Шалқар ауданы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 2024 жылға арналған есебіне талдамалық Анықтама

Шалқар ауданы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 2024 жылға арналған есебіне талдамалық

 Анықтама

 

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі        № 983 қаулысымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне (2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығы) ( 2020 жылғы 17 қазандағы № 390/НҚ бұйрығымен жаңа реестр жарияланды).  сәйкес, Шалқар аудандық жергілікті атқарушы органдары мен ведомстволық бағынысты мекемелермен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің 56 түрі көрсетіліп келді.

2024 жылдың қорытындысы бойынша Шалқар аудандық ЖАО-мен 3333 қызметтер көрсетілді.

Оның ішінде электрондық түрде көрсетілген жалпы  саны 3096, барлық қызмет түрлерінің үлесі 92,89% құрады.

2023 жылмен салыстырғанда 2024 жылы электрондық түрде қызмет көрсету үлесі 4,11%-ға артқандығын байқауға болады (2023 жыл– 88,78%)

Бұдан бөлек, аталған салыстырмаға сәйкес Мемкорпорация арқылы көрсетілген қызметтер саны 181 болып, үлесі - 5,43%-ға құрады. (2023 жыл – 9,36%) яғни электрондық форматтағы қызметтердің ұлғаюна байланысты, мемкорпорациядан көрсетілетін қызметтерге сұраныс азая бастаған

Қағаз нысанда көрсетілген қызметтер көрсетілмеген.

Баламалы түрде көрсетілген қызметтер саны 56 болып, үлесі  - 1,68%-ға құрады.

Облыс әкімдігімен 2024 жылға бекітілген бақылау шаралары жоспарларына сәйкес 2024 жылдың 1 тоқсанда аудандық ЖАО төрт мекемесіне бақылау шаралары жүргізілді. 2024 жылы ақпан айындағы көрсетілген қызметтерге ішкі бақылау қорытындысы бойынша заң бұзушылықтар саны 53 фактіні құрады (2023 жылы қаңтардағы бақылауда 43 факты болды).

 

 

 

 

 

2024 жылы есепті кезеңде  көрсетілген қызметтерді көрсету бойынша заң бұзушылықтар саны 53 фактіні құрады

№

Заң бұзушылықтар категориясы

2020

2021

2022

2023

2024

1

Құжаттардың толық топтамасы болмаған кезде мемлекеттік қызметті көрсету фактілері

11

35

0

18

0

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бекітілген стандартында көзделмеген құжаттарды талап ету фактілері

21

13

15

1

0

3

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін (бизнес-процесін) бұзу фактілері

10

21

0

16

46

4

Мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелсіз бас тарту фактілері

1

48

0

3

2

5

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманың өзге де талаптарының бұзылу фактілері

0

1

55

0

0

6

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімінің бұзылу фактілері

16

35

1

5

5

7

Заңмен тегін көрсетілетін қызметті ақылы көрсету фактілері

0

16

0

0

0

 

Барлығы

59

169

71

43

53

  • Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімінің бұзылу фактілері

         Жіберілген заңбұзушылықтар үшін  аудандағы тексеру субъектілерінің 5 жауапты қызметшілердің тәртіптік жауапкершіліктері қарастырылды (аудандық жер қатынастары бөлімінің бас маманы А.Жансепов, Қауылжыр ауылдық округі әкімінің аппаратының бас маманы А.Абдреймова, Ақтоғай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Е.Жантөрин, Кішіқұм ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы С.Ниязова, Бозой ауылдық округі әкімінің аппараты Б.Аязбаева) . 3 қызметші әкімшілік жауапкершілікке тартылып (Қауылжыр ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Е.Қазымов (ауылдық округ әкімінің міндетін уақытша атқарған кезінде) айып пұл төледі. Кішіқұм ауылдық округі әкімі Ж.Табынбеков және Бозой ауылдық округі бойынша әкімі Ж.Жұбаназаров әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 

        2) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін (бизнес-процесін) бұзу фактілері- 46

 

 «Қауылжыр ауылдықокругі әкімінің аппараты» ММ – 7 факт

(«Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу») өтініштерді «Е-Өтініш» АЖ арқылы қабылданған («Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы қабылданып, Әкімдікпен жер учаскесіне құқық беру жөніндегі комиссия қорытындысы туралы хабарлама жолданып, қызмет көрсетілген)

«Шалқар аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ- 39 факт

(Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту қызметі бойынша келіп түскен өтініштер уақытмен тіркелмеген анықталды)

 

3) Мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелсіз бас тарту фактілері - 2

«Шалқар ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-1 факт

(«Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу») жер учаскесі схемасы жалғанған жеке қосалқы шаруашылық үшін жазған өтінішіне, әкімдікпен «Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет арқылы көрсетіледі» деп, мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тарту берілгендігі анықталды

«Шалқар аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ- 1 факт

(Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту қызметі бойынша анықталды) «қосымша жалғанған жерге орналастыру жобасының көшірмесі басқа  азаматтың атында болуына байланысты» себебі көрсетіліп, негізсіз бас тарту берілгендігі анықталды

 

«Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Заңның 10-бабы 2-тармағына сәйкес, ЭЦҚ кілттері оларды заңды негізде иеленетін тұлғалардың меншігі болып табылады және кілттерді басқа тұлғаларға беруге болмайды. Алайда  ҚР Мемелекеттік қызмет істері Агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің қашықтан жүргізген мониторингісінде «Шалқар аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ-мен электрондық цифрлық қолтаңбаны қолданудағы заң бұзушылық орын алғаны анықталды

Қашықтықтан жүргізілген мониторинг нәтижесінде төмендегідей бұзушылықтар анықталды: 1. «Шалқар аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ-нің басшысы М.Симбетов Шалқар ауданы әкімінің 2024 жылғы 12 шілдедегі №182 өкіміне сәйкес 2024 жылғы 22 шілде мен 3 қыркүйек аралығында еңбек демалысында болғанына қарамастан, қашықтықтан мониторинг жүргізу барысында «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша Қ.Қ.Өмірзақтың 22.07.2024 жылғы № KZ93RBD02890087 өтінішіне М.Симбетовтың ЭЦҚ-сы қолданылғандығы және қол қою фактісі орын алғандығы анықталды.

Аталған заңбұзушылықтар бойынша тиісті шаралар қарастырылуда (бөлім басшыс М.Симбетов еңбек демалыс күндерін алып кетуіне орай қарастыру мерзімі созылды)

 

Жыл басынан 40 қызметкер біліктілігін арттыру курсынан өтті. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша жүргізілген түсіндірме іс-шараларының саны 31 шара  өтті. Ауылдық округтер ғимараттарында «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» арқылы  электронды түрде өтініштерін жіберіп, қызметтер алуда. Сонымен қатар, халыққа ақпарат беру үшін аудандық газетте 8 мақала жарияланды, аудандық бөлімдермен бірлесіп мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің ашық есік күндері 2 рет ұйымдастырылды.

Аудандық әкімдіктің ресми сайтында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер (https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar?lang=kk)  өзектендіріліп жаңарту жұмыстары жүргізілді.

Алдағы уақытта бекітілген іс –шараларға сәйкес жұмыстар жүргізілетін болады.

 

   

Шалқар аудан әкімі аппаратының

мемлекеттік қызметтер көрсету

мәселелерін үйлестіру

бөлімінің басшысы                                           Е.Айжарықов

Дата публикации
11 марта 2025