2025 жылдың І жартыжылдығында аудан әкімімен кездесулерде тұрғындар көтерген мәселелер мен ұсыныстарды іске асыру жөніндегі ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫНЫҢ орындалуы
2025 жылғы 03 шілдедегі жағдай бойынша
|
№ |
Іс-шараның атауы |
Орындалу жағдайы (шешу жолдары) |
Орындалу сатысы (орындалды / орындалуда) |
|
1. |
Шалқар қаласының Ә.Төлегенов көшесіне (Қазанғап пен Ә.Молдағұлова қиылыстары аралығына) қиыршық тас төгіп, тегістеу жұмыстарын жүргізу |
Мердігер: «Жалаугер» ЖШС. Төлегенов көшесіне Қазанғап көшесімен Алшын Қаражігіт би көшесі арасына қиыршық тас төселді. Алшын Қаражігіт би көшесімен Ә.Молдағұлова көшесі арасына сметалық құжаттама дайындалып, келесі аудандық маслихат сессиясына жолданатын болады. |
орындалуда |
|
2. |
Айшуақ ауылдық округі Бегімбет ауылының І.Үргенішбаев, Т.Басенов, Желтоқсан көшелеріне электр желісін жүргізу |
Айшуақ ауылдық округі Бегімбет ауылының І.Үргенішбаев, Т.Басенов, Желтоқсан көшелерін жарықтандыру бойынша сметалық құжаттар дайындалуда. |
орындалуда |
|
3. |
Айшуақ ауылдық округінің Есет ата ауылына балалар ойын алаңын орнату
|
Айшуақ ауылдық округінің Есет ата ауылына балалар ойын алаңын орнату бойынша сметалық құжаттар дайындалынып, қаржы бөлуге өтінім берілді. |
орындалуда |
|
4. |
Бершүгір ауылдық округі Бершүгір ауылының электр қуатын реттеу үшін трансформатор орнату |
Н.Тілендиев көшесі бойына трансформатор орнату үшін электр жүйесінің бағаналарын тарту жұмыстары жүргізілуде |
орындалуда |
|
5. |
Кішіқұм ауылдық округі Қарашоқат ауылындағы ауыз су колонкаларын ауыстыру |
Кішіқұм ауылдық округі Қарашоқат ауылындағы ауыз су колонкасына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, колонка маңайы қалпына келтірілді. Ағымдағы жылы колонканы ауыстыру жұмыстары жүргізілетін болады. |
орындалуда |