№KZ96RYS01794404 «ТЕМІРЖОЛ ЖӨНДЕУ» ЖШС-ның – «Шалқар – Бейнеу теміржол учаскесінде автобұғаттау жүйесін салу үшін пайдаланылатын Қазақстан Республикасы Ақтөбе облысы Шалқар ауданында орналасқан «Шалқар» кен орнындағы құм және сазды жыныстарды өндіру карьері»туралы көзделіп отырған қызмет туралы өтінішке ұсыныстар мен ескертулердің хаттамасы
«ТЕМІРЖОЛ ЖӨНДЕУ» ЖШС-ның – «Шалқар – Бейнеу теміржол учаскесінде автобұғаттау жүйесін салу үшін пайдаланылатын Қазақстан Республикасы Ақтөбе облысы Шалқар ауданында орналасқан «Шалқар» кен орнындағы құм және сазды жыныстарды өндіру карьері» көзделіп отырған қызметі туралы өтініші бойынша ұсыныстар мен ескертулердің жиынтық кестесі
Хаттама
Жиынтық кесте жасалған күні: 16.07.2026 ж.
Жиынтық кесте жасалған орын: Ақтөбе облысы бойынша ЭД Экологиялық реттеу және бақылау комитеті ҚР ЭТРМ
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның атауы: Ақтөбе облысы бойынша ЭД Экологиялық реттеу және бақылау комитеті ҚР ЭТРМ
Мүдделі мемлекеттік органдардың ескертулері мен ұсыныстарын жинау туралы хабарланған күн: 24.06.2026 ж.
Мүдделі мемлекеттік органдардың ескертулері мен ұсыныстарын беру мерзімі: 24.06.2026-16.07.2026 жж.
Мүдделі мемлекеттік органдардың ескертулері мен ұсыныстарын жинақтау:
|
№ |
Мүдделі мемлекеттік орган |
Ескерту мен ұсыныстар |
Ескерту немесе ұсыныс қалай ескерілгені немесе ескерту немесе ұсыныс ескерілмегені туралы мәліметтер |
|
1 |
«Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» |
Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы Экологиялық кодекстің 68 бабының 9 тармағына сәйкес, «ТЕМІРЖОЛ ЖӨНДЕУ» ЖШС, 23.06.2026 ж. №KZ96RYS01794404 белгіленіп отырған қызметі туралы өтініші бойынша қосымшаға сәйкес ескертулер мен ұсыныстарды жолдайды. Сонымен бірге Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 68-бабының 6, 8 тармақтарына сәйкес жоғарыда көрсетілген ықтимал әсерлер туралы есеп жобасы ресми интернет-ресурстарда орналастырылғанын, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында ресми хабарлама тарату ұйымдастырылғанын хабарлайды. 1. Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 30 шілдедегі №280 бұйрығымен бекітілген экологиялық бағалауды ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес объектіні салу кезінде және көзделіп отырған қызметті іске асыру кезінде қоршаған ортаға және оның компоненттеріне әсер ету мәселелерін пысықтау қажет. 2. Қаралып отырған қызмет кезінде «Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, ескертуге, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық - эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын басшылыққа алу қажет. ҚР ДСМ м.а. 25.12.2020ж. №ҚР ДСМ-331/2020 бұйрығының талаптары ескерілсін. 3. Қазақстан Республикасы Экологиялық Кодексінің 263-бабына сәйкес магистральдық құбырларға және басқа да желілік құрылыстарға бөлінген белдеулердегі қорғаныштық екпелерді Күзету, қорғау және пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар ескерілсін. |
Негізгі жұмыс жобасында ескеру қажет.
|
|
2 |
«Шалқар ауданы әкімінің аппараты» |
- |
- |
|
3 |
«Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Жайық-Каспий бассейндік инспекциясы» |
Сонымен қатар, ұсынылған өтінімге сәйкес Инспекция келесі ұсыныстарды енгізеді: 1. Қазақстан Республикасы Су кодексінің 92-бабының 1-тармағына сәйкес, шаруашылық қызметі жер асты суларының жай-күйіне теріс әсер етуі мүмкін жеке және заңды тұлғалар жер асты суларына мониторинг жүргізуге, сондай-ақ су ресурстарының ластануының, сарқылуының және судың зиянды әсерінің алдын алу жөніндегі шараларды уақтылы қабылдауға міндетті. 92-баптың 2-тармағына сәйкес, ауыз сумен жабдықтауға арналған қоры бекітілген жер асты су кен орындары мен учаскелерінде Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау және экологиялық заңнамасында белгіленген санитариялық қорғау аймақтарына қойылатын талаптар сақталуы тиіс. 92-баптың 5-тармағына сәйкес, жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргізу кезінде жер асты суларын қорғау жөніндегі шараларды қабылдауға міндетті. Ауыз сумен жабдықтау үшін пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкін жер асты су кен орындары мен учаскелерінің шегінде жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргізуге, радиоактивті және химиялық қалдықтарды көмуге, қоқыс үйінділерін, зираттарды, мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды) және жер асты суларының жай-күйіне әсер ететін басқа да объектілерді орналастыруға тыйым салынады. 2. Қазақстан Республикасы Су кодексінің 103-бабының 5-тармағына сәйкес, басқа сападағы суды пайдалану мүмкіндігі болған жағдайда ауыз суды өндірістік мақсаттарда пайдалануға жол берілмейді. Ерекше жағдайлар тек технологиялық процеспен көзделген ұйымдарға қатысты қолданылады. Табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары халықтың ауыз су және тұрмыстық қажеттіліктерін бірінші кезекте қамтамасыз ете отырып, өндірістік мақсаттарға ауыз суды уақытша пайдалануға рұқсат бере алады. Мұндай пайдаланудың мерзімдері бассейндік су инспекциясымен келісіледі. 3. Су объектілерінің, сондай-ақ олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің аумағында құрылысқа байланысты немесе құрылысқа қатысы жоқ жоспарланып отырған қызметті Қазақстан Республикасы Су кодексінің 86-бабының талаптарына сәйкес белгіленген шектеулер мен тыйымдарды ескере отырып жүзеге асыру қажет. 3.1. Су объектілерінде және су қорғау белдеулерінде бассейндік су инспекциясымен келісусіз құрылыс жұмыстарын, ауыл шаруашылығы жұмыстарын, ұңғымалар бұрғылауды, жерүсті су объектілерін сауықтыру жұмыстарын және өзге де жұмыстарды жүргізуге тыйым салынады. Су қорғау белдеулерінде кез келген шаруашылық қызметке, сондай-ақ жер учаскелерін шаруашылық немесе өзге де қызмет үшін беруге тыйым салынады. Ерекшелік ретінде су шаруашылығы және су алу құрылыстары, олардың коммуникациялары, көпірлер, айлақтар, порттар, пирстер және су көлігі инфрақұрылымының объектілері ғана қарастырылады. 3.2. Су қорғау аймақтарында жерүсті су объектілерінің, су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануын және қоқыстануын болдырмайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және қайта жаңартылған объектілерді пайдалануға енгізуге, сондай-ақ жанармай құю станцияларын, мұнай өнімдерін сақтау қоймаларын, техникалық байқау, техникалық қызмет көрсету, жөндеу және автокөлік жуу пункттерін орналастыруға және салуға тыйым салынады. 3.3. Су объектілері арқылы өтетін көлік немесе инженерлік коммуникациялар құрылысының жобаларында тасқын сулардың өтуін қамтамасыз ету, су объектілерінің пайдалану режимін сақтау, судың ластануын, қоқыстануын және сарқылуын болдырмау, сондай-ақ судың зиянды әсерінің алдын алу жөніндегі іс-шаралар көзделуі тиіс. 4. Егер аумақта су қорғау аймақтары мен белдеулері белгіленбеген болса, онда жоспарланып отырған қызметті іске асыру туралы шешім олар белгіленгеннен кейін және осы хаттың 1-тармағында көрсетілген талаптарды ескере отырып қабылдануы тиіс. 5. Жоспарланып отырған қызметті қамтамасыз ету үшін жерүсті және (немесе) жер асты су ресурстарын тікелей су объектісінен алып немесе алмай пайдалану Қазақстан Республикасы Су кодексінің 45-бабының талаптарына сәйкес арнайы су пайдалану рұқсаты болған жағдайда ғана жүзеге асырылуы тиіс. |
Белгіленіп отырған қызмет туралы 8-тармақтың 2-тармақшасына сәйкес ескерілді. (Ең жақын – Шалқар көлі – 6 км) |
|
4 |
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Тобыл-Торғай облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» |
«ТЕМІРЖОЛ ЖӨНДЕУ» ЖШС-ның – «Шалқар – Бейнеу теміржол учаскесінде автобұғаттау жүйесін салу үшін пайдаланылатын Қазақстан Республикасы Ақтөбе облысы Шалқар ауданында орналасқан «Шалқар» кен орнындағы құм және сазды жыныстарды өндіру карьері» туралы өтінішін қарап, жұмыс жобасын жүзеге асыру барысында Қазақстан Республикасы «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» заңының 12, 17 баптарының талаптары сақталуы қажет екенін ескертеміз. |
Негізгі жұмыс жобасында ескеру қажет. |
|
5 |
«Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті» |
Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Сіздің 2026 жылғы 24 маусымындағы №01-04-7/1220-И хатыңыз бойынша «ТЕМІРЖОЛ ЖӨНДЕУ» ЖШС-ның – «Шалқар – Бейнеу теміржол учаскесінде автобұғаттау жүйесін салу үшін пайдаланылатын Қазақстан Республикасы Ақтөбе облысы Шалқар ауданында орналасқан «Шалқар» кен орнындағы құм және сазды жыныстарды өндіру карьері» өтінішіне белгіленіп отырған қызмет туралы жолданымына ескертпелер мен ұсыныстар жолдайды. «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» «ТЕМІРЖОЛ ЖӨНДЕУ» ЖШС жоспарланған іс-шараларды жүзеге асыру үшін халықтың санитариялық -эпидемиологиялық салауаттылығы саласында келесі рұқсаттарды алуы тиіс: - эпидемиялық маңызы жоғары объектінің сәйкестігі туралы санитариялық -эпидемиологиялық қорытынды, егер объектінің санитариялық-қорғау аймағының өлшемі 500 метрден жоғары болса (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-220/2020 бұйрығымен бекітілген «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын өнімдер мен эпидемиялық мәні бар объектілердің тізбесін бекіту туралы» 29) тармақшасы 3 тармағына сәйкес); - қоршаған ортаға, санитариялық қорғау аймақтарына зиянды заттар рұқсат етілген шығарындылары туралы нормативтік құжаттардың жобаларына санитариялық -эпидемиологиялық қорытынды; - Жаңа, жобаланатын және жұмыс істеп тұрған объектілер үшін санитариялық қорғау аймақтарының (бұдан әрі - СҚА) алдын ала (есептік) өлшемдері СҚА-ны белгілеу жөніндегі жобалау құжаттамасын әзірлей отырып, осы Санитариялық қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес белгіленеді. Халық денсаулығына зиянды әсері болмауы құжатпен расталған кезде атмосфераның ластануының жаңа көздерін немесе бар параметрлерінің өзгеруін есепке ала отырып, санитариялық-қорғаныш аймағының шекарасында гигиеналық нормалар сақталған жағдайда, жұмыс істеп тұрған өнеркәсіптік алаңдарда орналасқан жаңа өндірістер үшін (Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес іске асырылатын инвестициялық жобалар шеңберінде) СҚА-ны есептеу әдісімен белгілеуге жол беріледі (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы 2022 жылғы 11қаңтардағы № ҚР ДСМ-2 бұйрығымен бекітілген «Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері болып табылатын объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағиданың 9 тармағына сәйкес ). |
Негізгі жұмыс жобасында ескеру қажет. |
|
6 |
«Ақтөбе облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» |
Ақтөбе облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы, «ТЕМІРЖОЛ ЖӨНДЕУ» ЖШС-ның – «Шалқар – Бейнеу теміржол учаскесінде автобұғаттау жүйесін салу үшін пайдаланылатын Қазақстан Республикасы Ақтөбе облысы Шалқар ауданында орналасқан «Шалқар» кен орнындағы құм және сазды жыныстарды өндіру карьері» туралы өтінішін қарап, келесі мәліметтерді жолдайды. «Қазақ Орман орналастыру кәсіпорны» РМҚК-ның мәліметіне сәйкес, ұсынылған географиялық координаттары Ақтөбе облысының мемлекеттік орман қоры мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерімен шекаралас орналасқанын хабарлайды. Осыған орай, қoca бepiліп отырған картограммаға сәйкес мемлекеттік орман жерін «Үлкен-Борсық орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі» КММ-мен соңғы орман орналастыру сәтінен бастап болған шекаралардың өзгеру тұрғысынан келісу қажет. Жобалап отырған аймақ Ақтөбе облысы Шалқар ауданы аумағында орналасқан. Осы аудан аумағында аңшылық түрі болып табылатын жабайы жануарлардың келесідей түрлері: қасқыр, қоян, түлкі, қарсақ, күзен, борсық, қабан және құстардан: үйрек, қаз, қасқалдақ, шіл кездеседі және Қазақстан Республикасы Қызыл кітабына енгізілген құстардың түрі: дала қыраны, безгелдек, үкі, қарабауыр бұлдырық, қылқұйрық бұлдырық, бүркіт, ақбас тырна, ителгі аталған ауданының аумағы мекендейтін ареалы болып есептеледі, сонымен қатар, Қазақстан Республикасында аң аулауға тиым салынған Үстірт киік популяциясы жазғы мезгілде кездеседі. Жоспарланып отырған нақты учаскесінде Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген өсімдіктер мен жануарлар туралы нақты мәлімет жоқ екендігін хабарлайды. Өндірістік жұмыстарын жүргізу барысында, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 09 шілдесіндегі № 593 «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заңының 17 бабының талаптары орындалуы және сақталуы қажет. Сонымен қатар, ағаш кесу жоспарланса, құрылыс жұмыстарын жүргізу барысында, мемлекеттік орман қорының аумағынан тыс жерлерде жұмыс жүргізілгені, ағаштар мен бұталарды бұзу (кесу, шабу) мәселелері, жергілікті атқарушы органдармен келісілуі тиіс екенін хабарлаймыз. Бұл рәсім Ақтөбе облысының елді мекендерінің жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғау қағидаларымен реттеледі (Ақтөбе облыстық маслихатының 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 57 шешімі).
«Қазақ Орман орналастыру кәсіпорны» Сіздің хатыңызға сәйкес кәсіпорын 2015 жылғы орман орналастырудың жоспарлы-картографиялық материалдары бойынша ұсынылған «ТЕМІРЖОЛ ЖӨНДЕУ» ЖШС-ның учаскесі Ақтөбе облысында орналасқан, мемлекеттік орман қоры мен заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерінен тыс жерде орналасқандығын мәлімдейді. Жер тілемдер шекараларын құру кезінде бұрыштық нүктелердің координаттары градус минут секунд координаттар жүйесінен WGS 84 ондық координаттар жүйесіне қайта есептелді. Қоса беріліп отырған картограммаға сәйкес «ТЕМІРЖОЛ ЖӨНДЕУ» ЖШС-ның учаскесінің ораналасқан жері, орман қоры жерімен тыс орналасқан, сол себепті орналсқан орман иеленушісімен жерді келісу қажет. Қаумалдарға, қорық аймақтарына, табиғат ескерткіштері мен қорғау аймақтарына қатысты «ТЕМІРЖОЛ ЖӨНДЕУ» ЖШС учаскесінің орналасуы туралы ақпарат беру ЕҚТА мен қорғау аймақтарының шекаралары туралы өзекті ақпараттың жоқтығына байланысты беру мүмкін емес. |
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» ҚР Заңының 30.07.2021ж. №280 бұйрығының 17-бабына, 4-тармақшасына,29 тармағына сәйкес ескерілді. |
|
7 |
«Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы» |
«Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы» ММ өз құзыреті шегінде «ТЕМІРЖОЛ ЖӨНДЕУ» ЖШС-ның – «Шалқар – Бейнеу теміржол учаскесінде автобұғаттау жүйесін салу үшін пайдаланылатын Қазақстан Республикасы Ақтөбе облысы Шалқар ауданында орналасқан «Шалқар» кен орнындағы құм және сазды жыныстарды өндіру карьері» туралы өтінішін қарастырып, ҚР Жер кодексінің 140-бабы нормаларының сақталуын қамтамасыз ету қажеттігі туралы хабарлайды, атап айтқанда: жер пайдаланушылар жердi құнарсызданудан және шөлейттенуден, су және жел эрозиясынан, селден, су басудан, батпақтанудан, қайталап сортаңданудан, құрғап кетуден, тапталудан, өндiрiс пен тұтыну қалдықтарымен, химиялық, биологиялық, радиоактивтi және басқа да зиянды заттармен ластанудан, басқа да бүлiну процестерiнен қорғауға; жерді карантинді объектілерді, бөтен текті түрлер мен аса қауіпті зиянды организмдерді жұқтырудан, олардың таралуынан, арамшөптердің, бұталардың және шіліктердің басып кетуінен, сондай-ақ жердің жай-күйінің нашарлауының өзге де түрлерінен қорғауға; бүлiнген жердi жаңғыртуға, оның құнарлылығын және жердiң басқа да пайдалы қасиеттерiн қалпына келтiру мен оны шаруашылық айналымына уақтылы тартуға; жердiң бүлiнуiмен байланысты жұмыстар жүргiзiлген кезде топырақтың құнарлы қабатын сыдырып алуға, сақтауға және пайдалануға бағытталған iс-шаралар жүргiзуге мiндеттi. |
Негізгі жұмыс жобасында ескеру қажет. |
|
8 |
«Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» |
«Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ, Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы Экологиялық кодекстің 68 бабының 9 тармағына сәйкес, «ТЕМІРЖОЛ ЖӨНДЕУ» ЖШС, 23.06.2026 ж. №KZ96RYS01794404 материалдарымен белгіленіп отырған қызметі туралы өтініші бойынша қосымшаға сәйкес ескертулер мен ұсыныстарды жолдайды. Сонымен бірге Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 68-бабының 6, 8 тармақтарына сәйкес жоғарыда көрсетілген белгіленіп отырған қызметі туралы өтініші бойынша ресми интернет-ресурстарда орналастырылғанын, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында ресми хабарлама тарату ұйымдастырылғанын хабарлайды. 1.Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 30 шілдедегі № 280 бұйрығымен бекітілген экологиялық бағалауды ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес объектіні салу кезінде және көзделіп отырған қызметті іске асыру кезінде қоршаған ортаға және оның компоненттеріне әсер ету мәселелерін пысықтау қажет. 2. Қаралып отырған қызмет кезінде «Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, ескертуге, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық - эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын басшылыққа алу қажет. ҚР ДСМ м.а. 25.12.2020ж. №ҚР ДСМ-331/2020 бұйрығымен. 3. Қазақстан Республикасы Экологиялық Кодексінің 263-бабына сәйкес магистральдық құбырларға және басқа да желілік құрылыстарға бөлінген белдеулердегі қорғаныштық екпелерді Күзету, қорғау және пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар ескерілсін. |
Негізгі жұмыс жобасында ескеру қажет. |
|
9 |
«Ақтөбе облысы бойынша экология департаменті» |
1. Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 30 шілдедегі № 280 бұйрығымен бекітілген экологиялық бағалауды ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес объектіні салу кезінде және көзделіп отырған қызметті іске асыру кезінде қоршаған ортаға және оның компоненттеріне әсер ету мәселелерін пысықтау қажет. 2. Кодекстің 4-қосымшасына сәйкес іс-шараларды енгізуді қарастыру. 3. Атмосфералық ауаның, су ресурстарының жай-күйіне мониторинг пен бақылауды ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар беру. |
Негізгі жұмыс жобасында ескеру қажет. |
Ескертулер мен ұсыныстар қоғамдық тарапынан келіп түскен жоқ.