Меню

Страницы

Статья

"DMS Services" ЖШС объектісі бойынша көзделіп отырған қызмет туралы өтініштің ХАТТАМАСЫ-"12.09.2022 жылғы №5102-УВС келісімшартына сәйкес Арал-4 Жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді іздеу бойынша барлау жұмыстарының жобасына толықтыру"

«DMS Services» ЖШС-ның – «12.09.2022 жылғы №5102-УВС келісімшартына сәйкес Арал-4 Жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді іздеу бойынша барлау жұмыстарының жобасына қосымша» көзделіп отырған қызметі туралы өтініші бойынша ұсыныстар мен ескертулердің жиынтық кестесі

 

Хаттама

Жиынтық кесте жасалған күні: 24.07.2026 ж.                  

Жиынтық кесте жасалған орын: Ақтөбе облысы бойынша ЭД Экологиялық реттеу және бақылау комитеті ҚР ЭТРМ

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның атауы: Ақтөбе облысы бойынша ЭД Экологиялық реттеу және бақылау комитеті ҚР ЭТРМ

Мүдделі мемлекеттік органдардың ескертулері мен ұсыныстарын жинау туралы хабарланған күн: 13.07.2026 ж.

Мүдделі мемлекеттік органдардың ескертулері мен ұсыныстарын беру мерзімі: 13.07.2026-24.07.2026 жж.

 

Мүдделі мемлекеттік органдардың ескертулері мен ұсыныстарын жинақтау:

№

Мүдделі мемлекеттік орган

Ескерту мен ұсыныстар

Ескерту немесе ұсыныс қалай ескерілгені немесе ескерту немесе ұсыныс ескерілмегені туралы мәліметтер

1

«Ақтөбе облысы әкімінің аппараты»

Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы Экологиялық кодекстің 68 бабының 9 тармағына сәйкес, «DMS Services» ЖШС, 13.07.2026 ж. №KZ36RYS01824196 белгіленіп отырған қызметі туралы өтініші бойынша қосымшаға сәйкес ескертулер мен ұсыныстарды жолдайды.

Сонымен бірге Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 68-бабының 6, 8 тармақтарына сәйкес жоғарыда көрсетілген   ықтимал әсерлер туралы есеп жобасы ресми   интернет-ресурстарда орналастырылғанын,   сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында ресми хабарлама тарату ұйымдастырылғанын хабарлайды.

1. Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 30 шілдедегі №280 бұйрығымен бекітілген экологиялық бағалауды ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес объектіні салу кезінде және көзделіп отырған қызметті іске асыру кезінде қоршаған ортаға және оның компоненттеріне әсер ету мәселелерін пысықтау қажет.

2. Қаралып отырған қызмет кезінде «Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, ескертуге, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге   қойылатын санитариялық - эпидемиологиялық   талаптар» санитариялық қағидаларын   басшылыққа алу қажет. ҚР ДСМ м.а. 25.12.2020ж. №ҚР ДСМ-331/2020 бұйрығының талаптары ескерілсін.

3. Қазақстан Республикасы Экологиялық Кодексінің 263-бабына сәйкес магистральдық құбырларға және басқа да желілік құрылыстарға бөлінген белдеулердегі қорғаныштық екпелерді Күзету, қорғау және пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар ескерілсін.

Негізгі жұмыс жобасында ескеру қажет.

 

2

«Шалқар ауданы әкімінің аппараты»

-

-

3

«Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Жайық-Каспий бассейндік инспекциясы»

        «Су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу жөніндегі Жайық-Каспий бассейндік су  инспекциясы» РММ  (бұдан әрі – Инспекция)  «DMS Services» ЖШС-ның – «12.09.2022 жылғы №5102-УВС келісімшартына сәйкес Арал-4 Жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді іздеу бойынша барлау жұмыстарының жобасына қосымша» туралы өтінішін қарап, өз ұсынысын жолдайды.

        «Су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу жөніндегі Жайық-Каспий бассейндік су инспекциясы» РММ Ақтөбе облысы бойынша экология департаментіне «DMS Services» ЖШС-ның – «12.09.2022 жылғы №5102-УВС келісімшартына сәйкес Арал-4 Жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді іздеу бойынша барлау жұмыстарының жобасына қосымша» жобасы бойынша есепке ескертулер мен ұсыныстар ұсына отырып, төмендегіні хабарлайды.

        Ұсынылған геологиялық бөлу контурының бұрыштық координаттарына сәйкес:

46°14′57,98483″ с.е., 57°38′32,54854″ ш.б.;

46°15′48,22405″ с.е., 57°41′05,67639″ ш.б.;

46°15′14,00997″ с.е., 57°44′55,84800″ ш.б.;

46°12′31,72769″ с.е., 57°48′26,53331″ ш.б.;

46°09′58,71212″ с.е., 57°45′18,38756″ ш.б.;

46°11′41,10724″ с.е., 57°42′17,45279″ ш.б.;

46°12′41,51586″ с.е., 57°43′02,42799″ ш.б.;

46°13′25,12922″ с.е., 57°42′52,37098″ ш.б.;

46°12′39,22219″ с.е., 57°40′40,92276″ ш.б.

АРД-1 барлау ұңғымасының орналасқан жері: 46°02′50,1″ с.е., 59°02′12,01″ ш.б.

Барлау ұңғымасының орналасқан жері: 45°49′10,6″ с.е., 59°27′16,7″ ш.б.

        Жобаланатын объектінің алаңынан Арал теңізі арнасына дейінгі қашықтық – 32,5 км.

        Сонымен қатар, ұсынылған өтінімге сәйкес Инспекция келесі ұсыныстарды енгізеді:

        1. Қазақстан Республикасы Су кодексінің 92-бабының 1-тармағына сәйкес, шаруашылық қызметі жер асты суларының жай-күйіне теріс әсер етуі мүмкін жеке және заңды тұлғалар жер асты суларына мониторинг жүргізуге, сондай-ақ су ресурстарының ластануының, сарқылуының және судың зиянды әсерінің алдын алу жөніндегі шараларды уақтылы қабылдауға міндетті.

        92-баптың 2-тармағына сәйкес, ауыз сумен жабдықтауға арналған қоры бекітілген жер асты су кен орындары мен учаскелерінде Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау және экологиялық заңнамасында белгіленген санитариялық қорғау аймақтарына қойылатын талаптар сақталуы тиіс.

        92-баптың 5-тармағына сәйкес, жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргізу кезінде жер асты суларын қорғау жөніндегі шараларды қабылдауға міндетті.

        Ауыз сумен жабдықтау үшін пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкін жер асты су кен орындары мен учаскелерінің шегінде жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргізуге, радиоактивті және химиялық қалдықтарды көмуге, қоқыс үйінділерін, зираттарды, мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды) және жер асты суларының жай-күйіне әсер ететін басқа да объектілерді орналастыруға тыйым салынады.

        2. Қазақстан Республикасы Су кодексінің 103-бабының 5-тармағына сәйкес, басқа сападағы суды пайдалану мүмкіндігі болған жағдайда ауыз суды өндірістік мақсаттарда пайдалануға жол берілмейді. Ерекше жағдайлар тек технологиялық процеспен көзделген ұйымдарға қатысты қолданылады.

        Табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары халықтың ауыз су және тұрмыстық қажеттіліктерін бірінші кезекте қамтамасыз ете отырып, өндірістік мақсаттарға ауыз суды уақытша пайдалануға рұқсат бере алады. Мұндай пайдаланудың мерзімдері бассейндік су инспекциясымен келісіледі.

        3. Су объектілерінің, сондай-ақ олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің аумағында құрылысқа байланысты немесе құрылысқа қатысы жоқ жоспарланып отырған қызметті Қазақстан Республикасы Су кодексінің 86-бабының талаптарына сәйкес белгіленген шектеулер мен тыйымдарды ескере отырып жүзеге асыру қажет.

        3.1. Су объектілерінде және су қорғау белдеулерінде бассейндік су инспекциясымен келісусіз құрылыс жұмыстарын, ауыл шаруашылығы жұмыстарын, ұңғымалар бұрғылауды, жерүсті су объектілерін сауықтыру жұмыстарын және өзге де жұмыстарды жүргізуге тыйым салынады.

        Су қорғау белдеулерінде кез келген шаруашылық қызметке, сондай-ақ жер учаскелерін шаруашылық немесе өзге де қызмет үшін беруге тыйым салынады. Ерекшелік ретінде су шаруашылығы және су алу құрылыстары, олардың коммуникациялары, көпірлер, айлақтар, порттар, пирстер және су көлігі инфрақұрылымының объектілері ғана қарастырылады.

        3.2. Су қорғау аймақтарында жерүсті су объектілерінің, су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануын және қоқыстануын болдырмайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және қайта жаңартылған объектілерді пайдалануға енгізуге, сондай-ақ жанармай құю станцияларын, мұнай өнімдерін сақтау қоймаларын, техникалық байқау, техникалық қызмет көрсету, жөндеу және автокөлік жуу пункттерін орналастыруға және салуға тыйым салынады.

        3.3. Су объектілері арқылы өтетін көлік немесе инженерлік коммуникациялар құрылысының жобаларында тасқын сулардың өтуін қамтамасыз ету, су объектілерінің пайдалану режимін сақтау, судың ластануын, қоқыстануын және сарқылуын болдырмау, сондай-ақ судың зиянды әсерінің алдын алу жөніндегі іс-шаралар көзделуі тиіс.

        4. Егер аумақта су қорғау аймақтары мен белдеулері белгіленбеген болса, онда жоспарланып отырған қызметті іске асыру туралы шешім олар белгіленгеннен кейін және осы хаттың 1-тармағында көрсетілген талаптарды ескере отырып қабылдануы тиіс.

        5. Жоспарланып отырған қызметті қамтамасыз ету үшін жерүсті және (немесе) жер асты су ресурстарын тікелей су объектісінен алып немесе алмай пайдалану Қазақстан Республикасы Су кодексінің 45-бабының талаптарына сәйкес арнайы су пайдалану рұқсаты болған жағдайда ғана жүзеге асырылуы тиіс.

Белгіленіп отырған қызмет туралы 8-тармақтың 2-тармақшасына сәйкес ескерілді.

(Ең жақын – Арал теңізі – 32,5 км)

4

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Тобыл-Торғай облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы»

        «DMS Services» ЖШС-ның – «12.09.2022 жылғы №5102-УВС келісімшартына сәйкес Арал-4 Жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді іздеу бойынша барлау жұмыстарының жобасына қосымша»   туралы өтінішін қарап, жұмыс жобасын жүзеге асыру барысында Қазақстан Республикасы «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» заңының 12, 17 баптарының талаптары сақталуы қажет екенін ескертеміз.

Негізгі жұмыс жобасында ескеру қажет.

5

«Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті»

Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Сіздің 2026 жылғы 13 шілдесіндегі №01-04-7/1359-И хатыңыз бойынша «DMS Services» ЖШС-ның – «12.09.2022 жылғы №5102-УВС келісімшартына сәйкес Арал-4 Жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді іздеу бойынша барлау жұмыстарының жобасына қосымша» өтінішіне сәйкес көзделіп отырған қызметі Департаменттің құзіретіне кірмейтіндігін хабарлайды.

-

6

«Ақтөбе облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы»

Ақтөбе облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы, «DMS Services» ЖШС-ның – «12.09.2022 жылғы №5102-УВС келісімшартына сәйкес Арал-4 Жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді іздеу бойынша барлау жұмыстарының жобасына қосымша» бойынша ұсынылған географиялық кординаттар ерекеше қорғалатын аумақ және орман қоры жерлерінен тыс аумақта орналасқандығын хабарлайды.

Аталған аймақ Ақтөбе облысы Байғанин ауданының аумағында орналасқан. Осы аудан аумағында аңшылық түрі болып табылатын  жабайы жануарлардың келесідей түрлері: қасқыр, қоян, түлкі, қарсақ, күзен, борсық, қабан және құстардан: Қазақстан Республикасы Қызыл кітабына енгізілген құстардың түрі: дала қыраны,  безгелдек, үкі және жорға дуадақ аталған ауданының аумағы мекендейтін ареалы болып есептеледі. Алайда жоспарланып отырған учаскеде жоғарда аталған жабайы жануарлардың, соның ішінде ҚР Қызыл кітабына енгізілген жануарлар туралы нақты мәлімет  жоқ екендігін хабарлайды.

Антропогендік әсерді болдырмау мақсатында автокөлік жолдарын далалық жерлерде мейлінше азайту, транспорттардың жолсыз жүруіне тиым салу және өндіріс жүргізілетін аумақта жабайы жануарлардың уланып қалу қаупін болдырмау үшін өндірістік, химиялық және тамақ қалдықтарын арнайы орындарда сақталуын міндеттеу.

Іздеу жұмыстарын жүргізу барысында, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 09 шілдесіндегі № 593 «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заңының 17 бабы талаптарының орындалуы және сақталуы қажет.

 

«Қазақ Орман орналастыру кәсіпорны»

Сіздің хатыңызға сәйкес кәсіпорын 2015 жылғы орман орналастырудың жоспарлы-картографиялық материалдары бойынша ұсынылған «DMS Services» ЖШС-ның  учаскесі Ақтөбе облысында орналасқан, мемлекеттік орман қоры мен заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерінен тыс жерде орналасқандығын мәлімдейді.

Жер тілемдер шекараларын құру кезінде бұрыштық нүктелердің координаттары градус минут секунд координаттар жүйесінен WGS 84 ондық координаттар жүйесіне қайта есептелді.

Қоса беріліп отырған картограммаға сәйкес «DMS Services» ЖШС-ның учаскесінің ораналасқан жері, орман қоры жерімен тыс орналасқан, сол себепті орналсқан орман иеленушісімен жерді келісу қажет.

Қаумалдарға, қорық аймақтарына, табиғат ескерткіштері мен қорғау аймақтарына қатысты «DMS Services» ЖШС учаскесінің орналасуы туралы ақпарат беру ЕҚТА мен қорғау аймақтарының шекаралары туралы өзекті ақпараттың жоқтығына байланысты беру мүмкін емес.

«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» ҚР Заңының 30.07.2021ж. №280 бұйрығының 17-бабына, 4-тармақшасына,29 тармағына сәйкес ескерілді.

7

«Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы»

«Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы» ММ өз құзыреті шегінде «DMS Services» ЖШС-ның – «12.09.2022 жылғы №5102-УВС келісімшартына сәйкес Арал-4 Жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді іздеу бойынша барлау жұмыстарының жобасына қосымша» туралы өтінішін қарастырып, ҚР Жер кодексінің 140-бабы нормаларының сақталуын қамтамасыз ету қажеттігі туралы хабарлайды, атап айтқанда: жер пайдаланушылар жердi құнарсызданудан және шөлейттенуден, су және жел эрозиясынан, селден, су басудан, батпақтанудан, қайталап сортаңданудан, құрғап кетуден, тапталудан, өндiрiс пен тұтыну қалдықтарымен, химиялық, биологиялық, радиоактивтi және басқа да зиянды заттармен ластанудан, басқа да бүлiну процестерiнен қорғауға; жерді карантинді объектілерді, бөтен текті түрлер мен аса қауіпті зиянды организмдерді жұқтырудан, олардың таралуынан, арамшөптердің, бұталардың және шіліктердің басып кетуінен, сондай-ақ жердің жай-күйінің нашарлауының өзге де түрлерінен қорғауға; бүлiнген жердi жаңғыртуға, оның құнарлылығын және жердiң басқа да пайдалы қасиеттерiн қалпына келтiру мен оны шаруашылық айналымына уақтылы тартуға; жердiң бүлiнуiмен байланысты жұмыстар жүргiзiлген кезде топырақтың құнарлы қабатын сыдырып алуға, сақтауға және пайдалануға бағытталған iс-шаралар жүргiзуге мiндеттi.

Негізгі жұмыс жобасында ескеру қажет.

8

«Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы»

«Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ, Қазақстан Республикасының 2021 жылғы                               2 қаңтардағы Экологиялық  кодекстің   68   бабының   9   тармағына     сәйкес, «DMS Services» ЖШС, 13.07.2026 ж. №KZ36RYS01824196 материалдарымен белгіленіп отырған қызметі туралы өтініші бойынша қосымшаға сәйкес ескертулер мен ұсыныстарды жолдайды.

Сонымен бірге Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 68-бабының 6, 8 тармақтарына сәйкес жоғарыда көрсетілген белгіленіп отырған қызметі туралы өтініші бойынша ресми интернет-ресурстарда орналастырылғанын, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында ресми хабарлама тарату ұйымдастырылғанын хабарлайды.

1.Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 30 шілдедегі № 280 бұйрығымен бекітілген экологиялық бағалауды ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес объектіні салу кезінде және көзделіп отырған қызметті іске асыру кезінде қоршаған ортаға және оның компоненттеріне әсер ету мәселелерін пысықтау қажет.

2. Қаралып отырған қызмет кезінде «Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, ескертуге, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық - эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын басшылыққа алу қажет. ҚР ДСМ м.а. 25.12.2020ж. №ҚР ДСМ-331/2020 бұйрығымен.

3. Қазақстан Республикасы Экологиялық Кодексінің 263-бабына сәйкес магистральдық құбырларға және басқа да желілік құрылыстарға бөлінген белдеулердегі қорғаныштық екпелерді Күзету, қорғау және пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар ескерілсін.

Негізгі жұмыс жобасында ескеру қажет.

9

«Ақтөбе облысы бойынша экология департаменті»

1. Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 30 шілдедегі № 280 бұйрығымен бекітілген экологиялық бағалауды ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес объектіні салу кезінде және көзделіп отырған қызметті іске асыру кезінде қоршаған ортаға және оның компоненттеріне әсер ету мәселелерін пысықтау қажет.

2. Кодекстің 4-қосымшасына сәйкес іс-шараларды енгізуді қарастыру.

3. Атмосфералық ауаның, су ресурстарының жай-күйіне мониторинг пен бақылауды ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар беру.

Негізгі жұмыс жобасында ескеру қажет.

Ескертулер мен ұсыныстар қоғамдық тарапынан келіп түскен жоқ.

Дата публикации
24 июля 2026
Дата обновления
24 июля 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
16 октября 2026
Бейнероликтер (мәслихаттар сайлауы 2026 жыл)
Пайдалы ақпарат
16 октября 2026
Аудиороликтер (2026 жыл мәслихаттар сайлауы)
Пайдалы ақпарат
16 октября 2026
Инфографикалар (2026 жыл маслихаттар сайлауы)

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы