Отчет о государственных услугах по шалкарскому району на 2023 год

Шалқар ауданы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 2023 жылға арналған есебіне талдамалық

 Анықтама

 

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі        № 983 қаулысымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне (2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығы) ( 2020 жылғы 17 қазандағы № 390/НҚ бұйрығымен жаңа реестр жарияланды).  сәйкес, Шалқар аудандық жергілікті атқарушы органдары мен ведомстволық бағынысты мекемелермен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің 56 түрі көрсетіліп келді.

2023 жылдың қорытындысы бойынша Шалқар аудандық ЖАО-мен 6939 қызметтер көрсетілді.

Оның ішінде электрондық түрде көрсетілген жалпы  саны 6161, барлық қызмет түрлерінің үлесі 88,78% құрады.

2022 жылмен салыстырғанда 2023 жылы электрондық түрде қызмет көрсету үлесі 1,63%-ға артқандығын байқауға болады (2022 жыл– 87,15%)

Бұдан бөлек, аталған салыстырмаға сәйкес Мемкорпорация арқылы көрсетілген қызметтер саны 643 болып, үлесі - 9,26%-ға құрады. (2022 жыл 1321 – 9,63%) яғни электрондық форматтағы қызметтердің ұлғаюна байланысты, мемкорпорациядан көрсетілетін қызметтерге сұраныс азая бастаған

Қағаз нысанда көрсетілген қызметтер саны 20 болып, үлесі  - 0,32%-ға құрады.

 

Облыс әкімдігімен 2023 жылға бекітілген бақылау шаралары жоспарларына сәйкес 2023 жылдың 1 тоқсанда аудандық ЖАО төрт мекемесіне бақылау шаралары жүргізілді. 2023 жылы қаңтар айындағы көрсетілген қызметтерге ішкі бақылау қорытындысы бойынша заң бұзушылықтар саны 43 фактіні құрады( 2022 жылы қаңтардағы бақылауда 71 факты болды). 2 және 3 тоқсанда аудандық ЖАО төрт мекемесіне бақылау шаралары жүргізулер болмады.

 

 

 

 

 

2023 жылы көрсетілген қызметтерге ішкі бақылау қорытындысы бойынша заң бұзушылықтар саны 42 фактіні құрады

№

Заң бұзушылықтар категориясы

2020

2021

2022

2023

1

Құжаттардың толық топтамасы болмаған кезде мемлекеттік қызметті көрсету фактілері

11

35

0

18

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бекітілген стандартында көзделмеген құжаттарды талап ету фактілері

21

13

15

1

3

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін (бизнес-процесін) бұзу фактілері

10

21

0

16

4

Мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелсіз бас тарту фактілері

1

48

0

3

5

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманың өзге де талаптарының бұзылу фактілері

0

1

55

0

6

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімінің бұзылу фактілері

16

35

1

5

7

Заңмен тегін көрсетілетін қызметті ақылы көрсету фактілері

0

16

0

0

 

Барлығы

59

169

71

43

 

Бақылау шараларының қорытындыларына сәйкес  ұсынымдар бойынша іс-шара жоспары бекітілді. Жіберілген заңбұзушылықтар үшін  аудандағы тексеру субъектілерінің  жауапты қызметшілердің тәртіптік жауапкершіліктері қарастырылады.

Бағалау нәтижелеріндегі заң бұзушылықтардың келесі критериилер бойынша фактілер анықталды :

 

1) Құжаттардың толық топтамасы болмаған кезде мемлекеттік қызметті көрсету фактілері- 18

 

«Шалқар аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй –коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ- 9 факт (Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру, Құрылыс жобаларын әзірлеуде бастапқы материалдарды ұсыну қызметтері бойынша)

«Шалқар аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ- 5 факт (Жер уучаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту қызметі бойынша анықталды)

«Шалқар қаласы әкімінің аппараты» ММ – 4 факт (Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру, Жер учаскесін жеке меншікке ақысын төлеп не бөліп төлеуге сату" қызметтері боынша)

 

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бекітілген стандартында көзделмеген құжаттарды талап ету фактілері  - 1

«Шалқар қаласы әкімінің аппараты» ММ – 1 факт «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» қызметі бойынша азамат Е.Жанасовтан мүліктің жоқтығы (барлығы) туралы анықтама 04.10.22  алынған

 

3) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін (бизнес-процесін) бұзу фактілері- 16

 

«Шалқар аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ- 1 факт

«Шалқар қаласы әкімінің аппараты» ММ – 15 факт

(«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру», «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын төлеп не бөліп төлеуге сату», «Елді мекен шегінде обьектілер салу үшін жер учаскелерін беру» , «Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау қызметтері бойынша» )

 

4) Мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелсіз бас тарту фактілері - 3

 

«Шалқар аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ- 3 факт

(Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту қызметі бойынша анықталды)

 

5) Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімінің бұзылу фактілері- 5

«Шалқар аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ- 5 факт (Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту қызметі бойынша дәлелді бас тарту кешіктіріп берілгені анықталды).

Жыл басынан 14 қызметкер біліктілігін арттыру курсынан өтті. 2023 жылы 81 рет Шалқар ауданы жергілікті атқарушы органдарының ұйымдастыруымен мемлекеттік мекемелер инстаграмм парақшасында және жеке аккаунтында тікелей эфирде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі өткізілді.Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы тікелей эфир барысында 945 адам қатысты.

Аудандық әкімдіктің ресми сайтында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер (https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar?lang=kk)  өзектендіріліп жаңарту жұмыстары жүргізілді.

Алдағы уақытта бекітілген іс –шараларға сәйкес жұмыстар жүргізілетін болады.

 

   

Шалқар аудан әкімі аппаратының

мемлекеттік қызметтер көрсету

мәселелерін үйлестіру

бөлімінің басшысы                                           Е.Айжарықов

Дата публикации
11 марта 2025