2020-2022 жылдарға арналған Шалқар аудандық бюджетін бекіту туралы

«Шалқар аудандық мәслихатының 2019 жылғы 25 желтоқсандағы №404 «2020-2022 жылдарға арналған Шалқар аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» шешімнің  жобасына

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

ҚР Бюджет кодексінің 109 бабының 1 тармағы негізінде Шалқар аудандық мәслихаты депутаттарының бастамасымен 2020 жылға арналған Шалқар аудандық бюджетіне өзгерістер енгізілмекші.

Жорғағы бюджеттерден бөлінген нысаналы трансферттердің көлемдері 204812,0 мың теңгеге кемітіліп отыр, оның ішінде  республикалық бюджеттен 203491,0 мың теңгеге, облыстық бюджеттен 1321,0 мың теңгеге.

Аудан бюджетінің кірістер жағында салықтық түсімдерде корпоративтік табыс салығы, мүлік салығы және акциз бойынша болжам орындалмауына байланысты, түсімдер жоспары 202629,0 мың теңгеге кемітілмекші.

Бюджеттің шығыстар жағында бұл сома жалпы білім беру мектептерін ұстауға бөлінген қаражаттан, отын сатып алудан, мектеп құрылысынан, әлеуметтік төлемдер бойынша үнемделген қаражаттардан кемітілмекші.

Бұл өзгерістерді енгізгенде кірістер 13957713,8 мың теңге, шығындар 14848032,4 мың теңге көлемінде бекітуге ұсынылып отыр.

Дата публикации
20 ноября 2020