Қауылжыр ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 11 маусымдағы №14 санды «Көшелерге атау беру туралы» шешіміне толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы

Қауылжыр  ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 11 маусымдағы

№14 санды «Көшелерге атау беру туралы» шешіміне

толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4) тармағына сәйкес,  тиісті аумақ халқының пікірін  ескере отырып, Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2020 жылғы 22  қазандағы №2 қорытындысына және Ақтөбе облысы әкімдігінің 2019 жылғы 11 желтоқсандағы №490 және Ақтөбе облыстық мәслихатының 2019 жылғы 11 желтоқсандағы №479 «Ақтөбе облысының Алға, Ырғыз, Мәртөк, Мұғалжар және Шалқар аудандарының кейбір елді мекендерін тарату туралы», нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №6570 болып тіркелген  бірлескен қаулысы және шешімі негізінде, Қауылжыр ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қауылжыр ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 11 маусымдағы №14 санды «Көшелерге атау беру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3-13-113 тіркелген, 2009 жылғы 29 шілдеде аудандық «Шалқар» газетінде жарияланған) шешімінекелесідей толықтыру мен өзгерістер енгізілсін:

кіріспесіндегі «№148» және «№4200» сандары алып тасталынсын;

2 тармақтың 4) тармақшасы келесідей жаңа редакцияда жазылсын:

«4) Әлихан Бөкейханов көшесі;»;

3, 4 тармақтар алып тасталынсын;

5 тармақ  мынандай мазмұндағы 3), 4) және 5) тармақшаларымен толықтырылсын:

«3) Көкбек көшесі;»,

«4) Татыр көшесі;»,

«5) Бүйректөбе көшесі;».

         .

  1. «Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Қауылжыр ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Шалқар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 



Дата публикации
18 ноября 2020