Қауылжыр ауылдық округінің Қайдауыл елді мекенінің көшесін қайта атау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4) тармағына сәйкес, тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2020 жылғы 22 қазандағы №2 қорытындысы негізінде, Қауылжыр ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қауылжыр ауылдық округінің Қайдауыл елді мекенінің «Татыр» көшесі «Әлихан Бөкейханов» көшесі болып қайта аталсын.
2. «Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Қауылжыр ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Шалқар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қауылжыр ауылдық округінің әкмімі Т.Ш.Балымов