Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ХАБАРЫ

                              

Қазақстан Республикасы аудандық маңызы бар

қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер

әкімдерінің сайлауы

2025 жылғы 13 шілде

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

ХАБАРЫ

 

Шалқар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 38-бап,           2-тармақ және 18-бап, 5-тармаққа сәйкес, 2025 жылғы 13 шілдедегі Шалқар ауданының Ақтоғай және Есет Көтібарұлы ауылдық округтері әкімдерінің сайлауында осы округтегі сайлаушылардың дауыс беруі жергілікті уақыт бойынша сағат 7.00-де басталып 20.00-ге дейін төмендегі мекенжайларда орналасқан сайлау учаскелерінде өткізілетінін хабарлайды.

 

қ/с

Сайлау учаскелерінің нөмірі

Сайлау учаскелерінің орналасқан орны

және байланыс телефондары

Ақтоғай  ауылдық округі  бойынша

 

1

508

Қотыртас станциясы, Мектеп көшесі №6/1,

«Ақтөбе облысының білім басқармасы Шалқар ауданының

білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ақтоғай жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, 

телефон: 8 (713-35) 79-5-61.

Есет Көтібарұлы ауылдық округі  бойынша

2

500

Байқадам  ауылы, Есет Көтібарұлы көшесі №33,

«Ақтөбе облысының білім басқармасы Шалқар ауданының

білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қорғантұз жалпы

орта білім беретін мектебі» коммуналдық

мемлекеттік мекемесі,

телефон: 8 (713-59) 24-3-60.

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
03 июля 2025