Кішіқұм ауылдық округі әкімінің «Кішіқұм ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 20 қарашадағы №5 «Елді мекендерге көше атауын беру туралы» шешіміне толықтырумен өзгеріс енгізу туралы» шешім жобасына
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4) тармағына сәйкес, тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2020 жылғы 22 қазандағы №2 қорытындысына және Ақтөбе облысы әкімдігінің 2013 жылғы 11 желтоқсандағы №396 және Ақтөбе облыстық мәслихатының 2013 жылғы 11 желтоқсандағы №173 «Ақтөбе облысының бірқатар елді мекендерін тарату туралы», нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3719 болып тіркелген бірлескен қаулысы және шешімі негізінде Кішіқұм ауылдық округі әкімінің шешім жобасы әзірленді.
Кішіқұм ауылдық округінің «Кішіқұм ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 20 қарашадағы №5 «Елді мекендерге көше атауын беру туралы» шешіміне толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы» шешім жобасы www.shalkar.aktobe.gov.kz сайтында 17.11.2020 жылы, e-gov.ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында 17.11.2020жылы орналастырылды.