Шалқар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы, Бозой ауылдық округі
әкіміне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы
ХАБАРЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5-бабына сәйкес Шалқар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Бозой ауылдық округі әкіміне келесі кандидаттарды тіркеді:
- Беркимбаев Алтынбай Шинбергенович, 1987 жылы дүниеге келген, «Шалқар аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ бөлім басшысы, Ақтөбе облысы Шалқар қаласы тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
- Бүркіт Еркебұлан Серікұлы, 1996 жылы дүниеге келген, «Шалқар аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ бөлім басшысының орынбасары, Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
- Косманбетов Муратбек Бекниязович, 1985 жылы дүниеге келген, уақытша жұмыссыз, Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Бозой ауылы тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.