арттыруға, тұтынушылық сұранысты қолдауға әрі ішкі саудаға қосымша серпін беруге бағытталған.

Отандық өндірушілердің өнімдерін өткізу мүмкіндіктерін кеңейтуге ерекше назар аударылады.
Ақтөбе өңірінде «Republic Day» және «Bereke Fest» акцияларына қатысатын сауда нысандарының толық тізімімен және олардың мекенжайларымен төменде танысуға болады.

📍 «Republic Day» және «Bereke Fest» республикалық акцияларына қатысатын сауда нысандарының тізімі

«Republic Day»
 Мекенжайы:
- «Keruen City»     ОСО                 Ақтөбе қаласы, Мәметова көшесі, 4.          
- «City Shopping Center»  СО       Ақтөбе қаласы, 12-шағын аудан, 21Л.                 
- «Нұрдәулет» сауда үйі              Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 46.
- «Мега Шығыс»   СО                    Ақтөбе қаласы, Қонаев көшесі, 208.           
- «Аққу» сауда үйі                          Ақтөбе қаласы, Ш.Уалиханов көшесі 9.
- «Aktobe Mall» ОСО               Ақтөбе қаласы, Санкибай батыр көшесі, 24Б.          
- «Сити» сауда үйі                      Ақтөбе қаласы,  Нұр Ақтөбе тұрғын алабы , 15.
- «Айман» сауда үйі                   Ақтөбе қаласы, 2-шағын аудан, 6В.                                 
- «Керемет» сауда үйі               Ақтөбе қаласы, Нокин көшесі, 40.
- «Лиза» сауда үйі                      Ақтөбе қаласы, Мичуринец көшесі, 11.

«Bereke Fest»
Мекенжайы:
- «Анвар» сауда желісі                Ақтөбе қ., Әбілқайыр хан даңғылы, 80, 49/1.
- «Дина» сауда желісі                  Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі, 13Б.
- «Назран» сауда үйі                    Алға қаласы, 5-шағын аудан.
- «Стамбул» дүкені                        Алға қаласы, Мұханбетова көшесі, 28А.
- «Мегапланета» дүкені                Бадамша ауылы, Есет батыр көшесі, 991.
- «Ар-Амир» дүкені      
Темір қаласы, Байғанин көшесі, 23А.
- «Стамбул» дүкені       
Темір қаласы, Байғанин көшесі, 16В.
- «Дина» сауда желісі       Қандыағаш қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 14Б.
- «МАДИ» дүкені        
Ақтөбе қаласы, 11-шағын аудан, 112Б.
- «Алим» дүкені       
Ақтөбе қаласы, 11-шағын аудан, 112В.
- «Жаксылык» дүкені                      Ақтөбе қаласы, Аз-Наурыз көшесі, 31А.

ТКШ және абаттандыру
20 октября 2026
Ақтөбе облысында су үнемдеу технологиялары 12,3 мың гектар жерге енгізілді

Ақтөбе облысында ирригациялық инфрақұрылымды қалпына келтіру, заманауи суару жүйелерін енгізу және суармалы егіншілікті дамыту бағытындағы жұмыстар жалғасып жатыр.

🔹 Су ресурстарын ұтымды пайдалану және суармалы жерлердің тиімділігін арттыру мәселелері облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде қаралды.

Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Асылхан Әбтиевтің мәліметінше, биыл облыстың басым бөлігінде вегетациялық кезең ауа райының қолайлы жағдайында өтті. Алайда Әйтеке би ауданында жауын-шашынның аз болуы және шілде-тамыз айларындағы аптап ыстық дәнді дақылдардың өнімділігіне әсер етті. Нәтижесінде гектарына 8,3 центнерден өнім жиналды.

💦 Ауыл шаруашылығының тұрақты дамуы үшін егіс алқаптарын суармалы сумен қамтамасыз ету маңызды. Қазіргі таңда облыста ауыл шаруашылығы мақсатындағы тұрақты суармалы жерлердің жалпы көлемі 17,7 мың гектарды құрайды. Оның басым бөлігі Қарғалы және Мәртөк аудандарында, сондай-ақ Ақтөбе қаласында орналасқан.

Вегетациялық кезеңде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің суға деген қажеттілігі өңірдегі су қоймалары мен негізгі өзендердің есебінен қамтамасыз етілді. Ауыл шаруашылығы басқармасының дерегіне сәйкес, Ақтөбе, Қарғалы және Сазды су қоймаларындағы су қоры суару жұмыстарын жүргізуге жеткілікті болған.

📍 Қарғалы су қоймасындағы су көлемі 98,9 млн текше метр, Ақтөбе су қоймасында 98,4 млн текше метр, ал Сазды су қоймасында 3,2 млн текше метрді құрады. Сонымен қатар суару үшін Елек, Қарғалы, Жем, Қобда, Ойыл, Ырғыз, Ор және Темір өзендерінің су ресурстары пайдаланылды.

Суармалы сумен қамтамасыз етумен қатар, өңірде су ресурстарын ұтымды пайдалануға және суармалы егіншіліктің тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін су үнемдеу технологияларын енгізу жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінде мұндай технологиялар 12,3 мың гектар алқапта қолданылады. Оның 11,8 мың гектарына заманауи жаңбырлатып суару жүйелері енгізілсе, 0,5 мың гектарында тамшылатып суару технологиясы пайдаланылады. Сондай-ақ шаруашылықтарда автоматтандырылған «ақылды суару» жүйелері мен жаңбырлатқыш қондырғылар қолданылады.

🔵 Заманауи технологияларды енгізуді ынталандыру мақсатында мемлекет ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің тиісті шығындарының 50-ден 80 пайызға дейінгі бөлігін өтейді. 2025 жылы осы мақсатқа 176 млн теңге инвестициялық субсидия бөлінсе, биыл бұл көрсеткіш 206 млн теңгені құрады.

📆 2019 жылдан бері өңірде «Қазсушар» бағдарламасы аясында 9,3 мың гектар суармалы жерді қамтитын ирригациялық инфрақұрылымды қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп келеді. Бүгінде Қобда, Мәртөк, Ойыл, Хромтау және ішінара Қарғалы аудандарындағы 5 мың гектар алқапта жұмыстар аяқталған. Қарғалы ауданында және Ақтөбе қаласында тағы 4,3 мың гектар жердің ирригациялық инфрақұрылымын қалпына келтіру жалғасуда.

Сонымен қатар қалпына келтірілген суармалы жерлерді ауыл шаруашылығы айналымына енгізу мәселесі өзекті болып отыр.

Осыған байланысты облыс әкімі Асхат Шахаров жергілікті атқарушы органның теңгеріміндегі ирригациялық нысандарды түгендеп, олардың техникалық жай-күйі мен пайдалануға дайындығын бағалауды Табиғи ресурстар басқармасына тапсырды.

«Барлық суармалы жердің тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етіп, қалпына келтірілген нысандардың бос тұруына жол бермеу қажет. Егер шаруашылықтар өздеріне берілген жерлерді пайдаланбаса, оларды қайтарып алып, ауыл шаруашылығымен айналысуға дайын кәсіпкерлерге беру мәселесін пысықтау керек. Ирригациялық инфрақұрылымды қалпына келтірумен ғана шектелмей, егіс алқаптарын ұлғайту және өнімділікті арттыру арқылы нақты нәтижеге қол жеткізуіміз қажет. Бұл жұмысты жүйелі түрде жүргізіп, су ресурстарын ұтымды пайдалануға және су үнемдеу технологияларын енгізуге ерекше назар аудару керек»,

– деп атап өтті Асхат Шахаров.

Өңір басшысы аудан әкімдеріне су ресурстарының пайдаланылуына талдау жүргізуді, каналдар мен ирригациялық жүйелердің техникалық жай-күйін бағалауды, анықталған кемшіліктерді жоюды және инфрақұрылымның келесі суару маусымына дайын болуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Әртүрлі
19 октября 2026
Шалқар көлі жағалауында сенбілік жұмыстары жүргізілді

17 қазан күні «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Шалқар көлі жағалауындағы саябақ аумағында сенбілік ұйымдастырылды. Тазалық шарасына аудан әкімі Қайрат Ақшолақ, аудандық бөлімдер мен мекемелердің қызметкерлері қатысып, саябақ аумағын қоқыстан тазарту, абаттандыру және айналаны ретке келтіру жұмыстарын жүргізді.

Сенбілік барысында аудан әкімі қоршаған ортаның тазалығын сақтау, қоғамдық орындарға ұқыпты қарау және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды.

«Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» акциясы – қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыруға бағытталған маңызды бастама. Тазалық бір күндік шарамен шектелмеуі тиіс. Әрбір тұрғын өзі тұратын жердің, көшесінің, қоғамдық орындардың тазалығына жауапкершілікпен қарауы қажет. Шалқар көлі жағалауы – тұрғындар мен қонақтардың демалып, бос уақытын өткізетін маңызды орындардың бірі. Сондықтан оның тазалығын сақтау – баршамызға ортақ міндет. Таза әрі жайлы орта қалыптастыру әрқайсымыздың күнделікті мәдениетімізге айналуы керек»,

– деді аудан әкімі. Айта кетейік, қазіргі таңда Шалқар ауданы аумағында санитарлық тазалықты қамтамасыз ету, елді мекендерді абаттандыру және қоршаған ортаны күтіп ұстауға бағытталған екі айлық сенбілік жұмыстары жалғасуда.

Аудан әкімдігі тұрғындарды тазалық шараларына белсенді қатысып, туған өлкенің көркеюіне өз үлестерін қосуға шақырады.

Әртүрлі
16 октября 2026
ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУ

15 қазан күні Шалқар ауданының әкімі Қайрат Ақшолақ пен Шалқар қаласының әкімі Қорғанбек Исаев №4 мектепке қарасты мөлтек аудан тұрғындарымен кездесті.

Кездесу барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылымды дамыту, абаттандыру жұмыстары және алдағы жоспарлар талқыланды.

Тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Қойылған сұрақтарға жауап беріліп, айтылған ұсыныстар назарға алынды.

Кездесу Instagram парақшамызда тікелей эфир арқылы көрсетілді.

#Шалқар #ХалықпенКездесу #АшықДиалог #ШалқарАуданы

ТКШ және абаттандыру
16 октября 2026
Ақтөбе облысында 2026–2027 жылдардың қысқы кезеңіне республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын дайындау жұмыстары жалғасуда

Өңірдегі республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 1 875 шақырым, оның 262 шақырымында реконструкция жұмыстары жүргізілуде. Қалған 1 613 шақырым жолды күтіп-ұстауды «ҚАЖсервис» ЖШС Ақтөбе облыстық филиалының алты жол пайдалану бөлімшесі мен тоғыз пункті қамтамасыз етеді. Филиалда 375 қызметкер жұмыс істейді.

Қыс мезгілінде жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін арнайы техниканың 126 бірлігі дайындалды. Олардың қатарында роторлы қар тазалағыштар, автогрейдерлер, тракторлар, тиегіштер, бульдозерлер, экскаваторлар және аралас жол машиналары бар.

Сондай-ақ автомобиль жолдарының бойында 99 жатын орны бар 15 жылыту пункті қарастырылған. Қысқы кезеңге дайындық аясында құм, тұз және көмір қоры жасақталып, қардан қорғайтын қалқандар мен «Тайғақ жол» ескерту белгілері дайындалуда.

Қабылданып жатқан шаралар қысқы қолайсыз ауа райы жағдайында көлік қозғалысының үздіксіздігін қамтамасыз етуге және жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін сақтауға бағытталған.

Құрылыс
15 октября 2026
Ақтөбе облысында тағы бір ауқымды құрылыс: 5000 көрерменге арналған әмбебап спорт кешенінің құрылысы басталды

Комплекс строится в формирующемся социально-деловом центре города «Алтын Орда».

Новая арена станет площадкой для проведения крупных соревнований, тренировок и массовых мероприятий. С ходом подготовительных работ на объекте ознакомился аким области Асхат Шахаров.

Проект предусматривает создание современного спортивного пространства, где смогут заниматься как профессиональные спортсмены, так и любители активного образа жизни. В состав комплекса войдут центральная спортивная арена на 5 тысяч зрителей, 50-метровый плавательный бассейн, залы для спортивной и художественной гимнастики, баскетбола и волейбола. Также предусмотрены тренажерный зал и помещения для занятий йогой и пилатесом.

Общая площадь здания превысит 31 тысячу квадратных метров. Комплекс разместится на территории площадью 6,1 гектара. Здесь создадут условия для проведения соревнований различного уровня, а также для регулярных тренировок по нескольким спортивным направлениям.

«По поручению Главы государства в стране ведется работа по развитию спортивной инфраструктуры и созданию условий для занятий физической культурой и спортом. Строительство таких объектов позволит привлечь больше людей к активному образу жизни, поддержать профессиональных спортсменов и проводить соревнования различного уровня. Важно, чтобы комплекс был построен качественно и в установленные сроки», - отметил Асхат Шахаров.

На площадке уже завершены работы по ограждению территории, снятию плодородного слоя почвы и разработке котлована. Сейчас специалисты проводят геодезические работы и готовят арматуру для устройства фундаментной плиты.

Кәсіпкерлік және өнеркәсіп
15 октября 2026
Шалқарлық кәсіпкер жылыжай кәсібін дөңгелетіп отыр

Ақтөбе облысы Шалқар ауданының Мөңке би ауылында «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 12 жоба қолдау тапты. Соның бірі - Динара Кенжалинаның жылыжай шаруашылығы.

Халқы 1061 адамды құрайтын Мөңке би ауылында кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған бастамалар жүзеге асырылып келеді. Мемлекеттік қолдаудың арқасында ауыл тұрғындары өз кәсібін бастап, жергілікті өндірісті дамытуға мүмкіндік алуда.

Динара Кенжалина 2023 жылы «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы 7 миллион теңге көлемінде жеңілдетілген несие алып, жылыжай шаруашылығына кіріскен. Қазір ол қияр мен қызанақ өсіріп, өнімін Шалқар қаласындағы көтерме сауда орындары және ауылдық елді мекендердегі дүкендерге жеткізіп отыр.

Биыл жылыжайдан қияр мол жиналыпты, тұтынушылар тарапынан сұранысқа ие.

Мөңке би ауылында «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша қолдау тапқан 12 жоба тұрғындардың кәсіпкерлік бастамаларын жүзеге асыруға жол ашты. Бұл - ауылдағы экономикалық белсенділікті арттыруға және жергілікті өндірісті дамытуға бағытталған жұмыстардың жалғасы. ‎

Тарих және мәдениет
14 октября 2026
Ақтөбе облысының креаторлары Астанадағы жәрмеңкеде 24 млн теңгеге жуық өнімді сатты

Астанадағы Qazaq Creative Hub орталығында Creative Aimaq республикалық жобасы аясында ұйымдастырылған «Aqtobe Creative Days» екі күндік жәрмеңкесі аяқталды.

Ақтөбе облысынан келген креативті индустрияның 100-ге жуық өкілі 22 бағыт бойынша өз жобаларын ұсынды. Көпшілік дизайнерлік киімдер, әшекейлер, былғарыдан, ағаштан, сүйек пен киізден жасалған бұйымдар, ұлттық нақыштағы аксессуарлар мен кәдесыйларды сатып алды.

Мәдени бағдарлама аясында «Aqtobe Design» сән көрсетілімі, «Алақай» қуыршақ театрының «Жыл мезгілдері» инклюзивті қойылымы, Ақтөбе туралы анимациялық фильмнің таныстырылымы, композитор Серік Закарияның шығармашылық кеші, «SherTer» және «Жеребе life» жобаларының концерттері өтті.

Сондай-ақ Димаш Құдайбергеннің өнер жолы мен халықаралық деңгейдегі жетістіктеріне арналған арнайы көрме ұйымдастырылды. Book Market кітап алаңында ақтөбелік қаламгерлердің шығармалары таныстырылды. Бұдан бөлек, зергерлік өнер, киіз басу, тері және ағаш өңдеу бойынша шеберлік сабақтары өткізілді.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, екі күнде жәрмеңкеге 9 500 адам барды, жалпы 23 млн 850 мың теңгеге өнім сатылды.

Creative Aimaq жобасы өңірлердегі креативті индустрияларды қолдауды, отандық брендтерді танытуды және шығармашылық кәсіпкерлікті дамытуды көздейді.

Әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту
09 октября 2026
Инвестициялар туралы келісім: Ақтөбеде шыны ыдыс шығаратын зауыт салынады

Үкімет Мемлекет басшысының өңдеу өнеркәсібіне инвестициялар тарту мен импортты алмастыру және локализациялауды арттыру жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Ақтөбе қаласында Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен Aktobe Steklo ЖШС арасында шыны ыдыстар өндіретін зауыт салу бойынша инвестициялар туралы келісімге қол қоюды мақұлдады.

Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.

Кәсіпорын құрылысын 2026 жылдың IV тоқсанында бастау, ал оны пайдалануға беру 2029 жылға жоспарланып отыр. Инвестициялардың жалпы көлемі 60 млрд теңгені, жобалық қуаттылығы – жылына 256 млн бірлік шыны ыдыс өндіруді құрайды.

Қазіргі уақытта Ақтөбе облысында шыныдан жасалған өнімнің өзіндік өндірісі жоқ. Жаңа зауыт отандық шыны ыдыстың өндірісін ұлғайтуға және оның ішкі нарықтағы ұсынысын кеңейтуге мүмкіндік береді. Кәсіпорын өнімдерінің 80%-на дейін Қазақстанда сату, қалған бөлігін Орталық Азия елдерінің нарықтарына шығару жоспарлануда.

Өндіріс шикізатты сұрыптаудың, технологиялық үдерістерді басқарудың және сапаны бақылаудың заманауи автоматтандырылған жүйелерімен жарақтандырылатын болады. Өнімді шығару кезінде отандық табиғи минералды шикізатты, сондай-ақ қазақстандық өндірушілердің тауарларын, жұмыстары мен қызметтерін пайдалану жоспарлануда.

Жоба сонымен қатар қайталама шикізатты пайдалануды біртіндеп арттыруды көздейді. Жобаны қаржыландыру кезеңінде оларды өндірісте қайта пайдалана отырып, 245 мың тоннадан астам шыны қалдықтарын қайта өңдеу жоспарлануда.

Жоба аясында 300-ге жуық тұрақты жұмыс орны ашылады. Қазақстандық мамандар үшін үздіксіз оқыту және біліктілікті арттыру көзделген.

Кәсіпорынның іске қосылуы тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі тарапынан қосымша сұраныс туғызады: отандық шыны ыдыстың ұсынысын ұлғайту жеткізу мерзімдерін қысқартуға және аралас салалардағы кәсіпорындарды жабдықтаудың тұрақтылығын арттыруға мүмкіндік береді. Қайталама ресурстар секторы да дамиды – ең алдымен, шыны сынықтарын жинау, сұрыптау және кейіннен оларды қайта өңдеп, өндірісте қайта пайдалану үшін шоғырландыру бағытында жұмыс жүргізіледі.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы