Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Бозой ауылдық округінің
сайланған әкімін тіркеу туралы Шалқар аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының
ХАБАРЛАМАСЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 113-11-бабының 1-тармағына, 45-бабына сәйкес, 2025 жылдың 2 ақпанда болған Шалқар ауданының Бозой ауылдық округі әкімі сайлауының қорытынды хаттамасы және 2025 жылғы 3 ақпандағы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының шешімі негізінде:
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Бозой ауылдық округінің әкімі болып Косманбетов Муратбек Бекниязович, 1985 жылы дүниеге келген, уақытша жұмыссыз, Бозой ауылының тұрғыны тіркелді.
«03» ақпан 2025 жыл