Әйтеке би ауданы әкімдігі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне конкурс жариялайды

     

 

Әйтеке би ауданы әкімдігі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне

конкурс жариялайды

 

2003 жылғы 20 маусымдағы №442-ІІ ҚР Жер кодексінің 43, 43-1  баптарын(әрі қарай Кодекс), ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы №518 бұйрығынбасшылыққа ала отырып, Әйтеке би ауданының әкімдігі ауыл шаруашылығы мақсатына арналған жер учаскелерін жалға беруге конкурс жариялайды.

Конкурсқа қатысуға арналған өтінімде Жер кодексінің 43-1 бабының 9- тармағында көрсетілген мәліметтер қамтылуы тиіс.

 Конкурстық ұсыныста:

     1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны);

      2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту іс-шараларын орындау жөніндегі міндеттемелер;

      3) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 17 қаңтардағы № 7 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19893 болып тіркелген) бекітілген Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс..

Конкурстық ұсыныста өтінім беруші ұсынған міндеттемелер мен бизнес-жоспар шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартының ажырамас бөлігі болып табылады.

       Конкурстық ұсынысты, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, конкурсқа қатысушы беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін - қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін - бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.

Өтінімде және конкурстық ұсыныста қатысушыға грамматикалық және арифметикалық қателерді түзету қажет болған жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай кірістірмелер, өшірулер немесе қосып жазулар болмауы тиіс.

Конкурстық ұсыныстың жабық конвертінде "шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс" және " жылғы __________"_____ " дейін ашуға болмайды" (ашудың нақты күні көрсетіледі) деген сөздер жазылады.

            Кодекстің 43-1 бабының 9-тармағының талаптарына сәйкес келмейтін, шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінім қабылдамай тастауға жатады.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі өткізілетін конкурстарға жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалар тізілімінде тұрған тұлғалар, сондай-ақ кодекстің                        43-1 бабының 19-тармағының бесінші бөлігінде көрсетілген тұлғалар қатысуға құқылы емес.

Конкурсқа ұсынылып отырған жер учаскелерінің тізімі мен  конкурстың қағида талаптарын және жалға беру шартының үлгілерін «Әйтеке би аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» ММ-нен тікелей алуға болады. (байланыс телефоны:8(71339)21523

Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау,  конкурсты өткізу туралы хабарлама тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында және жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында алғаш рет жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күн өткен соң, ал конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау және тіркеу – өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде жүргізіледі және өтінімдерді беру мерзімі аяқталғанша қабылданады.

 Конкурстық өтінімдер 2026 жылдың 13 науырыз айынан 07 сәуір аралығында қабылданады. Конкурс 2026 жылдың 08 сәуірінде сағат 10:00 де әкімшілік ғимаратында өтеді.  Конкурс өткізу орны: Т.Жүргенов ауылы, Т.Жүргенов көшесі, №62 мекен жайда.

 

Конкурсқа шығарылған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің

 тізбесі

Лот

№

Жер алқабының
қысқаша сипаттамасы,  (орналасуы, аудан орталығынан  қашықтығы, топырақ құнарлығы, сумен қамтылуы, өңірдің мамандануы)

Көлемі,га

Жалға беру мерзімі, жыл

Лот 1

Жайылымдық жерлер, Ақтасты ауылдық округі аумағы, аудан орталығынан шамамен  133 км, топырақ бонитеті - 11,  Толыбай көлі бойы , мал шаруашылығын жүргізу

3000

10 жылдан
49 жылға дейін

Лот 2

Жайылымдық жерлер,  Ақкөл ауылдық округі аумағы, аудан орталығынан шамамен  46 км, топырақ бонитеті - 11,  сумен – қамтылмаған, мал шаруашылығын жүргізу

1500

10 жылдан
49 жылға дейін

Лот 3

Егістік жерлер,  Әйке ауылдық округі аумағы, аудан орталығынан шамамен 117 км, топырақ бонитеті – 30,  егін шаруашылығын жүргізу

300

10 жылдан
49 жылға дейін

Лот 4

Егістік жерлер, Әйке ауылдық округі аумағы, аудан орталығынан шамамен 106 км, топырақ бонитеті - 30,  егін шаруашылығын жүргізу

630

10 жылдан
49 жылға дейін

Лот 5

Егістік жерлер, Жамбыл ауылдық округі аумағы, аудан орталығынан шамамен 36 км, топырақ бонитеті - 30,   егін шаруашылығын жүргізу                 

200

10 жылдан
49 жылға дейін

Лот 6

Жайылымдық жерлер, Қарабұтақ ауылдық округі аумағы, аудан орталығынан шамамен 87 км, топырақ бонитеті - 11,  сумен қамтылмаған , мал шаруашылығын жүргізу

1300

10 жылдан
49 жылға дейін

Лот 7

Жайылымдық жерлер, Қарабұтақ ауылдық округі аумағы, аудан орталығынан шамамен 82 км, топырақ бонитеті - 11,  сумен қамтылмаған , мал шаруашылығын жүргізу

700

10 жылдан
49 жылға дейін

Лот 8

Жайылымдық жерлер, Құмқұдық ауылдық округі аумағы, аудан орталығынан шамамен 30 км, топырақ бонитеті - 15, сумен – қамтылмаған, мал шаруашылығын жүргізу

1000

10 жылдан
49 жылға дейін

Лот 9

Жайылымдық  жерлер, Құмқұдық ауылдық округі аумағы, аудан орталығынан шамамен 41 км, топырақ бонитеті - 15,  сумен – қамтылмаған, мал шаруашылығын жүргізу

400

10 жылдан
49 жылға дейін

Лот 10

Жайылымдық  жерлер, Қызылжұлдыз ауылдық округі аумағы, аудан орталығынан шамамен 24 км, топырақ бонитеті - 11,  сумен – қамтылмаған, мал шаруашылығын жүргізу

660

10 жылдан
49 жылға дейін

Лот 11

Жайылымдық жерлер, Тұмабұлақ ауылдық округі  аумағы, аудан орталығынан шамамен 123 км, топырақ бонитеті - 9, сумен – қамтылмаған, мал шаруашылығын жүргізу

860

10 жылдан
49 жылға дейін

Лот 12

Егістік жерлер, Темірбек Жүргенов ауылдық округі  аумағы, аудан орталығынан шамамен 18 км, топырақ бонитеті - 30,  егін шаруашылығын жүргізу

350

10 жылдан
49 жылға дейін

Лот 13

Егістік жерлер, Темірбек Жүргенов ауылдық округі аумағы, аудан орталығынан шамамен 18 км, топырақ бонитеті - 30,  егін шаруашылығын жүргізу

100

10 жылдан
49 жылға дейін

Лот 14

Жайылымдық жерлер, Қайрақты ауылдық округі аумағы, аудан орталығынан шамамен 111 км, топырақ бонитеті - 11,  сумен – қамтылмаған, мал шаруашылығын жүргізу

5000

10 жылдан
49 жылға дейін

Лот 15

Жайылымдық жерлер, Қайрақты ауылдық округі аумағы, аудан орталығынан шамамен 154 км, топырақ бонитеті - 11, сумен – қамтылмаған, мал шаруашылығын жүргізу

1600

10 жылдан
49 жылға дейін

Лот 16

Жайылымдық жерлер, Темірбек Жүргенов ауылдық округі аумағы, аудан орталығынан шамамен 22 км, топырақ бонитеті - 12, сумен – қамтылмаған, мал шаруашылығын жүргізу

800

10 жылдан
49 жылға дейін

 

Барлығы:

18400 га

 

 

 

 

конкурс хабарламасы
Дата публикации
18 февраля 2026