Қауылжыр ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 11 маусымдағы
№14 санды «Көшелерге атау беру туралы» шешіміне
толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4) тармағына сәйкес, тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2020 жылғы 22 қазандағы №2 қорытындысына және Ақтөбе облысы әкімдігінің 2019 жылғы 11 желтоқсандағы №490 және Ақтөбе облыстық мәслихатының 2019 жылғы 11 желтоқсандағы №479 «Ақтөбе облысының Алға, Ырғыз, Мәртөк, Мұғалжар және Шалқар аудандарының кейбір елді мекендерін тарату туралы», нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №6570 болып тіркелген бірлескен қаулысы және шешімі негізінде, Қауылжыр ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
кіріспесіндегі «№148» және «№4200» сандары алып тасталынсын;
2 тармақтың 4) тармақшасы келесідей жаңа редакцияда жазылсын:
«4) Әлихан Бөкейханов көшесі;»;
3, 4 тармақтар алып тасталынсын;
5 тармақ мынандай мазмұндағы 3), 4) және 5) тармақшаларымен толықтырылсын:
«3) Көкбек көшесі;»,
«4) Татыр көшесі;»,
«5) Бүйректөбе көшесі;».
.
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Шалқар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |