ШАЛҚАР АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚАУЛЫСЫ

ШАЛҚАР  АУДАНДЫҚ  АУМАҚТЫҚ

САЙЛАУ  КОМИССИЯСЫНЫҢ  ҚАУЛЫСЫ

 

 

 

Шалқар аудандық мәслихатының № 9,  № 10 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша шығып қалған мәслихат депутаттарының орнына сайлауды тағайындау туралы

 

         «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының   14-бабының 2-3) тармақшасына, 101-бабының 1-тармағының                                               4) тармақшасына,  3-1 және 6-тармақтарына, 103-бабының 7-тармағына,                 104-бабының 8-тармағына  сәйкес Шалқар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

  1. № 9, № 10 сайлау округтері бойынша шығып қалған Шалқар аудандық мәслихаты депутаттарының орнына сайлау 2025 жылғы 26 қазанға тағайындалсын.
  2. Кандидаттарды ұсыну 27 тамызда басталып, 2025 жылдың 25 қыркүйегі күні жергілікті уақытпен 18.00 аяқталсын. Кандидаттарды тіркеу 27 тамызда басталып, 2025 жылдың 30 қыркүйегі күні жергілікті уақытпен 18.00 аяқталсын.
  3. Осы қаулыға берілген қосымшаға сәйкес 2025 жылдың 26 қазанына тағайындалған Шалқар аудандық мәслихатының шығып қалған депутаттарының орнына сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  4. Осы қаулы «Шалқар» газетінде жариялансын және сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.

 

 

 

 

Төраға                                                           Н. Бисеков

 

 

Хатшы                                                           Т. Жұбанов

           

 

 

 

 

 

 

 

Шалқар қаласы,

2025 жылғы 27 тамыз

№ 10

                                         

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
27 августа 2025