Меню

Страницы

Статья

Шалқар аудандық ауруханасы

Шалқар ауданы тұрғындарына ШЖҚ "Шалқар аудандық ауруханасы" МКК 75 керует орнымен, тәулігіне 250 адам қабылдайтын аудандық емханасымен, 7 дәрігерлік амбулатория, 3 фельдшерлік – акушерлік пункт, 19 медициналық пункт медициналық көмек көрсетеді. Және 72 керуеттік күндізгі стационар (26 керует емхана жанынан, 4 керует тәулік бойы стационар жанынан, 42 керует дәрігерлік амбулаторияларда) медициналық көмек көрсетеді.

Аурухана құрамына Бозой ДА, Айшуақ ДА, Аққайтым ДА, Тоғыз  ДА, Қауылжыр ДА, Ақтоғай ДА, Жылтыр ДА кіреді және халыққа қызмет етеді.

Аурухана  міндеті:

Халыққа диагностика мен емдеудің қазіргі кездегі әдістерін қолдана отырып, сапалы және мамандандырылған медициналық көмек көрсету; көрсетілетін медициналық қызметтерді жоғарғы сапамен қамтамасыздандыру; кадрлық стратегия, кәсіпорынның беделі мен корпоративті мәдениетті қалыптастыру жолымен қызметкерлерді даярлау.

ШЖҚ «Шалқар аудандық ауруханасы» МКК келесі қызметтерді көрсетеді:

Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне (ТМККК) :

Стационарлық медициналық көмек (жалпы терапия, педиатрия, хирургия, инфекциялық, акушерлік және гинекология); Жедел медициналық көмек; Күндізгі стационарда және үйдегі стационарда алғашқы медико-саниитарлық көмек; Алғашқы медико-санитарлық көмек учаскелік терапевт, педиатр, акушер-гинеколог, жалпы тәжірибедегі дәрігер, медбике (учаскелік және жалпы тәжірибедегі), акушерлермен көрсетіледі; Мамандандырылған медициналық көмек салалық мамандар (эндокринолог, невропатолог, психиатр, жұқпалы ауру дәрігері, хирург, травматолог, отоларинголог, офтальмолог, фтизиатр, нарколог, стоматолог); Клинико-диагностикалық зертхана жұмыс істейді, құрамыда білікті дәрігер мен зертханашылар жұмыс атқарады; Ультрадыбыстық, рентгенологиялық, флюорографиялық диагностика жасау үшін заманауи жабдықтармен жасақталған. Электрокардиография жүргізіледі; Қалпына келтіру емі, физиотерапевт кабинеті физиотерапевттік емдеу (электрофорез, УВЧ, ультрадыбыстық ингалятор, небулайзер, УФО,) жабдықталған.

Дата публикации
18 ноября 2020
Дата обновления
18 ноября 2020
Тип
Бағыттар

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
16 октября 2026
Бейнероликтер (мәслихаттар сайлауы 2026 жыл)
Пайдалы ақпарат
16 октября 2026
Аудиороликтер (2026 жыл мәслихаттар сайлауы)
Пайдалы ақпарат
16 октября 2026
Инфографикалар (2026 жыл маслихаттар сайлауы)

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы