Жоба
Қауымдық сервитутін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17,69 және 71-1 баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына сәйкес, Шалқар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Шалқар ауданы, Мөңке би ауылдық округі аумағында орналасқан жалпы алаңы 4108 гектар жер учаскесіне жер пайдаланушылардан алып қоймай, «ҚАЗХРОМ» Трансұлттық компаниясы» акционерлік қоғамына геологиялық зерттеумен және барлау жұмыстары үшін 2029 жылдың 30 қазанына дейінгі мерзімге қауымдық сервитуті белгіленсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Шалқар ауданының әкімі Ж.Жидеханов