Меню

Страницы

Статья

Ұлы Борсық КМК объектілерін аралау бойынша баспасөз турына Пресс-релизі

«Ұлы Борсық» КМК объектілерін аралау

бойынша баспасөз турына

 

Пресс-релизі

 

 

Ақтөбе қ.                                                                                            2022 жылғы 8 қыркүйек

2022 жылғы 8 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті инвестициялық міндеттемелер мен жөндеу жұмыстарының жоспарына сәйкес нысандарды жаңғырту және реконструкциялау барысымен танысу мақсатында «Ұлы Борсық» КМК-ның нысандарына бару арқылы баспасөз-турын өткізді.

Баспасөз турына «Шалқар аудандық сәулет, құрлыс тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-нің бас маманы Симбетов Медет Женсикбайұлы, «Шалқар» газетінің тілшісі Дәнекеров Мирлан Дәулетұлы және басқа да мүдделі тұлғалар қатысты.

 

«Ұлы Борсық» КМК-ны Шалқар ауданында реттеліп көрсетілетін сумен жабдықтау, су бұру және жылумен жабдықтау қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектісі болып табылады.

 

Өз кезегінде, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті «Ұлы Борсық» КМК-на жалпы сомасы 74 953,43 мың теңгеге 2021-2026 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламасын бекітті. Инвестициялық бағдарламаға сәйкес 2022 жылға 16 886,27 мың теңгеге іс-шаралар қарастырылған, оның ішінде жылумен жабдықтау бойынша – 3 977,84 мың теңге, сумен жабдықтау бойынша – 9 922,10 мың теңге, су бұру қызметі бойынша – 2 986,33 мың теңге.

 

Сумен жабдықтау қызметіне инвестициялық бағдарлама 2022 жылы 9 922,10 мың теңге көлемінде, «Ұлпан» ст. мен 66 рзд. аралығындағы (14,5-17 км) ұзындығы 2500 м болатын су жүйесін ауыстыру жоспарланған.

 

2022 жылға су бұру қызметі бойынша 2 986,33 Шалқар қаласында орналасқан №1 ақаба су айдау ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған.

 

2022 жылға жылумен жабдықтау қызметі бойынша сомасы 3 977,84 мың теңге көлемінде, Шалқар қала әкімдігінің жылу қазандығын күрделі жөндеу бойынша инвестициялық бағдарлама жоспарланып отыр.

 

Барлық жүргізілген жұмыстар кәсіпорынның тұрақты жұмысына және көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға ықпал етті.

 

Бүгінгі күні инвестициялық бағдарламалар бойынша жоспарланған жұмыстарды орындау арқылы келесідей нәтижелерге қол жеткізілді:

  1. Инвестициялық бағдарламаны іске асыру кезеңінде сумен жабдықтау қызметі бойынша техникалық ысыраптар 12,83%-дан 12,78%-ға, жылу энергиясы бойынша техникалық ысыраптардың 18,2%-дан 18,1%-ға азаюына, авариялық жағдайларды сумен жабдықтау қызметі бойынша 0,0 При этом следует отметить78%-ға және су бұру қызметі бойынша 0,51%-ға азайды;
  2. Тұтынушыларға үздіксіз және сапалы қызмет көрсетуге;
  3. Тозу деңгейінің азаюына;

 

            Бұл ретте, «Ұлы Борсық» КМК коммуналдық қызметтерінің тұтынушылары Шалқар қаласы, Бозой, Бегімбет, Аққайтым, Байқадам, Тоғыз, Шілікті, Шетырғыз, Тұмалы, Қарашоқат, Қопатай, Қотыртас, Ұлпан, Бершүгір, Сарысай, Мөңке би ауылдарының тұрғындары екендігін айта кету қажет.

Дата публикации
08 сентября 2022
Дата обновления
08 сентября 2022
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
16 октября 2026
Бейнероликтер (мәслихаттар сайлауы 2026 жыл)
Пайдалы ақпарат
16 октября 2026
Аудиороликтер (2026 жыл мәслихаттар сайлауы)
Пайдалы ақпарат
16 октября 2026
Инфографикалар (2026 жыл маслихаттар сайлауы)

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы