Хабар 2025 жылғы 2 ақпанда Ақтөбе облысы Шалқар ауданының Бозой ауылдық округінің әкімінің сайлауы өтті.

 

Хабар

 

2025 жылғы 2 ақпанда Ақтөбе облысы Шалқар  ауданының Бозой ауылдық округінің әкімінің сайлауы өтті.

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, учаскелік сайлау комиссияларының Шалқар ауданының Бозой ауылдық округінің әкімін сайлау нәтижелері туралы хаттамалары негізінде Шалқар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы сайлау қорытындысын шығарды:

 

 

Бозой  сайлау округі

Бозой  ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1635 азамат енгізілді, олардың 1195 -і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 8 , «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны – 7.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

          Беркимбаев Алтынбай Шинбергенович – 205

          Бүркіт  Еркебұлан  Серікұлы – 108

          Косманбетов Муратбек Бекниязович – 867

 

  Косманбетов Муратбек Бекниязович, 1985 жылы дүниеге келген, уақытша жұмыссыз, Ақтөбе  облысы, Шалқар ауданы, Бозой ауылы тұрғыны, өзін-өзі ұсынған, Бозой ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

 

 

Шалқар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
03 февраля 2025