Меню

Страницы

Статья

Шалқар учаскесінде жобалық тереңдігі 2200(±250м) Р - 1, Р-2 барлау ұңғымаларын салу "-" Shalqar Energy "ЖШС объектісі бойынша жоспарланған қызмет туралы өтініш бойынша хаттама

«Shalqar Energy» ЖШС-ның – «Шалқар учаскесінде жобалық тереңдігі 2200(±250м) Р-1, Р-2 барлау ұңғымаларын салу» көзделіп отырған қызметі туралы өтініші бойынша ұсыныстар мен ескертулердің жиынтық кестесі

 

Хаттама

Жиынтық кесте жасалған күні: 24.07.2026 ж.                  

Жиынтық кесте жасалған орын: Ақтөбе облысы бойынша ЭД Экологиялық реттеу және бақылау комитеті ҚР ЭТРМ

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның атауы: Ақтөбе облысы бойынша ЭД Экологиялық реттеу және бақылау комитеті ҚР ЭТРМ

Мүдделі мемлекеттік органдардың ескертулері мен ұсыныстарын жинау туралы хабарланған күн: 14.07.2026 ж.

Мүдделі мемлекеттік органдардың ескертулері мен ұсыныстарын беру мерзімі: 14.07.2026-24.07.2026 жж.

 

Мүдделі мемлекеттік органдардың ескертулері мен ұсыныстарын жинақтау:

№

Мүдделі мемлекеттік орган

Ескерту мен ұсыныстар

Ескерту немесе ұсыныс қалай ескерілгені немесе ескерту немесе ұсыныс ескерілмегені туралы мәліметтер

1

«Ақтөбе облысы әкімінің аппараты»

Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы Экологиялық кодекстің 68 бабының 9 тармағына сәйкес, «Shalqar Energy» ЖШС, 13.07.2026 ж. № KZ77RYS01825107 белгіленіп отырған қызметі туралы өтініші бойынша қосымшаға сәйкес ескертулер мен ұсыныстарды жолдайды.

Сонымен бірге Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 68-бабының 6, 8 тармақтарына сәйкес жоғарыда көрсетілген   ықтимал әсерлер туралы есеп жобасы ресми   интернет-ресурстарда орналастырылғанын,   сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында ресми хабарлама тарату ұйымдастырылғанын хабарлайды.

1. Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 30 шілдедегі №280 бұйрығымен бекітілген экологиялық бағалауды ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес объектіні салу кезінде және көзделіп отырған қызметті іске асыру кезінде қоршаған ортаға және оның компоненттеріне әсер ету мәселелерін пысықтау қажет.

2. Қаралып отырған қызмет кезінде «Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, ескертуге, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге   қойылатын санитариялық - эпидемиологиялық   талаптар» санитариялық қағидаларын   басшылыққа алу қажет. ҚР ДСМ м.а. 25.12.2020ж. №ҚР ДСМ-331/2020 бұйрығының талаптары ескерілсін.

3. Қазақстан Республикасы Экологиялық Кодексінің 263-бабына сәйкес магистральдық құбырларға және басқа да желілік құрылыстарға бөлінген белдеулердегі қорғаныштық екпелерді Күзету, қорғау және пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар ескерілсін.

Негізгі жұмыс жобасында ескеру қажет.

 

2

«Шалқар ауданы әкімінің аппараты»

-

-

3

«Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Жайық-Каспий бассейндік инспекциясы»

        «Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Жайық-Каспий бассейндік инспекциясы» РММ  (бұдан әрі-Инспекция)  «Shalqar Energy» ЖШС-ның – «Шалқар учаскесінде жобалық тереңдігі 2200(±250м) Р-1, Р-2 барлау ұңғымаларын салу» туралы өтінішін қарап, өз  ұсынысын жолдайды.

        «Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Жайық-Каспий бассейндік инспекциясы» РММ Ақтөбе облысы бойынша экология департаментіне «Shalqar Energy» ЖШС-ның «Шалқар учаскесінде жобалық тереңдігі 2200 (±250 м) Р-1, Р-2 барлау ұңғымаларын салу» жобасы бойынша есепке ескертулер мен ұсыныстар ұсына отырып, төмендегіні хабарлайды.

        Ұсынылған бұрыштық координаттарға сәйкес:

1 – 46°13′06.071″ с.е., 58°42′03.765″ ш.б.;

2 – 46°13′06.048″ с.е., 58°42′04.231″ ш.б.;

3 – 46°13′07.470″ с.е., 58°42′04.376″ ш.б.;

4 – 46°13′09.565″ с.е., 58°42′08.735″ ш.б.;

5 – 46°13′12.231″ с.е., 58°42′06.062″ ш.б.;

6 – 46°13′10.015″ с.е., 58°42′01.474″ ш.б.;

7 – 46°13′07.565″ с.е., 58°42′03.918″ ш.б.

объект су қорғау белдеуі мен су қорғау аймағынан тыс орналасқан.

        Сонымен қатар, ұсынылған өтінімге сәйкес Инспекция келесі ұсыныстарды енгізеді:

        1. Қазақстан Республикасы Су кодексінің 92-бабының 1-тармағына сәйкес, шаруашылық қызметі жер асты суларының жай-күйіне теріс әсер етуі мүмкін жеке және заңды тұлғалар жер асты суларына мониторинг жүргізуге, сондай-ақ су ресурстарының ластануының, сарқылуының және судың зиянды әсерінің алдын алу жөніндегі шараларды уақтылы қабылдауға міндетті.

        92-баптың 2-тармағына сәйкес, ауыз сумен жабдықтауға арналған қоры бекітілген жер асты су кен орындары мен учаскелерінде Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау және экологиялық заңнамасында белгіленген санитариялық қорғау аймақтарына қойылатын талаптар сақталуы тиіс.

        92-баптың 5-тармағына сәйкес, жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргізу кезінде жер асты суларын қорғау жөніндегі шараларды қабылдауға міндетті.

        Ауыз сумен жабдықтау үшін пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкін жер асты су кен орындары мен учаскелерінің шегінде жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргізуге, радиоактивті және химиялық қалдықтарды көмуге, қоқыс үйінділерін, зираттарды, мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды) және жер асты суларының жай-күйіне әсер ететін басқа да объектілерді орналастыруға тыйым салынады.

        2. Қазақстан Республикасы Су кодексінің 103-бабының 5-тармағына сәйкес, басқа сападағы суды пайдалану мүмкіндігі болған жағдайда ауыз суды өндірістік мақсаттарда пайдалануға жол берілмейді. Ерекше жағдайлар тек технологиялық процеспен көзделген ұйымдарға қатысты қолданылады.

        Табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары халықтың ауыз су және тұрмыстық қажеттіліктерін бірінші кезекте қамтамасыз ете отырып, өндірістік мақсаттарға ауыз суды уақытша пайдалануға рұқсат бере алады. Мұндай пайдаланудың мерзімдері бассейндік су инспекциясымен келісіледі.

        3. Су объектілерінің, сондай-ақ олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің аумағында құрылысқа байланысты немесе құрылысқа қатысы жоқ жоспарланып отырған қызметті Қазақстан Республикасы Су кодексінің 86-бабының талаптарына сәйкес белгіленген шектеулер мен тыйымдарды ескере отырып жүзеге асыру қажет.

        3.1. Су объектілерінде және су қорғау белдеулерінде бассейндік су инспекциясымен келісусіз құрылыс жұмыстарын, ауыл шаруашылығы жұмыстарын, ұңғымалар бұрғылауды, жерүсті су объектілерін сауықтыру жұмыстарын және өзге де жұмыстарды жүргізуге тыйым салынады.

        Су қорғау белдеулерінде кез келген шаруашылық қызметке, сондай-ақ жер учаскелерін шаруашылық немесе өзге де қызмет үшін беруге тыйым салынады. Ерекшелік ретінде су шаруашылығы және су алу құрылыстары, олардың коммуникациялары, көпірлер, айлақтар, порттар, пирстер және су көлігі инфрақұрылымының объектілері ғана қарастырылады.

        3.2. Су қорғау аймақтарында жерүсті су объектілерінің, су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануын және қоқыстануын болдырмайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және қайта жаңартылған объектілерді пайдалануға енгізуге, сондай-ақ жанармай құю станцияларын, мұнай өнімдерін сақтау қоймаларын, техникалық байқау, техникалық қызмет көрсету, жөндеу және автокөлік жуу пункттерін орналастыруға және салуға тыйым салынады.

        3.3. Су объектілері арқылы өтетін көлік немесе инженерлік коммуникациялар құрылысының жобаларында тасқын сулардың өтуін қамтамасыз ету, су объектілерінің пайдалану режимін сақтау, судың ластануын, қоқыстануын және сарқылуын болдырмау, сондай-ақ судың зиянды әсерінің алдын алу жөніндегі іс-шаралар көзделуі тиіс.

        4. Егер аумақта су қорғау аймақтары мен белдеулері белгіленбеген болса, онда жоспарланып отырған қызметті іске асыру туралы шешім олар белгіленгеннен кейін және осы хаттың 1-тармағында көрсетілген талаптарды ескере отырып қабылдануы тиіс.

        5. Жоспарланып отырған қызметті қамтамасыз ету үшін жерүсті және (немесе) жер асты су ресурстарын тікелей су объектісінен алып немесе алмай пайдалану Қазақстан Республикасы Су кодексінің 45-бабының талаптарына сәйкес арнайы су пайдалану рұқсаты болған жағдайда ғана жүзеге асырылуы тиіс.

Белгіленіп отырған қызмет туралы 8-тармақтың 2-тармақшасына сәйкес ескерілді.

(Ең жақын – Арал теңізі – 30 км)

 

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Тобыл-Торғай облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы»

        «Shalqar Energy» ЖШС-ның – «Шалқар учаскесінде жобалық тереңдігі 2200(±250м) Р-1, Р-2 барлау ұңғымаларын салу» туралы өтінішін қарап, жұмыс жобасын жүзеге асыру барысында Қазақстан Республикасы «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» заңының 12, 17 баптарының талаптары сақталуы қажет екенін ескертеміз.

Негізгі жұмыс жобасында ескеру қажет.

4

«Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті»

Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Сіздің  2026  жылғы 14 шілдесіндегі  №01-04-7/1366-И  хатыңыз  бойынша «Shalqar Energy» ЖШС-ның – «Шалқар учаскесінде жобалық тереңдігі 2200(±250м) Р-1, Р-2 барлау ұңғымаларын салу»  «СНПС-Актобемунайгаз» АҚ - өтінішіне сәйкес көзделіп отырған қызметі Департаменттің  құзіретіне  кірмейтіндігін  хабарлайды.

-

5

«Ақтөбе облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы»

-

-

6

«Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы»

«Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы» ММ өз құзыреті шегінде «Shalqar Energy» ЖШС-ның – «Шалқар учаскесінде жобалық тереңдігі 2200(±250м) Р-1, Р-2 барлау ұңғымаларын салу»  туралы өтінішін қарастырып, ҚР Жер кодексінің 140-бабы нормаларының сақталуын қамтамасыз ету қажеттігі туралы хабарлайды, атап айтқанда: жер пайдаланушылар жердi құнарсызданудан және шөлейттенуден, су және жел эрозиясынан, селден, су басудан, батпақтанудан, қайталап сортаңданудан, құрғап кетуден, тапталудан, өндiрiс пен тұтыну қалдықтарымен, химиялық, биологиялық, радиоактивтi және басқа да зиянды заттармен ластанудан, басқа да бүлiну процестерiнен қорғауға; жерді карантинді объектілерді, бөтен текті түрлер мен аса қауіпті зиянды организмдерді жұқтырудан, олардың таралуынан, арамшөптердің, бұталардың және шіліктердің басып кетуінен, сондай-ақ жердің жай-күйінің нашарлауының өзге де түрлерінен қорғауға; бүлiнген жердi жаңғыртуға, оның құнарлылығын және жердiң басқа да пайдалы қасиеттерiн қалпына келтiру мен оны шаруашылық айналымына уақтылы тартуға; жердiң бүлiнуiмен байланысты жұмыстар жүргiзiлген кезде топырақтың құнарлы қабатын сыдырып алуға, сақтауға және пайдалануға бағытталған iс-шаралар жүргiзуге мiндеттi.

Негізгі жұмыс жобасында ескеру қажет.

7

«Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы»

«Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ, Қазақстан Республикасының 2021 жылғы                               2 қаңтардағы Экологиялық  кодекстің   68   бабының   9   тармағына     сәйкес, «Shalqar Energy» ЖШС, 13.07.2026 ж. №KZ77RYS01825107 материалдарымен белгіленіп отырған қызметі туралы өтініші бойынша қосымшаға сәйкес ескертулер мен ұсыныстарды жолдайды.

Сонымен бірге Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 68-бабының 6, 8 тармақтарына сәйкес жоғарыда көрсетілген белгіленіп отырған қызметі туралы өтініші бойынша ресми интернет-ресурстарда орналастырылғанын, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында ресми хабарлама тарату ұйымдастырылғанын хабарлайды.

1.Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 30 шілдедегі № 280 бұйрығымен бекітілген экологиялық бағалауды ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес объектіні салу кезінде және көзделіп отырған қызметті іске асыру кезінде қоршаған ортаға және оның компоненттеріне әсер ету мәселелерін пысықтау қажет.

2. Қаралып отырған қызмет кезінде «Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, ескертуге, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық - эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын басшылыққа алу қажет. ҚР ДСМ м.а. 25.12.2020ж. №ҚР ДСМ-331/2020 бұйрығымен.

3. Қазақстан Республикасы Экологиялық Кодексінің 263-бабына сәйкес магистральдық құбырларға және басқа да желілік құрылыстарға бөлінген белдеулердегі қорғаныштық екпелерді Күзету, қорғау және пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар ескерілсін.

Негізгі жұмыс жобасында ескеру қажет.

8

«Ақтөбе облысы бойынша экология департаменті»

1. Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 30 шілдедегі № 280 бұйрығымен бекітілген экологиялық бағалауды ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес объектіні салу кезінде және көзделіп отырған қызметті іске асыру кезінде қоршаған ортаға және оның компоненттеріне әсер ету мәселелерін пысықтау қажет.

2. Кодекстің 4-қосымшасына сәйкес іс-шараларды енгізуді қарастыру.

3. Атмосфералық ауаның, су ресурстарының жай-күйіне мониторинг пен бақылауды ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар беру.

Негізгі жұмыс жобасында ескеру қажет.

Ескертулер мен ұсыныстар қоғамдық тарапынан келіп түскен жоқ.

Дата публикации
24 июля 2026
Дата обновления
24 июля 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
16 октября 2026
Бейнероликтер (мәслихаттар сайлауы 2026 жыл)
Пайдалы ақпарат
16 октября 2026
Аудиороликтер (2026 жыл мәслихаттар сайлауы)
Пайдалы ақпарат
16 октября 2026
Инфографикалар (2026 жыл маслихаттар сайлауы)

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы