Хабар 2025 жылғы 13 шілдеде Ақтөбе облысы Шалқар ауданының Ақтоғай және Есет Көтібарұлы ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы өтті.

 

Хабар

 

2025 жылғы 13 шілдеде Ақтөбе облысы Шалқар  ауданының Ақтоғай  және Есет Көтібарұлы ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы өтті.

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, учаскелік сайлау комиссияларының Шалқар ауданының Ақтоғай ауылдық округі және Есет Көтібарұлы ауылдық округі әкімдерін сайлау нәтижелері туралы хаттамалары негізінде Шалқар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы сайлау қорытындысын шығарды:

 

Ақтоғай  сайлау округі

Ақтоғай  ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 437 азамат енгізілді, олардың - 289-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 0 , «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны – 0.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

          Омаров Асқар Амантайұлы  – 196

          Симбетов Медет Женсикбаевич  – 65

          Шукенов Мырзаш Романович – 28

 

  Омаров Асқар Амантайұлы, 1994 жылы дүниеге келген, «Шалқар аудандық ветеринарлық стансасы» МКК Ақтоғай ауылдық округі ветеринарлық пункт меңгерушісі, Ақтөбе  облысы, Шалқар ауданы, Ақтоғай ауылдық округі Қотыртас станциясының тұрғыны, өзін-өзі ұсынған, Ақтоғай ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

 

Есет Көтібарұлы сайлау округі

Есет Көтібарұлы  ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 403 азамат енгізілді, олардың 291 -і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 0 , «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны – 0.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

          Кенжалин Мирамгали Танатханович – 215

          Сапуанов Нұрлыбек Жұмажанұлы – 30

          Томанбаев Әсет Томанбайұлы – 46

 

  Кенжалин Мирамгали Танатханович 1980 жылы дүниеге келген, «Есет Көтібарұлы ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ әкімі, «Amanat» партиясынан  ұсынылған, Есет Көтібарұлы ауылдық округі, Байқадам ауылының тұрғыны.

 Есет Көтібарұлы   ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

 

Шалқар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
14 июля 2025