Қауымдық сервитутін белгілеу туралы

 

Қауымдық сервитутін белгілеу туралы

 

 

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17,69 және 71-1 баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына сәйкес, Шалқар ауданының әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Шалқар ауданы, Бозой ауылдық округі аумағында орналасқан жалпы алаңы 154364 гектар жер учаскесіне жер пайдаланушылардан алып қоймай, «Bozoi Operating» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне геологиялық барлау жұмыстары үшін 2034 жылдың 1 қарашасына  дейінгі мерзімге  қауымдық  сервитуті  белгіленсін.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

 

Шалқар ауданының әкімі                                           Ж.Жидеханов

Дата публикации
18 февраля 2025